22
ЖОО-да білім беруде қалыптасқан тәжірибе болашақ мамандардың
кәсіби дайындауды ұйымдастыруда жаңа көзқарастардың болуын қажет етіп
отыр.
Қоғамның рухани өмірінде қайта құрудың орын алуы өлкетануға, әсіресе
жекеленген аймақтардың мәдениеті мен өнерінің даму мәселесіне айтарлықтай
қызығушылықтың артуына жол берді. Қазақстан халқының ұлттық сана-
сезімінің көтерілуі, өз өткенін, ана тілін, алдыңғы ұрпақпен жинақталған
мәдени және көркемдік дәстүрлерді тереңірек танып-білуге ұмтылысы
байқалады. Туған өлкені зерттеу: оның тарихы, табиғаты, шаруашылығы,
мәдениеті, әлеуметтік өмірі, тұрмыс- тіршілігі нақты өңірдегі адам қызметінің
барлық тараптары – еліміздің алдыңғы қатарлы ойшылдарының үлесі де үлкен
мән берді.
Шағын өлкеде жинақталған білімнің бөлшектері, тарихи ғылымға, жер
және қоғам туралы ғылымға қорытылып, адам тіршілік ететін белгілі бір
деңгейдегі мәдениетті қалыптастырады (сурет 1).
Биологиялық ғылыми- өлкетану
Студенттердің
нақты
мақсат
қойып, өз жерінің
табиғи ерекшелік-
терін, ондағы тірші-
ліктің сол ортаға
бейімділігін зерттеуі
Қоршаған
ортаның
керекті деректерін өзді-
гінен зерттеу арқылы
белгілі нысандар мен
құбылыстарды «қайта
ашу».
Жүргізген
зерттеу-
лерін
ғылыми
тұрғыдан қорыту,
тұжырым
жасау,
керекті
жағдаятта
пайдалану.
Сурет-1 Биологиялық ғылыми- өлкетану
Мемлекетіміздің рухани қалыптасуы мен халықтың ұлттық рухын
жаңғырту жағдайында білім беру мекемелерінің жұмысының құзыреті басым
бағыттарының бірі – білім беру мекемелерінде ұлттық-аймақтық білім беруді
дамыту болды. Осыған байланысты туған өлкенің флора мен фаунасын зерттеу
білім беру жүйесіндегі маңызды және міндетті компонентіне айналып келеді.
Қазіргі заманғы білім берудің жалпы мақсаттық талаптарына байланысты
туған өлкені зерттеу мыналарды қамтиды:
- қоршаған ортаны оның барлық алуантүрлілігімен тану;
- адам мен оны қоршаған үдерістер, құбылыстар арасындағы қарым-
қатынастарды түсіну;
- болашақ жастарды өздері өмір сүретін ортасын танып-білуге дайындау;
- студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, берілетін
білімнің ғылымилығы мен нақтылығын жүзеге асыру (қол жетімді,
ғылымилығы, түсініктілігі, жақын танымнан күрделіге ауысуы).
Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайда өлкетануды дамытуда
тәрбиелеу, оқыту және дамыту функцияларының қолайлы іске асыруда
23
ыңғайлы алғышарттар құрылып келеді. Қосымша білім беру студенттің ЖОО-
да алған өлкетанулық білімді тереңдете және кеңейте түсуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оларды практикалық әрекеттің бір түріне, болашақ педагогтың
зерттеушілігі және т.б. кәсіби дағдыларына ие болуы үшін іске асыру [120-
123].
Өлкелік компонентті пайдалану бұл «өлкетану жұмысына» негізделеді.
Өлкетану – қызықты және тірі мектеп. Себебі, әсіресе жаратылыстану жүйесіне
енетін пәндерді оқытуда өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру арқылы
болашақ мұғалімдердің өздігінен ізденуін, білімнің ғылымилығын, алған
білімдерін жергілікті табиғатпен байланыстыруын қамтамасыз етуге болады.
Сонымен қатар, олар өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін
тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға, түрлендіруге мүмкіндік алады.
Өлкетану– бұл болашақ мұғалімдердің жергілікті материалдарға сүйене
отырып, білімдерін жетілдерудің ең тиімді жолы. Туған өлкенің табиғи
ерекшелігін зерттеу негізінде олардың табиғатты сүюі, туған жерді қорғауы –
Отанға деген патриоттық сезімдері де қалыптасады.
Өлкетану – жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің шағын
бөлігін зерттеу. Соның ішінде нақты нысанды мәселен, жергілікті жыландарды
зерттеу арқылы болашақ мұғалімдер біріншіден, биологиядан теориялық
білімдерін тереңдете түседі. Екіншіден, тіршілікті зерттеу әдістерін меңгереді.
Үшіншіден, келешекте мектеп оқушыларына өз өлкесінің зерттеуді үйретудің
әдістерін меңгереді.
Өлкетану жөніндегі білім қорын меңгеру арқылы биолог маманның туған
өлкеге деген сүйіспеншілігі артады. Туған өлкеге деген сүйіспеншілік бұл
отаншылдық, адамгершілік, экологиялық, эстетикалық тәрбиелерді берумен
үнемі ұштасып жатады.
Қазіргі кезде табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану өзекті мәселелердің біріне жатады. Сондықтан, жыланды зерттеу
оның биоэкологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан түсіну осы
мақсаттарды жүзеге асыру жолдарына жататындығын түсінуге тиіспіз. Себебі,
жылан да белгілі бір табиғи ортада тіршілік ете отырып, сол ортаға өзінің
икемделуімен және пайда-зиянымен оқшауланады. Олардың тіршілік
орталарының бір-бірінен айырмашылығы, соған қарай қоректену, тіршілік ету
жағдайларының да түрліше болуы, табиғаттың бір-бірімен байланыстылығын,
өлі табиғат пен тірі табиғатты бір-бірінен ажыратуға болмайтынын яғни
дүниенің біртұтастығын көрсетеді.
Өлкетану принципі жалпы педагогикалық принциптердің бірі ретінде
оқыту және тәрбиелеу үдерісінде өлкетану мәліметтері мен көздерін жан-жақты
пайдалануды білдіреді:
- білім берудің жекелік, іс-әрекеттік, зерттеушілік жақтарын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді;
- зерттеудің сыртқы тартымдылығы болашақ мамандардың танымдық
қызығушылығын тудырады.
Өлкелік компонент бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |