Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

11 
 
4.  Биолог  мамандарын  даярлау  үдерісіне  өлкелік  компонентті  енгізуге 
қатысты  педагогикалық  экспериментті  жүргізу  шарттарын  және  оның 
нәтижелерінің тиімділігін анықтау. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  ЖОО-да  болашақ  биолог  мамандардың 
өлкелік  компонентті  пайдалану  шеберлігін  қалыптастыруға  болады  егер, 
Қазақстанның  жыландарының  биоэкологиясы  мысалы  негізінде  нақты  
зерттеулер  жүргізіп,  оның  нәтижесін    пәндік  мазмұнға  ендірудің  әдістемесі 
талданса.    
Зерттеу  әдістері:  алға  қойған  мақсаттарды  шешу  үшін    ғылыми-
әдістемелік, психология-педагогикалық әдебиеттерді, интернет материалдарын 
теориялық 
талдау; 
«Биология» 
мамандығы 
бойынша 
білім 
беру 
бағдарламаларын  зерттеу  мәселесіне  қатысты  талдау;  Отандық  және  шетелдік 
ғалымдардың  өлкетану,  оқытуды  өлкелік  материалдармен  толықтыруға 
қатысты әдістемелік-педагогикалық еңбектерін талдау.  
Тәжірибелік  әдістер:  педагогикалық  эксперимент,  бақылау,  сұхбаттасу, 
сауалнама жүргізу.  
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 
Педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог мамандарды пәндік және 
әдістемелік  даярлау  мазмұнына  өлкелік  компонент  ретінде  Қазақстан 
жыландарының биоэкологиялық ерекшеліктері туралы материалдар ендірілді. 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: болашақ биолог мамандардың 
өлкелік  компонентті  зерттеу  және  оны  білім  мазмұнына  ендіру  біліктерінің 
қалыптастыру мақсатында педагогикалық ЖОО-да пайдалануға болады.  
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 
-  биологиялық  білім  беруге  өлкелік  компонент  ретінде  Қазақстанда 
тіршілік  ететін  жыландар  туралы  ғылыми  ақпаратты  енгізудің  теориялық 
негіздері; 

биологиялық  пәндердің  мазмұнын  және  дала  практикасының 
зерттеушілік сапасын арттыруды өлкелік компонентпен толықтыру мақсатында 
жыландарды  зерттеу  әдістері,  оларды  сабаққа  тиімді  пайдалану  жолдары 
ұсынылды; 
- зерттеу нәтижелерін білім беру барысында қолданудың әдістемесі; 
-  ұсынылған  әдістемелік  жүйенің  оқу  үдерісінде  тиімділігін  тексеруге 
арналған эксперимент нәтижелері мен қорытындылар.  
Зерттеулер базасы: 
Ғылыми  зерттеулер  мен  эксперименттер  Абай  атындағы  ҚазҰПУ 
Жаратылыстану  және  география  институты  «Ботаника  және  жалпы  биология» 
кафедрасы,  ТарМПИ  «Биология  және  биология  пәнін  оқытудың  әдістемесі» 
кафедрасы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірдік мемлекеттік университеті 
«Биология» кафедрасының негізінде жүргізілді. Сондай-ақ, А.Герцен атындағы 
Ресей Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Биология және экологияны 
оқыту әдістемесі» кафедрасында зерттеу нәтижелері апробациядан өткізілді.   
Зерттеу кезеңдері 


12 
 
Қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу жұмыстары 2014-2017 
жылдары аралығында үш кезеңде өткізілді. 
Бірінші  кезең  (2014–2015  жылдары)  –  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарында  биолог  мамандарды  дайындауда  өлкелік    компонентті 
пайдаланудың теориялық  негіздері сараланды.  
Қазақстанда тіршілік ететін жыландардың түрлік  құрамы, биоэкологиялық 
ерекшеліктері  анықталды.  Ғылыми  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  негізінде 
өлкетану    компонентінің  биолог  мамандарды  даярлау  пәндерінің 
мазмұнындағы үлесі  айқындалды.  
Екінші  кезең  (2015–2016  жылдары)  –  жыландар  туралы  білімнің 
студенттерді пәндік даярлау мазмұнына енгізу әдістері тәжірибеден өткізілді.  
Үшінші  кезең  (2016–2017  жылдары)  –  педагогикалық-эксперименттік 
жұмыс  нәтижелерін  талдау  және  жинақтау;  тәжірибелік  және  эксперименттік 
қорытындыларды  нақтылау;  зерттеу  нәтижелерін  және  қорытындыларды 
негіздеу, диссертацияны рәсімдеу.  
Зерттеудің  теориялық  және  әдістемелік  негіздері:  ғылыми-әдістемелік, 
психология-педагогикалық  әдебиеттерді  теориялық  талдау,  мемлекеттік  білім 
беру стандартын, зерттеу мәселесіне қатысты интернет материалдарын талдау, 
биологиялық  білім  мәселелерін  талдау,  Отандық  және  шетелдік  ғалымдардың 
жеке  тұлғаны  дамыту,  өлкелік  компонентті  оқытудың  психология-
педагогикалық даму саласындағы еңбектерін талдау. 
Зерттеу 
нәтижелерінің 
дәлелдігі 
және 
негізділігі 
заманауи 
педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  қолданылуымен,  зерттеу  жұмыстарының 
жүзеге 
асыруда 
әдіснамалық 
қайшылықтың 
болмауымен, 
алынған 
нәтижелердің  статистикалық  және  логикалық  талдауымен,  диссертация 
авторының 
оқытушы-экспериментатор 
ретінде 
зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізуімен қамтамасыз етіледі.  
Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  өткізу  және  енгізу.  Диссертация 
материалдары бойынша жарияланған еңбектер саны  – 31, оның ҚР білім және 
ғылым саласын бақылау комитеті тізіміндегі басылымдарда – 5,  халықаралық 
конференцияларда – 24, Scopus базасына кіретін журналдарда – 1 мақала, 1 оқу  
құралы жарияланған.   
Диссертация  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  екі  тараудан, 
қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  және  қосымшалардан 
тұрады.   
 
 
 
 
 
 
 
 


13 
 
1  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРЫНДАРЫНДА  БИОЛОГ 
МАМАНДАРДЫ 
ДАЙЫНДАУДА 
ӨЛКЕЛІК 
КОМПОНЕНТТІ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  биолог  мамандарды 
дайындауда  өлкелік    компонентті  пайдаланудың  педагогикалық- 
психологиялық негіздері 
Қазіргі уақытта мұғалімдерді кәсіби дайындау жүйесі бірінші кезекте білім 
беруді өлкелендірумен  байланысты жүзеге асырудың инновациялық жолдарын 
іздестірумен    айқындалады.  Өлкелендіру  принципі    еліміздің  барлық 
облыстарының  аймақтық  білім  беру  бағдарламаларымен  және  осы  салада 
арнайы ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді көздейді.  
Болашақ мамандарды кәсіби даярлау үдерісіне өлкелік компонентті енгізу 
Отандық  білім  берудің  сапасын  көтеру  жолында  нәтижелі    дәрежеге  жетуге 
және  жергілікті  материалдармен  байланыстыруды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
береді.  Сол  арқылы    жалпы  азаматтың тұрғылықты  мекен-жайына  қарамастан 
нақты  аймақтық  әлеуметтік-мәдени  қоғамдастықтың  өкілі  және  оның  барлық 
жеке ерекшеліктері мен қабілеттері бар адам ретінде білім алуға көшу мақсаты 
орындалады. 
Бүгінгі  таңда  ЖОО-да    оқу  үдерісін  ұйымдастыру  білім  берумен  ғана 
шектелмейді. Себебі, қазіргі білім беру тұлғаның  дамуына байланысты білімді, 
сезімдік  таным  (қызығу,  құштарлық,  ынта-ықылас)  негізінде  қабылдауға, 
іскерлік  дағдының  қалыптасуына,  білім  алушының    даралық  психологиялық 
қасиеттері мен ақыл-ойының дамуына бағытталуы тиіс. 
Уақыт  талабына  сай  білім  мен  тәжірибе,  іскерлікті  игере  отырып,    өзекті 
мәселелердің бірі  - өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдарын айқындап, 
бір  жүйеге  келтіруді  талап  етеді.  Егер  өлкетану  жұмысының  алдына  нақты   
мақсат  қойып,    жүйелі  ұйымдастыра  білсе,  оның  білімдік,  танымдық, 
дамытушылық  және    тәрбиелік  маңызы  ашыла  түседі.  Әсіресе,  биологиялық 
білім  беруде  жергілікті  жерде  тіршілік  ететін  жануарларға  байланысты 
деректерді    жинау,  оны  тиімді  пайдалану  білім  алушылардың  табиғи 
құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми негізде түсінуіне мүмкіндік тудырады. 
Жергілікті  жерге  жүргізген  өлкелік  бақылаулар  болашақ  маманның 
байқағыштық,  тапқырлық,  ізденімпаздық  қасиеттерінің  дамуына,  өз  бетімен 
шығармашылық іске ұмтылуына, өз мамандығын сүюге  игі әсер етеді. 
Өлкенің    табиғи  құндылықтарына  зерттеу  нәтижесінде  қол  жеткізген 
болашақ  маманның  танымдық  қызығушылығы  оянып,  шығармашылық 
белсенділікке,  өз  бетімен  ізденуге    талпынысы  күшейеді.  Шәкірттердің  өзіне 
деген сенімі, жаңалықты білуге деген ынтасын арттырумен тәрбиелей отырып, 
өлкетану  деректерін  іздестіруге,  оны  зерттеу  жұмысына  басшылық  жасауға 
болады. 
Сондықтан,  білім  беру  жүйесін  өлкетанумен  байланыстыра    жүргізу  аса 
маңызды  істің  біріне  айналуда.  Тарихи  сабақтастық,  ұрпақтардың 
бейімделушілік 
тәжірибесі 
арқылы 
тұлғаны 
қалыптастыру 
бірегей 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау