65
құқықтық әлеуметтік, ден бітімі, психикалық, педагогикалық, моралдық және материялық
қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
Әлеуметтік қатерлі (қауіпті) жағдайдағы отбасы - кәмелетке жасы толмаған баланың
тәрбиесіне, біліміне, оны бағып қағуына байланысты қатыгездікпен қарайтын отбасы.
Әлеуметтік құндылықтар - тұлғаның қоғамдық маңыздылығы, әлеуметтік қауымдастық
қоғамының материялдық, әлеуметтік объектілері, адамның рухани іс-әрекеті мен оның
нәтижелері.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу топтар мен жеке тұлғаның өзара қарым-
қатынасын оңтайландыру, олардың қызметтік мақсаттарын, құнды бағдарларын
жақындату, көп дәстүрімен жеке индивидтік нормаларды меңгеру арқылы оның ролдік
құрылымдыққа енуі.
Әлеуметтік педагогика - тәлім-тәрбие мекемелерінде, сондай-ақ негізгі міндеті тәрбиелік
емес басқа да әр түрлі ұйымдарда барлық жастағы және әлеуметтік санаттардағы
адамдардың әлеуметтік тәрбиеленуін зерттейтін педагогика саласы.
Әлеуметтік–педагогикалық іс-әрекет – баланы қорғауға бағытталған педагогикалық іс-
әрекет.бұл іс-әрекет баланың отбасымен, мектеппен, қоғамен қатынасын реттеуге, оқуына,
тіршілікке бейімделуіне көмектесуді көздейді.
Әлеуметтік –педагогикалық кешен – оқу-тәрбие мекемелерінің, әлеуметтік қауымдар
мен бірлестіктердің өзара байланысты салмақты жүйесі. Дарынды, науқас жетім, кемтар,
т.б балалар тәрбиесінің тұтастығын көздесек, құқықтық экономикалық қорғау мен
әлеуметтік сауықтыру шалараларын жүзеге асырады.
Әлеуметтік стреотип-әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б) қоғамда
қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік стреотип идивидтің жеке
тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір
ретінде ақпарат танымдылығы жағдайында қалыптасады.
Әлеуметтік өлшем әдісі – шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін
енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүдесін
анықтау.
Әлеуметтік–психологиялық – құзырлық индивидтің тұлғааралық қатынастар жүйесінде
өзін қоршаған адамдармен бірлесіп әрекет ете білу қабілеті. Әлеуметтік психологиялық –
құзырлық құрамы әлеуметтік жағдайларда бағдар тұта білу, басқа адамдардың жеке
тұлғалық ерекшеліктері мен эмоциялық ахуалын дұрыс айқындау, олармен болатын
қарым-қатынасқа бара бар тәсілдерді таңдап алу және мұны бірлесіп әрекет ету үстінде
жүзеге асыру.
Әлеуметтік – этностық қарым-қатынастық – ұлтаралық әлеуметтік қарым-қатынастардың
көрнісі, оны ұлттық сана сезімнің, ұлттық мақтаныштың көрнісі деуге болады.
Әлеуметтік–педагогикалық профилактика - балалар мінез-құлығында жағымсыз
сипаттағы әлеуметтік ауытқушылықтарды болдыратын негізгі себеп пен шартардың алдын
– алу немесе жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-тәрбиелік іс-шаралар.
66
Әлеуметтік оқыту - мақсатты бағыталған жүйе және балаларда әлеуметтік дағды-
машықтарды қалыптастыру мен әлеуметтік білімді берудің нәтижесі.
Әлеуметтік тәрбие – баланың жемісті әлеуметтендірілуіне қажет тұлғалық қасиеттерін
қалыптастырудың мақсатты бағыталған жүйесі.
Бағдарлау (ориентация) – алдағы әрекетің бағытын, мөлшерін сезім және ойжүгірту
арқылы анықтау. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет баланы қорғауға бағытталған
педагогикалық іс-әрекет.бұл іс-әрекет баланың отбасымен, мектеппен, қоғаммен,
қатынасын реттеуге, оқуына тіршілікке бейімделуіне көмектесуді көздейді.
Бейімделу - адам ағзасының сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу
қабілеттілігі.Бейімделу-физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық
әлеуметтік бейімделуі болып бөлінеді.
Вандализм - қоғамға қарсы мінез-құлықтың бір түрі: материялдық құндылықтарды бұзу
немесе қирату.
Виктимология - педагогика, психология, социология, кримонология түйіндемесіндегі
білім саласы, әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбандары болған әр түрлі
адамдар категорияларын зерттейді. Оларға: мүгедектер, жетім балалар, ата-ана
қамқорлығынан айырылған, жағдайларға байланысты панасыз және қараусыз қалған
балалар, эканомикалық деңгейі төмен, бейморальдық және криминогендік ахуалдағы
жағдайсыз отбасыларының балалары жатады.
Гендер - қазіргі кездегі ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастықпен
айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік ролдерін т.б. талдаған кезде қолданылатын
термин.
Девиация - ауытқушылық, қайсыбір нормадан ауытқу. Термин мінез-құлықтағы, қарым-
қатынастағы, статистикалық ауытқуларды белгілеу үшін қолданылады.
Деликт - құқықтық норманы бұзатын іс-әрекет.
Делинквет - ауытқыма мінез-құлық өзінің үшқары көріністерінде қылмыстық
жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.
Дезадаптация – субъектінің жеткілікті шамада және ұзақ уақыт ағымында кейбір негізгі
(өңірлік) психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қиындататын осындай өмірлік
жағдайлардың нәтижесінде пайда болған психологиялық күй.
Жеке тұлғалық - тұлғаның ықпалдастық қасиеті, оның қайталанбайтын жеке психикалық
ерекшеліктерінің жиынтығы.
Индивид – жекелей табиғи тіршілік иесі, даралық белгілердің иесі ретіндегі адам: адамзат
қауымдастығының жеке бір өкілі.
Идентификация – ұқсас, бірдей деп санау – бір нәрсені, біреуді тану, бір нәрсемен,
біреумен ұқсастыру, теңдестіру.
67
Кәсіптік бағдарлау - оқушылардың жеке бейімділігін қабілеттерін және қоғамдық
қажеттіліктерін есепке ала отырып, дер кезінде еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен
таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі.
Қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін,олардың
мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын
әлеуметтік құбылыс.
Қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ
педагогтардың, тәрбиешілердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге
асыруға міндетті басқа да оқыту, және бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы
салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған
кәмелетке толмаған бала.
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие - бұл «адам-адам» қатынастары желісінде жүргізілетін
тәрбие,яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған
қоғамдық мекемелер (қайрымдылық қорлары, ұйымдар, қоғамдар бірлестігі т.б.)
тарапынан болатын істер.
Қоршаған орта – адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық
табиғи, қоғамдық, материялдық және рухани жағдайлар. Адамның әлеуметтік ортасы-
отбасы, достары, өндірістік,оқу және т.б. ұжымдар мен топтар қамтылады.
Маргинализация – бұл «тұрақсыздық», «аралық», яғни түрлі әлеуметтік
паталогиялардың таратылуы.
Мінез - жеке адамның ортамен өзара әрекет етуіне іске асырылатын іс-әрекеттер
жиынтығы.
Мінездің патологиялық қалыптасуы – тәрбие кемшіліктері, созылмалы жүйкеге
жарақат салатын жағдайдың ықпалымен баланың мінезінің жағымсыз өзгеруі.
Оңалту – қайта қалпына келтіру, аномалды баланы әлеуметтік ортаға енгізуге
бағытталған, медициналық-педагогикалық шаралар жүйесі, оның психофизикалық
мүмкіндіктері деңгейінде тіршілік және әрекет етуге қатыстыру.
Өмірде қиын жағдайға душар болған балалар – қалыптасқан жағдайлардың
салдарынан тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе
отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар.
Панасыз қалған балалар – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала.
Профилактика – адамның дене, психикалық және жанының ауыруынан алдын алуға,
денсаулығын сақтауы мен өмірін ұзартуға арналған іс-шаралар жүйесі.
Реабилитация - адамның құқын, мәртебесін, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған
кешенді, кезеңі бойынша әрекеттер жүйесі. Аталған жүйе ауытқушылықтың
профилактикасы мен түзету аспектілерін біріктіреді.
68
Сауалнама - сұрақтар арқылы мәліметтер жинау. Сауалнама әлеуметтану, психология,
педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қорлданылады. Сауалнама
әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.
Сыйысымдылық – тұлғалық ерекшеліктердің ұтымды қатынасы, адамдардың
психикалық қасиеттерінің талапқа сай қарым-қатынас пен іс-әрекеттке оңтайлануы.
Социометрия – шағын топтағы тұлғааралық қарым-қатынастардың ерекшелігін зерттеу
әдісі. Социометриядағы негізгі тәсілі – арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере
отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері
социограммаға немесе социометрияға енгізіледі.
Сыртқа орта – тұлғаның, әлеуметтік қауымының дамуындағы әлеуметтік және
физикалық жағдайының жиынтығы.
Стресс - кез-келген күшті әсерден пайда болатын психофизиалогиялық күй.
Субъект – болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ,
белсенділікті жеткізуші.
Суицид – жан дүниесі қатты күйзелген күйде не психикалық аурудың ықпалымен адам
жасайтын өзі-өзін өлтіру жағдайы.
Тұлғаның әлеуметтенуі – тұлғаның индивидуалдық әлеуметтік ортаға кіру процесі, оның
тәжірибелік және теориялық әрекеттегі дағдыларды меңгеруі, шынайы қарым-
қатынастардың тұлғаның қасиетіне айналуы.
Тұлғаның әлеуметтену – қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін
әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зертейтін ғылым саласы.
Тәуекел тобындағы отбасы - бұл кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе
олардың заңды қамқоршылары балалар тәрбиесіне қатысты міндеттемелерін орындамай
немесе олардың мінез-құлқына жағымсыз әсер ететін, олардың құқығына қарсы әрекеттер
жасаған отбасы.
Тәуекел факторы – ағзаның патологиялық жағдайына сепепкер болатын сыртқы және
ішкі ортаның түрлі жағдайлары.
Толеранттылық - шыдамдылық,төзімділік,психикалық тұрақтылық, яғни қайталанған
әсерлерге деген сезімталдықтың нәтижесінде қалыптасқан көнбістік.
Тұлға - жеке ерекшеліктері бар қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын сезінген,
қызметтің белгілі бір түрімен айналсатын әлеуметтік қауымдастықтың белгілі өкілі нақты
адам.
Тұлғаның дүниетанымы – тұлғаның негізгі бағыты,өз-өзіне, табиғатқа адамның қоғамға
қатынасы, жалпы әлемге деген көзқарастар жүесі.
Тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды
өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын
және олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.
69
Транс - сананың бұзылуы,айналадағы жағдайды және өз қылықтарының мақсаттарын
ұғынбай, мінез-құлықтың күрделі актілерін бірнеше минут бойына не одан да ұзақ уақыт
автоматты түрде атқарудан көрінеді.
Эмпатия - адамның қасиеті,сезімі арқылы басқа адамдардың ұқсастыруы, өзін басқаның
орнына қойып, оның жеке бастық мағыналарын игеруі.
Фактор - қандайда бір процесстің, құбылыстың қозғаушы күші, себебі.
Фанаттық мінез-құлық - белгілі бір идеяға, қөзқарасқа жан-тәнімен берілу.
Эпикриз-аурудың себебін,емдеудің дамуы мен нәтижесі енгізілген қорытынды диагноз.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниенің сыры мен жай-күйін білу қабілеттілігі және оған
жанашырлық білдіру.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және
санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру,
не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау т.б. адамның еркі мен
сипатын
(бейнесін),
темперамент,
т.б.
қамтиды. Осыған орай жеке –
жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып
бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке – дара зерттеп, оларды
тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы,
бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан жақты осылай қалыптастыратын оны қорш
ап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс - әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз
байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны
қалыптастырып отырады.
Әрбір тұлғаның белгілі
бір деңгейде іштей санасы,
қасиеті
болады.
Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.
Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке
тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар.
Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық
институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар
жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне
маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім
кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте,
қоғамда т.б. орталармен қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін, өзін-өзі ұйымдастыра білуі.
«Тұлға» - Жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы
адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи
қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни
ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы
барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына
сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып,
өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
70
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Педагогика және
психология» А. Мектеп - 2002 ж.
2. «Методика и технологии работы социального педагога» М.А. Галагузова
Х.В.Мардахаев. М. Академия 2004 г.
3. «Методическая помощьсоциальному педагогу образовательного учреждения по
ведению текущей дакументации» А.И.Ситиик. А.В.Мисько. М.Академия 2005 г.
4. «Методика и технологии работы социального педагога» Н.А.Шентенко.Г.А.Воронина
М.Академия 2002 г.
5. Шпаргалка по социологии Н.В.Аскеров. Е.В.Белова, Н.А.Мельникова М 2000г.
6. «Девиантты мінез-құлық жасөспірімдерімен түзетушілік-педагогикалық жұмыс
атқару»К.М.Арыбаева Шымкент.
7. Профилактика подросковой девиации: Теория и практика А.И.Тееленко М.С.Керимбаева
А. 2005г.
8. Социальная педагогика: введение в специальность А.И.Тееленко А. 2005г.
9. Народное образование Российский общественно-педагогический журнал №2 2006г. М
10. Педагогика. Практикум и методический материалы. Коджаспирова М.
11.Мектептегі психологиялық диагностика. Власова Н.В. Шабажанова С.Қ.
12. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал
№5.2006ж.
13. Психология. Социология. Дефектология. Республикалық педагогикалық журнал
№3.А.2005ж.
14.Бастауыш мектеп.Республикалық-ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал
№1.А.2006ж.
15. Қазақстанның білім және ғылым әлемі. Республикалық-ғылыми-әдістемелік және
педагогикалық журнал №3.2006ж.
16. Социология и педагогика журнал №1.2.3 М. 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |