Айдосов С. Б. Қыдырова Л.Қ. Әлеуметтану Қорлар Орталығы



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет7/23
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

16

                     




17

Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелер

Кейінгі   кезде  батыс   педагогтары  әлеуметтік   жұмысты   үлкен  мәселе   ретінде  жиі

көтеріп   жүр.   Әлеуметтік   педагогика   педагогиканың   бір   саласы   ретінде   әлеуметтік

факторлардың   тәрбие   мен   білімге   және   керісінше   педагогикалық   тәжірибенің   қоғам

дамуына   әсерін   қарастырады.   Педагогика   әлеуметтік   жұмысты   ұйымдастырудың   негізі

болғандықтан қоғам туралы, топтардағы адамдардың қарым-қатынасы туралы білім беру

жолдары   және   жеке   адамның  өзін  өзі   қорғауды   дамыту   жұмыстары   педагогикалық

әдістерді пайдалану арқылы шешіледі. Шет елде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың

басында әлеуметтік жұмыс кәсіптік әрекет ретінде қалыптаса бастады. 

Шетелдік тәжірибелер мен таныса келе төмендегідей әдістерді бөліп қарауға болады.

1. Тарихи әдіс – қайырымдылық істердің пайда болуы мен дамуын салыстыра

отырып,   кәсіптік   әлеуметтік   жұмыстың   қашан   пайда   болғанын   анықтауға   мүмкіндік

беретін әдіс.

2. Салыстырмалы әдіс – салыстыратын объектілерді бөліп қарауға мүмкіндік беретін әдіс.

Осы   әдістің   көмегімен   басқа   мемлекеттердің   қоғамдық   –   саяси   және   әлеуметтік   –

экономикалық дамуын салыстыруға болады.

3. Жүйелі талдау әдісі-шет елдік әлеуметтік жұмыспен бір тұтас жүйе ретінде (объектін,

субъектін,   мазмұнын,   құралдарын,   басқаруын,   функциялары   мен   мақсатын)   танысуға

мүмкіндік береді.

Шетелдік   тәжірибелермен   танысу   барысында   бұл   бағытта   ұйымдастырылатын

төмендегідей жұмыс формалары анықталды:

- халықаралық конференция;

- коллоквиум мен семинарлар;

- семинар;

- іс сапар;

- шет елдердегі әлеуметтік  оқу орындары мен әлеуметтік  қызмет орындарында қызмет

жасау және білім алу;

- бірге кітап, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, брошюра шығару.

Әлеуметтік   жұмыс   бірнеше   бағытта   балаларға   әлеуметтік   көмек   көрсететін

мекемелермен   үйлерінен   қашып   кетіп,   үйсіз   жүрген   балалармен,   әлеуметтік

қызметкерлердің   мектеппен   жұмысы   және   ақыл   –   есі   артта   қалған   балаларға

психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.

1.   Балаларға   әлеуметтік   көмек   көрсететін   мекемелердің   (жағдайы   нашар   отбасы

балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:

-   ата–аналарға   кәсіби   білім   беретін   және   жұмысқа   орналасу   үшін   көмек   көрсететін

арнаулы топтар;

- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға көмектесу;

- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет көрсету;

- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;

- балалар үйін құру және тексеру

- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;

- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;

- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын

жандандыру;

- ата – аналарғаүй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;

- жетім балаларды асырап алуға көмектесу;

- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.

2.   Ақыл   –   есі   артта   қалған   балаларға   психиатриялық   ауруханаларда   қызмет   көрсету

жұмысының мазмұнына:

- интернат – үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;

- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру жатады;

3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұнына:




18

- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар

- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;

- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;

- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс;

-   үйінен   қашқан   жас   балалар   үшін   ақысыз   «сенім   телефондарының»   қызмет   көрсетуі

жатады.

4. Әлеуметтік қызметкерлердің мектептегі жұмысының мазмұны:



- жеке топпен, отбасымен жұмыс;

- мектеп қызметкерлерімен және мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасау, профилактикалық

жұмыстар мен кеңестер беру;

- әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық мекемелерімен жұмыс ұйымдастыру;

-   ережелер   мен   заңдарды  өзгерту   қажет   болса   араласу,  мектепте   бұндай   жұмыстарды

ұйымдастыратын   қызметкерлердің   жеке   адамның   дамуы,   психотерапия   әдістемесі,

әлеуметтендіру саясаты, саяси ағым, әлеуметтік жұмысты ғылыми – зерттеу және бағалау

облысынан білімі болуы керек.

Енді кейбір мемлекеттерге жеке тоқтала кетейік:

ХІХ  ғасырда  Германияда  индустрияның  дамуына  байланысты,  халықтың

әлеуметтік  жағдайы  нашарлап,  мемлекет  тараптарынан  әлеуметтік  қамсыздандыруды

пайдалана  бастады.  Осы   кезде   әлеуметтік   жұмысты   жүргізуге   мамандар   қажет

болғандықтан,   1905   жылы   алғашқы   христиандық   әйелдер   мектебі   ашылды.   Кейінгі   4

жылда осындай 13 мектеп ашылып, буржуазиялық отбасының қыздары қайырымдылық

мекемелерінің   мамандары   етіп   даярланды.   1920   жылы   пруссиялық   халықты

қамсыздандыру министрлігінің қайта құрылуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерді

даярлау жұмысы мемлекет тарапынан реттелініп, 2- ші Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс

жасады.   ФРГ   –   да   әлеуметтік   жұмыс   пен   әлеуметтік   педагогиканы   бөлек   қарайды.

Әлеуметтік жұмысқа адамдарға көмектесу, күту, қамқор болу жатса, әлеуметтік педагогика

мектептен   тыс   уақытта   адамдарға   білім   беру   мен   оларды   тәрбиелеу   жұмысымен

айналысады. 

Швецарияда көптеген зерттеуші педагогтар тәрбие әдістері мен тәсілдерін ашқан.

1) Педагогикалық әсер ету – аталған әдісті пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысшылар

көмек көрсетіп отырған адамдар  өмірлерінде кездескен қиыншылықтарды  өз беттерінше

шешуге мүмкіндік беріп жағдай туғызады.

2) Психологиялық және практикалық тұрғыдан кешенді әсер ету. Әлеуметтік педагог пен

әлеуметтік қызметкер тәрбиеленушімен біріге отырып жұмыс жүргізеді.

3) Тәрбие әдістерін кешенді пайдалану арқылы тәрбиеленушінің әлеуметтік

проблемалары өз бетінше шешуге жағдай туғызады.



Финляндияда 9 жастан бастап міндетті білім беру жұмысы іске асырылады. Бұл жұмыс

жалпы білімнің негізі болып саналады. Міндетті білімнің мақсаты – жауапкершілігі бар,

шығармашыл,   толыққанды,   бейбітшіл   азамат  өсіріп,   тәрбиелеу.  Финляндиядағы   негізгі

принцп – бала тәрбиесі үшін әрбір отбасы жауапты. Мектеп ұжымы ата-аналардың білімін

к

ӛтеру   мақсатында   арнайы   жұмыс   жүргізбегенмен,   кейбір   жұмыс   түрлері



ұйымдастырылады:

- тоқсанына бір рет ата-аналармен әңгіме өткізу;

- лагерьдің жұмысына ата-аналарды қатастыру;

- жұмыс орындарына бару т.б.

Бастауыш сыныптарда және 7-9 сыныптарда әлеуметтік жұмыс жүргізетін студент –

практиканттар   болады.   Олар   1   жылдық   мұғалім   дайындайтын   курста   және   әлеуметтік

қызметкерлерді дайындайтын курста оқып білім алады. Қазіргі таңда педагогикалық білім

жоқ студенттерді оқытатын 5 жылдық университет жұмыс жасайды.



Австрия  дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, балалар мен көптеген отбасылар

өздігінен шеше алмайтын қиындықтарға кездеседі:

- кедейлік;



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау