Айдосов С. Б. Қыдырова Л.Қ. Әлеуметтану Қорлар Орталығы



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19465
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


1

Айдосов С.Б.       Қыдырова  Л.Қ.

Әлеуметтану Қорлар  Орталығы

©

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы

Балалар үйінің балаларын әлеуметтендіру

Білім беру ұйымдарының  қызметкерлеріне арналған әдістемелік

құрал

Әдістемелік құралдың басылуы   «Бота»  қоғамдық  қорының  қаржылық



қолдауымен басылымға шығарылды

2013



2

ББК 67.409

А36

Айдосов Серік Баймендеұлы – Әлеуметтік Қорлар Орталығының атқарушы  

директоры

Қыдырова  Ләззат Құрманбекқызы- Әлеуметтік Қорлар Орталығының жоба 

тренері

Айдосов С.Б., Қыдырова Л.Қ.



А36  «Балалар үйінің балаларын әлеуметтендіру»-Шымкент, 2013-65 бет

Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып,

әлемдік   өркениетке   ұмтылған   қоғамда   танымдық   қызығушылығы,   біліктілігі   жоғары,   белсенді   азамат

тәрбиелеу талабы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде.Жеке тұлғаны қалыптастыру

мақсаты   тәрбиелік   процестің   тұтастығын   тұрақтандыруға   назар   аударады.   Осыған   орай,   тәрбиеші   мен

тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті,яғни ынтымақтастығы деуге

болады.Осыған   орай     «Әлеуметтану   қорлар   орталығы»   мекемесі     әлеуметтік   педагогикаға   көмегін   атап

айтқанда ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру негіздері бойынша   әлеуметтік

педагогтарға көмекші құрал ретінде  ұсынып отыр.Бұл оқу құралы қоғамның әлеуметтік проблемаларының

педагогикалық аспектілерін игеру мақсатын көздейді.Әлеуметтік педагогика   оның ішнде   ата анасының

қамқорлығынсыз   қалған   балаларды   әлеуметтендіруді     оқып   үйрену   барысында     әлеуметтік   педагог

төмендегі  біліктер мен  дағдыларды  меңгеруі  керек:- әлеуметтік  – педагогикалық  тәжірибенің теориялық

қолданбалы   проблемаларын   ұғыну   және   аналитикалық   баға   беру;-әлеуметтік   педагогикалық   іс-әрекеттің

міндеттерін  семья,  әр  жастағыбалалар  сияқты түрлі  категориялармен  жүзеге асырудың  тиімді  жолдарын

негіздеуі;-сәйкес   технологияны   таңдап   алу   үшін   семьяны,   мектепті,   қиын   балаларды,жас   өспірімдерді,

формальді емес бірлестіктерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды;

Осыған орай  «Әлеуметтану қорлар орталығы» мекемесі  әлеуметтік педагогикаға көмегін атап айтқанда ата

анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру негіздері бойынша   әлеуметтік педагогтарға

көмекші құрал ретінде  ұсынып отыр.

ББК 67.409

©Айдосов С.Б., Қыдырова Л.Қ.2013

© Әлеуметтік Қорлар Орталығы, 2013

                                            



Әлеуметтану Қорлар Орталығы

Әлімбетова, 203-8  Шымкент қ, 160008 Қазақстан 

тел/факс: (7252) 565924, 579617   E-mail: 

serik1@rambler.ru

  Website: www.ukosrc.org

Website: www.ukosrc.org




3

Тақырыбы: «Балалар үйінің балаларын әлеуметтендіру»

Оқытуды   демократияландыру,   ізгілендіру   арқылы   экономикалық,   әлеуметтік

өзгерістерге   бейімделе   отырып,   әлемдік   өркениетке   ұмтылған   қоғамда   танымдық

қызығушылығы,   біліктілігі   жоғары,   белсенді   азамат   тәрбиелеу   талабы   бүгінгі   таңдағы

білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде.

Жеке   тұлғаны   қалыптастыру   мақсаты   тәрбиелік   процестің   тұтастығын

тұрақтандыруға  назар аударады. Осыған  орай, тәрбиеші  мен тәрбиеленушілердің  ортақ

мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.

Осыған орай   «Әлеуметтану қорлар орталығы» мекемесі   әлеуметтік педагогикаға

көмегін атап айтқанда ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру

негіздері бойынша  әлеуметтік педагогтарға көмекші құрал ретінде  ұсынып отыр.

Бұл   оқу   құралы   қоғамның   әлеуметтік   проблемаларының   педагогикалық

аспектілерін игеру мақсатын көздейді. Әлеуметтік педагогика  оның ішнде  ата анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруді  оқып үйрену барысында  әлеуметтік

педагог  төмендегі біліктер мен дағдыларды меңгеруі керек:

- әлеуметтік – педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы

проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;

-әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін семья, әр жастағы

балалар сияқты түрлі категориялармен жүзеге асырудың тиімді жолдарын

негіздеуі;

-сәйкес технологияны таңдап алу үшін семьяны, мектепті, қиын балаларды,

жас өспірімдерді, формальді емес бірлестіктерін әлеуметтік педагогикалық

зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды.

Тәрбие және жеке тұлғалы әлеуметтендіру

Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен

қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде

әр   түрлі   әлеуметтік   бірліктердің   (топтар,   институт,  үйымдар)   түрлеріне   интеграциялау,

одақтың   қауымдастыру.   Әлеуметтендіру   —   мәдени   элементтерді   түсіндіру,   әлеуметтік

мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни

оның   мүшелері   қоғамның   маңызды   салаларын   білу,  өндірістік   қызметке   қатысу,  берік

үйелмен,   заңды   басшылыққа   алатын   азамат   болуы   қажет.  Адамдардың   мінезі   –   құлқы

әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес,

суьектісі   болған   жағдайда   ғана   әлеуметтенеді.   Әлеуметтендіру   қоғам   талаптарын   жеке

тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік

мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру»

термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын

«қоғамдастырудан»   басталды.   Әлеуметтендірудің   адамға   тәуелдендірген   автор

американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы»

кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи

мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.

Түлғаның   әлеуметтік   даму   барысында   қоғамда   адам   өзін   тұлға   ретінде   сезінеді.   Бұл

тәрбие,   білім   және   өзін-өзі   тәрбиелеу   жағдайында,   адам   өздігінен   алдына   мақсаттар

белгілеп,   оған   жетуде   өзінің   бедел-сезімін   түсінеді,   қоғамдағы   өз   орнына   сенімді.

Әлеуметтендіру   —   тұлғаның   белгілі   бір   бейнесін   дәріптейді,   оның   негізгі   белгілері:

адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б.

көрінеді.   «Адамның   адам   болып   калыптасуы   жалғыздықта   өмір   сүрмейді,   бірліктердің

арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда

тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап




жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау