Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет7/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51

16 
 
-  екіншіден,  пән  ішілік  емес  пән  аралық  байланыстарды  құру,  өмірлік-іс 
әрекет деңгейінде құру;  
-  үшіншіден,  болашақ  маманды  рухани-адамгершілік  тәрбиелеудегі 
факторлардың бірі болу.  
Г.П.Пирожков  атап  өткендей,  өлкетану  тәсілі  ақиқатты  біртіндеп 
жергілікті-аумақтықтан  жаһандық  деңгейде  әлемді  меңгерудегі  және  алдыңғы 
ұрпақтың бейімделу тәжірибесін игеру арқылы болмысты игерудің  теориялық 
немесе практикалық тәсілі болып табылады. Педагогикалық үдерісте өлкетану 
тәсілінің  әдіснамалық  негіздері  жеке  тұлғаның  өзіндік  мақсаттарға  неғұрлым 
ұтымды  келісілген  өлкетану  әрекет  түрі  көмегімен  материалдық  өндіріс 
нормалары  тіркелген технологияларға қол жеткізуге бағытталған.  Білім беруде 
өлкетану  тәсілін  іске  асыруда  тиімді  көрсеткіші  әлеуметтендіру  барысында 
әлеуметтік-мәдени  және  этно-экологиялық  бейімдеу  үдерісі  ретінде  білім 
алушылардың қате шешімдер болдырмауға дайындығы есептеледі [105, 106].
 
Білім  беру  үдерісінде  өлкетану  тәсілінің  негізгі  принциптері  ретінде 
келесілерді атаймыз: 
-  пәнаралық  байланыс  принципі,    оған  сәйкес,  өлкетану  материалдарын 
пайдалану басқа пәндермен байланысты қамтамасыз етеді (табиғаттану, тарих, 
жаратылыстану саласының барлық пәндерімен, мәдениеттану және т.б.);  

жүйелілік  принципі,  өлкетану  материалдарын  мақсатқа  сай, 
жоспарланған сипатта пайдалану;  

тақырыптық  принципі,  әр  тақырып  бойынша  тиісті  өлкелік 
материалдарды әзірлеуді қарастырады;  
-  қол  жетімділік  принципіне  негізделген,  материалдарды  іріктеу 
барысында білім алушылардың жас ерекшелігін ескеру принципі;  
-  технологияландыру  принципі,    жасанды  жағдайларда  «шартты  түрде 
нақты»  қарым-  қатынасты  модельдеуге  қабілетті  білім  беру  технологияларын 
пайдалануды қарастырады;  
-  когнитивтілік  принципі,    өлкетану  материалдары  көмегімен  оқыту 
үдерісінде  білім  алушыларға  бұрыннан  белгіліні  ғана  емес,  жаңа  мәліметтер, 
жаңа білімді тануды қарастырады; 
-  толеранттылық  принципі  бұл  ретте  этноцентризм,  «этногоизмге»  бет 
бұрмай- ақ, өзге мәдениетті түсіну мен қабылдау ерекшеліктерін көздейді;  
-  компаративтілік  принципі,  өлкелік  материалдарды  және  басқа  да  оқу 
материалдарымен қатар ұсыну және пайдалануды көздейді.  
Қазіргі  таңда  білімді  тұлғаға  бағыттау  принципі  негізгі  орынға  шығып 
отыр.  Бұл  берілетін  білім 
— 
білім  алушының  белсенділігін  күшейтетін, 
қызығушылығын  асыратын  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  олардың 
әрқайсысының білімі мен білігін қалыптастыруды қамтамасыз ету.   
Зерттеу  мәселеміз  бойынша  әдебиеттерге  талдау  жасау  нәтижесі   
мамандарды  биология  пәні  бойынша  кәсіби  даярлауда  білім  беру  мен  оқыту 
үдерісінде  өлкетану  материалдарын  пайдалануға  байланысты  белгілі  бір 
тәжірибенің 
жинақталмағандығын, 
оның 
жалпы 
тұжырымдамасының 


17 
 
ұсынылмағандығын,  жіктеу  жұмысының  жүргізілмегендігін,  осы  үдерістің 
тиімділігінің педагогикалық шарттарының айқындалмағандығын көрсетіп отыр.  
Сондықтан  да  біз  өз  зерттеуімізде  болашақ  биолог  маманның    өз  пәнінің 
теориялық  негізін  меңгерумен  ғана  шектелмей,  туған  өлкенің  табиғи 
ерекшелігін,  ондағы  тіршілік  түрлерінің  сол  табиғатқа  икемделу  үдерісінің 
деңгейін  жетік  білетін,  Қазақстанның  әлеуметтік-мәдени  кеңістігіндегі  нақты 
аймақтың  болашақтағы  даму  перспективаларын    көріп  және  өткенін  лайықты 
бағалай  алатын  мұғалімдерді  кәсіби  даярлаудың  негізі  ретінде  және  өлкетану 
ісін сауатты ұйымдастыра алатын педагог шығаруды көздейміз.   
Біз  өз  зерттеуімізде    өлкетану  жұмысына    тұтас  педагогикалық  үдеріс 
ретінде  қарап,  оның  мақсатты  және  жүйелі  ұйымдастырылуының  қажеттілігін 
айқындаймыз.  Мақсаттық-бағдарламалық  және  кешенді  ұйымдастырылған 
зерттеу  арқылы  өлкелік-педагогикалық  үдерісті  реттеу  және  оның  нәтижесін 
ғылыми тұрғыдан жинақтау мәселелері нақты жүргізілген өлкелік бақылаудың, 
тәжірибенің  негізінде  ұсынылады.  Өлкелік  компонентті  білім  беру  жүйесіне 
енгізу аймақтық білім берудің түрлі баспалдақтарында оңтайландыруға тиістігі, 
сол  арқылы  еліміздің  бүгінгі  әлеуметтік-экономикалық  даму  ахуалын  да 
жастардың  көз  алдына  елестетудің  керектігі  мемлекеттік  білім  беру 
стандартында да өте өзекті мәселелердің бірі ретінде көрсетіліп отыр.  
Көптеген  зерттеушілер  анықтағандай,  болашақ  мамандарды  даярлауда 
өлкетану  материалдарын  пайдалану  жаңа  білімді  игеруде,  студенттерді 
ғылыми-зерттеу  жұмысына  ынталандырады,  педагогикалық  шеберлікті 
жетілдіруге жәрдемдеседі. 
Жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлау үдерісінде өлкетану 
компонентін  қосу  қажеттілігін  Г.  В.  Аверкиева,  О.А.  Бахчиева,  Б.  И.  Кривов, 
А.Л.Ламашев,  Б.И.Наумов,  И.Т.Прус,  Л.В.Смирнова,  В.В.Степанков  және  т.б. 
көптеген  мамандар  ұсынады.  Мәселен,  В.В.Степанковтың  пікірі  бойынша, 
өлкетану  білім  беру  үдерісінің  компоненті  ретінде  білім  беру  жүйесін 
гуманитарландыру принципін жүзеге асыруға септігін тигізеді, сайып келгенде 
білім  беруді  ізгілендіруге  алып  келеді,  өйткені  ол  мәдениетпен  (нақты 
территорияда  адам  мәдениетін  қабылдау  бойынша  ұрпақтардың  өзара  әрекет 
етуінің  нысандары  мен  әдістерінің  кешені);  ғылыми-педагогикалық  білімнің 
(жалпы  Қазақстандық  контексінде  өлкенің  тарихы  мен  білім  беру  саласының 
жай-күйін зерттеу); адамның әлеуметтік практикасымен (қоғамдағы әлеуметтік 
ережелер  жүйесі  мен  қарым-қатынастар  игеру  бойынша  тәсілдер  жиынтығы) 
тығыз байланысты [107-113]. 
О.А.Бахчиеваның  пікірінше,  педагогикалық  өлкетану  тек  бір  ғана 
мұғалімге  тән  объектісі,  дәлірек  айтқанда,  зерттеу  субъектісі  бар.  Ғалым  
объективті  шындықты  танудың  диалектикалық  әдісінің  принципіне 
(тарихилық;  белсенділік;  бірліктен  жалпыға  ортақтасу;  нақтылық;  жан-
жақтылық; мақсаттылық және т.б.) сәйкес келетін педагогикалық өлкетанудың 
маңызды  принциптерін  нақты  анықтайды.  О.А.Бахчиева  педагогикалық 
өлкетану жас ұрпаққа  бүкіл білім мен тәрбие беру жүйесін оңтайландырудың 
көзі деп әділ есептеген [108]. 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау