20
практикалық өзара қарым- қатынастарды қамтамасыз ете отырып, болашақ
мамандардың
оқу-танымдық
бастамашылдығын
шабыттандырып,
студенттердің бойында кәсіби ой-өріс пен кәсіби-педагогикалық мәдениетті
қалыптастырады, сол арқылы студенттердің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу үдерісін
ынталандырады [112].
А.В.Мироновтың ойынша, оқыту үдерісін экологияландыру және
өлкелендіру бұл болашақ мамандарды кәсіби дайындауда педагогикалық
білімдер кешенін байытады, зерттеу біліктіліктерінің дамуын белсендендіре
отырып, өлкетану материалдарын кәсіби практикалық жұмыста қолдануға
мүмкіндік береді [116].
Өлкетану материалдары ЖОО-дарында әр түрлі пәндерді оқыту кезінде
кеңінен пайдаланылады. Өлкетанулық білім беру барысында туған жер туралы
білімді меңгеру ғана емес, болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігінің
қалыптасуына үлкен үлесін қосады.
Өлкелік зерттеу жұмыстары студенттердің белгілі пәннен білім, білік,
дағдысын, практикалық тәжірибесін күшейте отырып, жалпы білім беру
саласындағы білім кешенін меңгеруімен, болашақ қызметінің аясында
оқытылатын пәндердің әдіс-тәсілдерін үйренумен қатар қалыптасады.
Білім беру үдерісінде білім алушылармен игерілген білім мен дағдыға,
практикалық қызметі және әлемге эмоционалдық- құндылыққа айналған қарым-
қатынастарынан жинақталған әлеуметтік тәжірибе, болашақ маманның
материалдық және рухани мәдениеттің дамуына қажетті кәсіби-тұлғалық дамуы
мен өзін-өзі дамытудың базасы болып табылады [117, 118].
Биологияны оқытуда өлкетану жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырудың
маңызы зор, ол студенттерді нақты деректерді көре білуге, сезіну, бақылау
жасауға үйретеді; өйткені табиғаттағы, адам өміріндегі, шаруашылықтағы
жақын нәрсе ол бөтен және алыстағыға қарағанда әлдеқайда түсінікті,
қарапайым және айқын.
Биологиялық білім беруде қарама-қайшылық туғызатын негізгі мәселенің
бірі – теориялық білім мен оларды практикада қолдану арасындағы алшақтық
болып табылады. Студенттер үлкен ауқымдағы теориялық ұғымдарды оқып
меңгергенімен, бірақ оны тәжірибеде қолдануда меңгерілген материалдың тек
20-30% ғана қолдана алады. Себебі, студенттер оқу материалының теориялық
бөлімінде өсімдіктер, жануарлардың биологиялық үлгілерімен, түрлі
көрнекіліктер, фотосуреттер арқылы танысады. Ал, шынайы өмірде оқып
танысқан көптеген табиғи нысандармен өте сирек бетпе - бет кездеседі.
Сондықтан да, ЖОО-ның биологиялық өлкетануы теория мен практика
арасындағы «көпірді» бұзып, бұл алшақтықты жақындатуға бағытталады.
Сондықтан педагогикалық ЖОО-дарында биология пәнінен білім беруде
өлкетану материалдарын пайдалану студенттерге терең теориялық білім беруді
қамтамасыз етіп қана қоймай, оны саналы меңгеруді және зерттеушілік
дағдыларының қалыптасуын жүзеге асырады. Өлкетану жұмысын жүйелі және
тиімді ұйымдастыру болашақ мамандардың қоршаған ортаның әсем табиғатын,
21
өсімдіктері мен жануарларын танып білуге көмектеседі, сонымен қатар,
олардың адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізеді [119].
Биология пәні бойынша далалық тәжірибе студенттерден елеулі
өлкетанулық білімді талап етеді. Биология сабақтары үшін материалдарды
жинауда өзіміздің өлкеміз бойынша жүргізілетін өлкетану топсаяхаттары,
зоологиялық таным-жорықтар және жазғы экологиялық экспедициялардың
үлкен көмегі тиеді. Бұл бірегей өлкетану материалдарын жинауға, пән
мазмұнын жандандыруға, оны айтарлықтай қызықты етуге септігін тигізеді.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды, интерактивті тақта,
сандық фотоаппарат, сканер және ауқымды Интернет-ресурстарын пайдалану
пәнді сүйемелдеу үшін тамаша электронды презентацияларды қолдануға
болады.
Өлкелік компоненттің мақсаты:
- көпұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер мен
ерекшеліктерді білім беру жүйесінің қорғауы және дамытуы;
- Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау;
- өскелең ұрпаққа қолжетімді білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету;
- өлкелік компонент ретінде студенттерді өңірлік жыландар туралы
біліммен қаруландыру;
- жақын аймақта және одан тыс жерлерде студенттерді мәселеге толы
әлеуметтік-мәдени ортада тіршілік етуге дайындау.
Жергілікті жердің табиғи, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық
ерекшелігі білім беруде өлкелік мазмұнды іріктеу қажеттілігін анықтайды.
Оларды игеру педагогикалық университеттің түлектеріне қоғамда тіршілік ету
шарттарына бейімдеуге, туған жерге, жергілікті жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне махаббатпен қарауға, табиғи байлықтарды, жануарлар әлемінің
өкілдерін рационалды пайдалану қажеттілігін, қоршаған орта мен жануарларды
қорғауды өз бойында тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Биология мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларында өлкелік
компоненттің студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерінің,
олардың шығармашылық әлеуетінің артуына, көп ұлтты орта жағдайында
толеранттылыққа шақырады
.
Биолог
студенттердің
кәсіби
даярлығын
жүйелік-құрылымдық
ұйымдастыру мүмкіндіктерін аша отырып, педагогикалық ЖОО-ның білім
беру үдерісінде болашақ бәсекеге қабілетті маманның кәсіби әрекетінің
қалыптастыру мақсаты көзделіп отыр. Болашақ мамандарды кәсіби-
педагогикалық даярлығына бағытталған кең ауқымдағы түрлі жұмыстарды
талдау оның құрылымы, мазмұны мен ұйымдастыруы қазіргі қоғамдық
дамудың бастан өткеріп жатқан күйіне төтеп бере алмайтындығы туралы
қорытынды жасауға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақытта кәсіби білім берудің
мақсатты, мазмұнды және технологиялық құрылымдарын жаңарту үздіксіз
білім беру талаптарына сәйкес оның мазмұнын, нысанын және әдістерін қайта
қарастырумен байланысты, оның негізгі мақсаты — болашақ маманның
тұтастай және толыққанды дамуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |