Айдосов С. Б. Қыдырова Л.Қ. Әлеуметтану Қорлар Орталығы



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет4/23
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

8

Әлеуметтік   қатынаста   депривациялық   фактор   әлеуметтік   жіктелудің   күннен   күнге

тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.

          Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және

жетім   балалар   санының   көбейіп   отырғандығын   айтсақ   болады.   Бұл   проблема   барлық

мемлекеттерде бар мәселе. Бірақ та  тірі ата-анасы  бар кезде және олар мемлекет үшін

товарға   айналып   отырған   кезде   жаңа   көрініс-әлеуметтік   жетімдердің   көбею   қаупі

туындауда.

      Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын

өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін

қалыптастырмай   отыратындығында.   Мемлекет   пен   сол   елдің   азаматының   арасындағы

қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.

       Қазақстан   қоғамының   жоспарлы   экономикадан   нарықтық,   тоталитарлық   жүйеден

демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың

соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың

әлеуметтік проблемалары халық арасындағы ерекше әлеуметтік демографикалық тобының

өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары.   Бұл проблеманы шешу

үшін өскелең ұрпақтың және оны  әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес,

мемлекет пен қоғам  тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.

        Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде

өзіндік,   спецификалық   көріністерге   ие   болған,   ол   қоғамның   әлеуметтік-саяси

құрылымының   ерекшелігін   көрсететін.   1990   жылдың   басына   дейін   ол   функцияны

комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы

ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес  Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық,

басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институты  тоқырауға ұшырады.

Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді.

1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі

жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің  материалдық базасына үлкен зиян

тигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын

іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі

де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.

     Жастар   санасында   өзекті   дүние-өмірлік   проблемаларының   алуан   түрлілігі   болып

саналады. Елімізде 500 оқушыға жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде төмендегі жағдайлар

анықталды.



Оқушылардың аса маңызды өмірлік проблемаларының рейтингісі

Рейтинг

Өмірлік проблемалары

Бұл проблемаларды

маңызды деп санаған

адам саны

Респонденттердің

жалпы санының

1.

Мектептегі үлгерімі



250

50

2.



Жеке қолданыстағы ақшасының

жетіспеушілігі

184

37



9

3.

Ата-анасымен қарым-қатынасы



134

27

4.



Достарының және жақын

адамының болмауы

134

27

5.



Оқушы мен мұғалім арасындағы

конфликт


94

20

6.



Құрдастарымен қарым-

қатынасындағы проблемалар

84

17

7.



Бос уақытын өткізудегі

проблемалар

34

7

8.



Басқа проблемалар

15

3



       Мәліметтерді  талдай келе  бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға

бейімделуі   күрделі   процесс   екендігін   байқауға   болады.   Бұл   қиындық   алдымен   өз

болашағы  үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен  тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы

болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушының прроблемаларының көзі мектеп болып отыр.

Мектеп-оқушының біршама бөлігі үшін әлеуметтік бейімделіне жағдай жасай алмай отыр.

Бұл жерде проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде  болып отырған жоқ, мектеп-

баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр.

       Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам

мүддесі   үшін   инновациялық  қызметі   үшін   жағдай   жасалынуы   тиіс.   Соған   байланысты

тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.

        Әлеуметтік  қорғау – жас ұрпақтың тұлғалық дамуы  мен қалыптасуына  әлеуметтік

факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып,   ол   әсерлерді жоюға жолын іздеуге,

олардың   өзін-өзі   анықтауына,   өмірді   өз   орнын   таба   білуге   бағытталған   мемлекеттің

мақсатты   қызметі.   Әлеуметтік   қорғау-бұл   әлеуметтік   –   экономикалық,   құқықтық

категория  ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.

  Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:

1. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау

2. Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау

3. Адам құқығын қорғау

4. Мақсатты әлеуметтік қорғау




10

ІІ Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру

Білім   беру   мекемелерінде   әлеуметтік   педагог   мамандығының   енгізілуі,  бүгінгі

таңдағы   оқушылардың   қоғамға,   әлеуметтік   ортаға   бейімделуі,   әлеуметтенудегі

қиыншылықтар   оның   тұлғалық   қасиеттерін   зерттеуге   зерттеу   нәтижесінде   түзету

жұмыстарын  жүргізуге,  өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге  ықпал  ету қажеттігінен

туындап   отыр.   Әлеуметтік   педагог   балалардың   әлеуметтік   тәрбиесін   ұйымдастырушы

және  әлеуметтану  процесінің  жоспарлы   және   мақсатты   түрде   өтуіне  жағдай  жасайтын

маман.


  

«Тұлға-отбасы-қоғам»   жүйесінің   өзара   әрекеттесу   жүйесінің   үйлестірушісі   бола

отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер

етеді.   Әлеуметтік   педагог   жұмысының   негізгі   қызметінің   бірі   оқушының   ұтымды

әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер

ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес,   сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами

проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын

адамдар. Осындай   жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам

мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.

  

Елімізде  әлеуметтік   жұмыстың   кәсіптік  деңгейге   көтерілуі-маңызды   мәселе.   Бұл



мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті

проблемаларының  шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.

  

Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде



қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік

орта  мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік  педагогтар  білім беру мекемелерінде

қолайлы орта құруға, оқушының, педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік

орта мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.

Балларды   әлеуметтік   –   педагогикалық   қолдау   –   баламен   бірге   оның   өзіндік

көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүруге кері

ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі 

тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету  және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына

көмектесу.

  

Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді.



Оның қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы,

бала   мен   тұрғылықты   жеріндегі   жақын   ортасының   арасындағы   қарым-қатынасын

зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен

жұмыс  жасайды.

  

Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы 



бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік

қолдау.


  

Әлеуметтік   педагог   біріншіден,   мүмкіндігінше   проблеманың   алдын-алуға

тырысады,   проблеманы   тудыратын   себептерді   анықтай   және   уақытында   оны   жойып

отыру, адам бойындағы  олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-

алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік

қызметкер   проблеманың   алдын-алумен   емес,   проблеманың   өзімен   жұмыс




жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау