Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет22/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51

47 
 
Жұмыстың  үшінші  кезеңінде  студенттермен  мынадай  өзіндік  іс-әрекет 
ұйымдастырылды: 
-  жыландарды  ұстаған  аймақтың    өсімдік  жамылғысы  туралы  ауызша 
сипаттау  тапсырылып,  олар  көргендері  бойынша  ойларын  қорыта  отырып, 
бірін-бірі  толықтыру  мүмкіндігін  алды.  Осының  негізінде  ол  аймақтың 
өсімдіктерінің  басым  түрі  тамариск  бұталары  және  жусандар,  ақ  сексеуіл, 
жыңғыл,  тораңғы  екендігін  анықтады.  Сонымен  қатар,  сиректеу  өсетін  
жүзгіншөптер,    қоянсүйектер,  түйежаңтақтардың  да    кездесетінін  көріп, 
әңгімеледі;  
- жылан кездескен аймақтың жер  бедерін байқай отырып, мұндағы негізгі 
орын алатын табиғи құм шағалдарының биіктігі 20-25 м жететіндігін де талдай 
білді.  
Ұсталған  жыланды  террариумге  салып,  кейін  сабақ  барысында 
пайдалануға дайындадық. 
Дала  практикасындағы  студенттердің  нақты  өздері  көрген  жыландарын 
пайдалана  отырып,  олардың  жүйелі  ойын  дамыту  мақсатында  бірнеше 
тапсырмалар мен сұрақтар берілді:  
-  ұстаған  жыланның  түрінің  дәл  сендер  көргендей  болуына  не  себеп  деп 
ойлайсыңдар? 
- не себептен жыландар бірден  көзге түсе қоймайды? 
- шығыс айдаһары неге үнемі осындай жерде тіршілік етеді? 
- бұл жыландар қайда паналайды? 
-  осы  өсімдіктердің  арасында  тіршілік  етуге  бұл  жыланның  қандай 
икемдігін байқадыңдар? 
- бүгінгі көріп байқағандарынан қандай қорытынды шығаруға болады? 
-  сендердің  бұрын  биология  пәні  бойынша  алған  қандай  ұғымдарыңмен 
бүгінгі тақырыпты байланыстыруға болады? 
 Далалық  жұмыстың  қорытынды  бөлімінде  студенттер  әрбір  тіршіліктің 
қоршаған  ортамен  тығыз  байланыстылығын  түсінді.  Оның  себеп-салдарын 
талдай білді. Ұсталған нысанда зерттеп қарау әдісімен танысты. 
Өзіндік  тапсырма  ретінде  шығыс  айдаһар  жыланының  биоэкологиялық 
ерекшеліктері туралы сипаттама жазу тапсырылды. Студенттердің бұл жазбаша 
жұмыстарын  кейін  сарамандық  сабақтар  барысында  пайдалатындығымыз 
туралы  ескертілді.  Жұмыстың  қорытынды  бөлімінде  студенттер  Қазақстан 
жеріндегі  шөлді-шөлейтті  аймақтарды  атады.  Осы  аталған  аймақтарды 
Қазақстанның  физикалық    картасынан  тауып,  оны  кескін  картаға  түсіру  де 
тапсырылды. 
Дала  практикасы  жағдайында  студенттердің  мұндай  жұмыстарын 
жалғастыру  арқылы  Қазақстандық  жыландарды  зерттеудің  әдістерін,  оны 
қорытындылап,  білімдерін  тереңдету  мақсаттары  жүзеге  асқандығын  кейін 
аудиториялық сабақ барысында жалғастырған кезде байқадық. 
Осы пікірімізді дәлелдеу үшін төмендегі жағдайға тоқталайық. 
Біз  жылан  түрлерін  зерттеуді  жалғастыру  үшін  өзіміздің  жазғы  демалыс 
кезінде  Солтүстік  Қазақстан  облысының  қылқанды  және  жалпақ  жапырақты 


48 
 
ормандарынан  ұстаған    өрнекті  абжылан  түрін  террариумға  салып,  сабақ 
барысында пайдалануға әкелдік. 
Сабақ  «Орман  жыландары»  тақырыбына  арналды.  Сабақта  алдын-ала 
студенттерге орман зонасының табиғи ерекшеліктерін оқып, қысқаша конспект 
жасап келу тапсырылған болатын. 
Сондықтан,  сабақтың  кіріспе  бөлімінде    түрлі  көрнекіліктерді  (орманды 
алқаптың  табиғатын  бейнелейтін  суреттер,  өрнекті  абжыланның  суреті) 
пайдалана отырып, орман зонасының табиғи сипаттамасына тоқталдық. Мұнда 
студенттер өздерінің жазып келген жұмыстары бойынша ол аймақтың табиғаты 
туралы бірін-бірі толықтыра отырып, пікірлерін ортаға салды.   
Сабақтың  екінші  бөлімі  террариумдағы  өрнекті  абжыланды  зерттеу 
жұмысына арналды.  
Осы  тұста  студенттер  жыланды  зерттеу  бойынша  меңгерген  әдістерін 
қолданып,  өрнекті  абжыланның  бүкіл  биоэкологиялық  ерекшеліктерін 
анықтады: 
- ұзындығы; 
- түсі; 
- дене құрылысының ерекшелігі
- қабыршақтарының саны және орналасуы; 
-  тұлғасының,  оның  ішінде  бас  бөлімінің  ерекшеліктеріне  назар 
аударылды;  
-  жылан  уын  бөліп  алып,  оны  усыздандырды.  Мұндай  жұмыстар  кезінде 
сақтық шараларының сақталуына аса назар аударылды. 
Осылардың  негізінде  бұл  жыланның  неге  өрнекті  деп  аталатынын  да 
аңғарды. 
Сабақтың  екінші  бөлімінде  өрнекті  абжыланның  суретін  сурет  дәптерге 
салып, олардың биоэкологиялық ерекшеліктерін талдап көрсетті. 
Сабақтың үшінші бөлімінде студенттердің теориялық білімін практикалық 
іс-әрекеттерімен  байланыстыру  мақсатында  мына  төмендегідей  тапсырмалар 
берілді: 
- өрнекті  абжылан  орманды  жерде  тіршілік  етсе,  оның  осы  ортаға 
икемделген қандай ерекшелігі болуы мүмкін? 
- бұл жыланның түсінің ерекшелігі неде? 
- сендер,  жыланның  барлық  дене  бітімін  байқадыңдар,  осыған  қарап, 
өрнекті абжылан қандай жерлерді паналайды деп ойлайсыңдар? 
- бұрын  танысқан  жыландарыңмен  салыстырып,  айырмашылықтары  мен 
ұқсастықтарын айтыңдар. 
- мұндай айырмашылықтарының болуының себебі неде? 
Біз  алға  қойған  мақсатымызға  байланысты  жоғарыда  көрсетілгендей, 
жыландарды  зерттеу  жұмысын  дала  практикасы  кезінде,  сарамандық  және 
лабораториялық сабақтар барысында жалғастырып отырдық. 
Осы  әдістермен Қазақстанның  далалы жерінде  тіршілік ететін шығыстық 
дала улы сұр жыландарына да  зерттеу жұмысын жүргіздік.  


49 
 
Студенттермен  ұйымдастырылған  мұндай  жұмыстар  арқылы  біріншіден, 
жыланмен жұмыста сақтық шарасын сақтау ережесін меңгерді; Екіншіден, тірі 
табиғатқа  бақылау  жүргізгенде  оны  үнемі  тіршілік  ортасымен  бірлікте  қарау 
керектігін  түсінді;  Үшіншіден  бақылаудың,  тәжірибе  жасаудың  тәсілдерін 
меңгерді;  Төртіншіден,  студенттер  ізденудің,  бақылаудың,  тәжірибенің 
негізінде  нақты  ғылыми  деректерге  көзжеткізуге  болатындығын  аңғарды; 
Бесіншіден,  биологиялық  пәнді  оқуда  жергілікті  нысандар  мен  құбылыстарға 
сүйенудің  жолдарын  білді;  Алтыншыдан,  студенттер  зерттеу  арқылы  алған 
ұғымдарын іс-әрекетте қолдануға дағдыланды. 
Біз  студенттерді  дала  практикасына  алып  шығар  алдында  сақтық 
шараларын  мұқият  зерделедік.  Улы  жыландармен  жұмыс  жасауға  қажетті 
барлық  құрал-жабдықтарды  өздерімізбен  бірге  алып  шықтық:  қапшықтар, 
қолғаптар,  жылан  ұстағыш  құрылғылар,  қысқыштар,  уды  соруға  арналған 
шынылар, ұлғайтқыш әйнектер және түрлерді анықтағыш әдебиеттер.  
Студенттер    жыландардың    дене  ұзындығы  өлшеу  барысында  олардың 
аналықтары  мен аталықтарының  бір-бірінен айырма жасайтындықтарына көз 
жеткізді.  Сонымен  қатар,  ең  бір  байқалатын  жағдай,  жыландардың  бас  бітімі 
мен  көздерінің  орналасу  ерекшеліктері  әрбір  түрде  әртүрлі  болатындығы.  Бұл 
ерекшеліктер  біріншіден,  тіршілік  ортасына  байланыстылықты  көрсетсе, 
екіншіден  олардың  жемін  яғни  қорегін  ұстау  ерекшелігіне  байланысты 
екендіктерін аңғарды.   
Жоғарыда көрсетілген мысалдардан біздің зерттеу жұмысымыздың қандай 
деңгейде жүргізілгендігін және оларды ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін 
аңғаруға болады. 
 
1.3  ЖОО-да  биолог  мамандарды  дайындауда  өлкелік  компонент 
ретінде  Қазақстан  жыландарының  биоэкологиялық  ерекшеліктерін  білім 
мазмұнына ендіру  мүмкіндіктері 
Педагогикалық  ЖОО-да  биолог  мамандарды  пәндік  және  әдістемелік 
дайындығын  жетілдіруде  өлкелік  компоненттің  мазмұнын  (Қазақстан 
жыландарының  биологиясы  мен  экологиясы  мысалында)  қалыптастырудың 
принциптерін  негіздеу  үшін  теориялық  алғышарттар  ретінде  таным  теориясы, 
ҚР  педагогикалық  және  жалпы  білім  беруді  дамытудың  тенденциялары,  іс-
әрекет  теориясы,  тұлғаны  тәрбиелеу  және  дамытудың  жалпы  педагогикалық 
заңдылықтары, жүйелілік пен өлкетанулық тәсілдеріне  сүйендік.  
Биологиялық білім берудің мазмұны әдетте оқу орындарында оқытылатын 
ғылымның  педагогикалық  бейімделген  негіздері  ретінде  сипатталады.  Бұл 
негіздер  айтарлықтай  объективті,  ғылыми  жағынан  дұрыс,    оңтайлы  көлемде 
және  қол  жетімді  деңгейде  биологияның  –  тірі  табиғаттың  тіршілігі  туралы 
заңдылықтардың  басты  ғылыми  фактілерін,  түсініктерін,  идеяларын, 
теорияларын  сипаттайды.  Осындай  білімнің  жүйесі  мазмұнның  компоненті 
ретінде ЖОО-да пәннің негізін (фундаментін) қалайды.  
Алайда пәннің мазмұны биологиялық ғылымдардың теориялық негіздерін 
ғана  қамтып  қоймайды.  Университеттік  пән  мазмұнының  маңызды  құрамдас 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау