Глава 2. Антикоррупционная культура:
механизмы
и
институты развития
Тәуелсіз және экономикалық ашық кәсіби БАҚ тұтастай сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады.
БАҚ-тың толыққанды қызметі үшін бұқаралық ақпарат саласындағы
құқықтық қатынастарды нормативтік реттеудің және БАҚ меншік
иелері арасында ашық қатынастар орнатудың маңызы зор. Сыбайлас
жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін
ашық талқылау қажет.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында
бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін
салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау
бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі
іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға
арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының
басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі
фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады.
Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады.
Бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер қоғамдық
топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері
мен заңсыз қызмет туралы ақпарат беруі, қазіргі проблемаларды
талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң
болып табылады. Құқық қорғау органдары мүмкіндігіне қарай мұндай
жарияланымдарға ден қояды және күрес жүргізеді, нақты лауазымды
адамдардың
ісін қарап, тексереді.
Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін
ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол
жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні
қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда
журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу мемлекеттік органдардың қоғамдық
ұйымдар мен азаматтардың ресми сұрау салуларына ғана емес
жарияланған және жан-жақты таратылған ақпаратқа да жауап беру
міндетін білдіреді. Ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі қызметте
шұғылдыққа, жалпы қол жетімділік пен ашықтыққа ықпал ететін
Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады.
Халықаралық сараптама комиссиясы еліміздің бұл бағыттағы
жұмысын оң бағалайды. БАҚ-та жарияланатын жыл сайынғы есептерде
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
саласында белгілі бір жұмыстар жүргізілетіні, озық әлемдік тәжірибеге
және БҰҰ Конвенциясының талаптарына негізделген сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары қабылданатыны
атап өтіледі (мысалы, заңсыз баю үшін жауапкершілік, активтерді
декларациялау, БАҚ-ты қолдау бойынша қосымша заңнамалық шаралар).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша
белгіленген міндеттердің іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізу
оң бағаланады. Мониторинг туралы есептер үнемі жарияланып отырады,
БАҚ-қа ашық баспада жариялау үшін материалдар ұсынылады.
61