4
қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады:
тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі
және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары
батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның
орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет,
сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына
ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің
қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік
бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса,
«барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен
реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның
әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі.
Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және
әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың
барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі
адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру
жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға
бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай
қалыптастырады.Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының
қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған дәлел жастардың
осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсынуы, берік отбасын құруға біртіндеп
дағдылануы және т.б. әрекеттерге қызығушылық танытып, ынтамен дағдылануға
талпынуы бола алады. Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана
емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік талап қояды. Осы
тұста Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру процесін қарастыра отырып, әлеуметтендірудің
бастамасы қоғамға байланысты, әсіресе, ол әлеуметтендірудің субъектісі болып табылады
дейді. Сондықтан ол адамды дәл өзінің талаптарына сай тәрбиелеуді қажет етеді.
«Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм
мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп,
педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен
қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.
Адам өзiнiң дамуы мен қалыптасуы барысында бiртiндеп толыққанды қоғамның мүшесі
болады. Өйткені, олар қоғамның объектісі ғана емес, маңызды субъектісіне айнала
бастайды. Қарым-қатынас процестерінің жиынтығы қоғам мен жеке әлеуметтік
индивидтің қалыптасуына алып келеді Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі
үш топтың міндеттері төмендегідей анықталған: 1. Мәдени-жаратылыстану міндеті - бұл
дене және жыныстық дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады;
2. Әлеуметтік-мәдени міндеті - танымдық, адамгершілік-моральдық, құндылық
қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән болуымен сипатталады. Бұл міндеттер
қоғамда тұтас және адамды қоршаған этногумандық ерекшеліктермен айқындалады.
Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті: а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы
тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады; ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі
көрген-білгенінен тұрады. 3. Әлеуметтік-психологиялық міндеті - жеке адамның өзін-өзі
танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы
анықталады. Бұл да адамның әр жас кезеңінде әртүрлi жүзеге асырылып отырады.
Мысалы, мектеп қабырғасында жүргенде балалардың өз құрдастары арасында тіл
табысуы, өз жоспарларын жүзеге асыруы, содан кейiн ойындағы қалап жүрген оқуына
түсуі, оны ойдағыдай бітіруі және т.б. Бұлар өздігінен жүзеге асыру болып саналады.
5
Өздігінен іске асыру әртүрлі формада көрінеді яғни олар әлеуметтік құнды, әлеуметтiк
пайдалы, әлеуметтiк тұрғыда өте қолайлы, сондай-ақ әлеуметтік және антиәлеуметтік
болуы мүмкін. Өзіне-өзі сеніммен қарау - өздігінен жүзеге асырған жұмысының
нәтижесінен рахаттану сезімі немесе қанағаттану сезімінің қалыптасуымен айқындалады.
Тіпті, кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесінің
адамның ішкі сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады.
Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы адам қоғамға өзін бейімдеп отыра
алғанда ғана болады. Ал егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға
сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болады. Мысалы: казіргі
уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде жақсы маман иелерi
болған. Бірақ бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына байланысты, яғни қоғам
талаптарына сай өз мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына
айналып отыр. Сонымен қатар адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін.
Мысалы, ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар, медициналық
қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және т.б. да баланың қалыптасуында оның
әлеуметтену құрбаны екендігін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық,
рухани соққы алу, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтiк ауытқуға алып
келедi. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен
шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың тілінің дұрыс
дамымауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал
қарым-қатынасы бала дамуында яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды.
Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, субъектісі де және
құрбаны да болады екен. Соның ішінде, әсіресе, мақсатты бағытталған тәрбие процесінің
мәні зор. Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі
принциптерін бiрiздi де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады.
Қоғамның қай кезеңінде болсын тұлғаны өзі өмір сүріп отырған қоғамына лайықты азамат
етіп тәрбиелеу, қоғамның адам тәрбиесіне қоятын талаптарын қанағаттандыру мәселесі
күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта біз ерте кездердегі бабаларымыздың тәрбие
тәжірибелерінде әлеуметтендіру мәселесінің қалай қойылып келгендігіне назар аударып
көрейік.
Ғұламалардың бірі әл-Фараби араб халифатында ертеден қалыптасқан дәстүр
бойынша мемлекет басқаруға лайық, білім-парасаты мен мінез-құлқы барынша кемел
азаматтың болуы сол қоғамдағы тәрбиенің ең бірінші міндеті деп қарастырады. Бұл - сол
қоғамның өркениеті үшін қажетті тұлғаның моделі ретінде сипатталды. Олай болса, ғалым
ғұлама пікірінше, әрбір отбасында тәрбие алатын азаматтың бойында болашақ мемлекет
басшысы, әміршісі ретінде болуға тиісті сапалар қалыптастырылуы керек деп біліп, қоғам
талап етіп отырған қасиеттерді қалыптастыруды ұсынады. Ғұлама осы тұста өзінің
«Философиялық-әлеуметтік трактатында» мынадай тұжырымдар мен қағидалар ұсынады:
«Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам өз бойына туа біткен мынадай он екі қасиетті
ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді.
Олар: - адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері
атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек,
сонда егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір істі істемек болса, ол
мұны оп-оңай атқаратын болады;
- жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің
ойындағысындай және істің жай-жапсарына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
- өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,
бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;
- әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын
іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт;
- өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болуы
шарт;