Айдосов С. Б. Қыдырова Л.Қ. Әлеуметтану Қорлар Орталығы



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет5/23
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

11

жасайды(алкоголизм,   нашақорлық,   әлеуметтік   депрессия,   қаңғыбастық,   ауру,   өзін-өзі

қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының

күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін

(қарт   адаммен   жұмыс,   босқындармен,   әлеуметтік   риск   тобына   жататын   адамдармен

жұмыс)   Сонымен   қатар   ол   арнайы   жас   ерекшеліктері   бойынша   топтардың   (балалар,

жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының

(ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.

  

Әлеуметтік   қызметкер   мен   әлеуметтік   педагогтың   кәсіптік   қызметтерінің



жұмыстарының   түрі   мен   әдістемесі   бір-бірімен   қиылысып   жатқанымен   әр   маманның

өзіндік  айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі

әлеуметтік   педагогтың   жұмысымен   тығыз   байланысты,   тиісінше   әлеуметтік   педагог

жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді.

Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға   мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік –

қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы

буын.  Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы.

Әлеуметтік   педагог-сырттан   бақылаушы   емес,   ол   балалар   мен    ересектердің   бірлескен

қызметінің   тікелей   қатысушысы,   сонымен   қатар   –   бұл   қызметтің   жетекші

ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға

қиын   жағдайдан   шығу   жолын   іздеуге   оятуға   бағытталады,   адамдардың   проблемасын

өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те

болады, себебі ол жылдар бойы  баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік,

жалпы  адамзаттық   құндылықтардың   қалыптасуына   ықпал   етеді.   Сонымен   бірге   ол

әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге,

соған   сәйкес   мамандарға   көрінуіне   көмектеседі.   әлеуметтік   педагог  әрқашан   өзінің

клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.

Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:

а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;

ә) Баланың  тұлғалық  қасиеттерін  зертейтін,  оның   физикалық,  рухани  және әлеуметтік

дамуын,   мінез-құлқының  қалыпты   және  ауытқушылығын   зерттейтін   жас  ерекшеліктері

психологиясын білумен.

б) Адамдардың бірлестіктері және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-

құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.

Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:

а)   коммуникативтік   құзырлығы   жоғары   болуы   тиіс   (латын   тілінен   аударғанда

«байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда

қарым-қатынасқа   мән   беремін   деген   мағынаны   білдіреді.)   әлеуметтік   педагогтың

коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен

көрінеді.

ә)   эмпатикалық   құзырлығы-басқа   адамның   эмоционалдық   жағдайын   түсіну,   оның

уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.

Бұл жерде әлеуметтік педагогтың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның

эмоциялық  жағдайын   сезімін,   қиын  шақтарын  түсіне  алу  қабілеті  туралы   айтып  отыр.




12

Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі

көрінеді.   Сонымен   қатар   әлеуметтік   педагог   оқушыға   ересек   адам   оны   көріп,   тыңдап

түсінетіні   жайлы   білдіре   алуы   тиіс.   Бұл   түсініктің   өзіне   алдағы   іс   әрекетті   болжау,

айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау

мүмкіндігіне   жол   ашады.   Тек   осы   жағдайда   тәрбиеленушінің   сеніміне,   педагогикалық

қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.

Бойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құзырлығы-проблеманы шешудің бір емес,

бірнеше   жолын   таба  білу   қабілеті.   Себебі   әлеуметтік   педагог   баланың   және

жасөспірімдердің   тобына   және   қиын   балалармен   олардың   ата-аналарымен   қарым-

қатынасының   өзгермелі   жағдайларына   тез   бейімделуі   қажет  сонымен   қатар  әлеуметтік

педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты

қарым-қатынас   құралын,   түрін,әдістерін   өзгертіп   отыруы   қажет.   Баламалы   әр   түрлі

байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлкен

маңызға   ие   болады,  себебі   кез-келген   әлеуметтік   педагогкалық   шешуі   ол   тұлғаға

бағытталған   процес   болғандықтан   әлеуметтік   педагогика   дайын   шаблондардын,

рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті

оңтайландыра   алуы   кәсіптік   міндеттерді   шешуде   үлкен   рөл   атқарады.   Әлеуметтік

педагогпен   байланыста   болатын   әрбір   баланың   ашылмай   жүрген   шығармашылық

мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті  баланың осы мүмкіндігінің

ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.

Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:

Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік

педагог қызметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзара  түсінушілігі,

өзара  көмек,   өзара  жауапкершілік   жолы.   Әлеуметтік   педагогтың   кәсіптік   –тұлғалық

жарамдылығын анықтайтын сапа:

а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын

көрсете алу.

ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.

б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста

өзімен - өзі болу.

в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта

білу.

г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.



д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның

жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.



Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып

көрелік.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау