ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Алматы технологиялық университеті 29-30 қазан 2015 жылы өтетін «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады (Алматы қ.).
Конференцияға қатысуға ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бейіндік бизнес құрылымдары мен Қазақстан республикасы, ТМД және алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері шақырылады. Конференция 2015 жылдың 29-30 қазанында Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, Алматы технологиялық университетінде өтеді.
Конференция жұмысын келесі бағыттар бойынша өткізу жоспарланады:
Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және тағам өнімдерін өндіру технологиясы;
Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі;
Тағам өнімдеріндегі гендік-модифицирленген нысандар;
Жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері тауарлары мен бұйымдарының технологиясы және дизайны;
Жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі;
Тағам және жеңіл өнеркәсіптерінің технологиялық процестері мен бұйымдары;
Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің технологиясы;
Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының экономикалық мәселелері;
Білім берудегі инновациялық технологиялар.
Конференцияға қатысу түрлері
пленарлық баяндамамен қатысу;
секциялық баяндамамен қатысу;
баяндамасыз басылып шығу.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады. Жинаққа Халықаралық ISBN индексі беріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Баяндамаларды ұсыну:
Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін төмендегі сілтеме бойынша http://89.218.7.254/conference online жүйесінде электронды тіркелу қажет.
Баяндама тіркеу формасына жеке файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP, кітаптық, шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, шеттері жан-жағынан – 20 мм.
Ұйымдастыру комитеті баяндама қабылданған және тіркелгеннен кейін, 5 күн ішінде авторға баяндаманың қабылданғандығы туралы хабарлама жібереді. Автор қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжаттың сканерленген көшірмесін 2015 жылдың 9 қазанға дейін conference@atu.kz электронды адресіне жібереді.
Баяндама конференция жұмысы басталғанға дейін «Конференцияның ғылыми еңбектер жинағында» және www.atu.kz сайтында жарияланады.
Конференцияға келу және материалдарды жіберуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі.
Баяндаманы ұсыну уақыты 2015 жылдың 30 қыркүйегіне (қосымша) дейін. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талапқа сай келмесе, конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2015 жылдың 30 қыркүйегінен кейін тапсырылса баяндаманы қайтаруға құқылы.
Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.
Ұйымдастыру сұрақтары
Конференцияға қатысу жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 3000 теңге, басқа мемлекет азаматтары үшін 30 АҚШ долларын құрайды. Докторанттар, аспиранттар мен магистранттар үшін қатысу жарнасы 2000 теңге және 20 АҚШ долларын құрайды.
Ұйымдастыру жарнасы, аты-жөні және «Конференция – октябрь 2015» белгіленуі көрсетілген, банк шотына қабылданады.
Төлем реквизиттері:
АО «Алматы Технологиялық Университеті», АО «Банк ЦентрКредит», БИН 990840000359, БИК KCJBKZKX, КБЕ 17.
Есеп шоты:
Теңгемен есептесу үшін:
ИИК KZ 878560000000011134
Ресей рублімен есептесу үшін:
ИИК KZ978560000000396723
USD-мен есептесу үшін (доллар)
ИИК KZ978560000000396723
Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазылуына автор жауапты. Баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талаптарға сәйкес болмаса және конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2015 жылдың 30 қыркүйегінен кейін тапсырылса баяндама қарастырылмайды және қайтарылмайды.
Конференцияның негізгі мерзімдері
Сайтта тіркелу және баяндама ұсыну- 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін;
Конференцияға қатысушыларға баяндамасының бағдарламаға қосылғандығы туралы хабарлама беру - 2015 жылдың 7 қазанына дейін;
Ұйымдастырушылық жарнасын төлеу - 2015 жылдың 9 қазанына дейін;
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Төле би көшесі, 100
Алматы технологиялық университеті
Бас оқу ғимараты, 6 қабат, 617каб.
тел. +(727) 293-53-10 (ішкі 178), факс +(727)293-52-92,
E-mail: conference@atu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |