Ермекбаева акбопе тонтаевна


Шөлді және шөлейт аймақтың жыландары



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет18/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51

38 
 
Шөлді және шөлейт аймақтың жыландары: 
Құмды  айдаһар жылан  – Eryx miliaris (Pallas, 1773) 
Өз  атына  сай  құмды  айдаһар  жылан    құмда  тіршілік  етуге  жақсы 
бейімделген.  Топыраққа  ене  отырып,  ол  құм  қабатында  судағыдай  «жүзуге» 
қабілетті.  Жоғарыға    бағытталған  көздері  топыраққа  денесі  батып  жатып, 
басының  шығарып  қойып,  өз  қорегіне  байқатпай  бақылауға  және  қапыда 
шабуыл жасауға икемді  (сурет 2).  
 
 
 
Сурет - 2 Құмды айдаһар жылан  (Eryx miliaris
 
Аталықтарының  дене  ұзындығы  58  см,  ал  аналықтарында  72  см  жетеді. 
Доға  тәрізді  тұйықталып  жатқанда    құйрығы  денесінің    бар-жоғы  5-7  см 
құрайды.    
Құмды айдаһар жыланның үстіңгі  жағы әдетте сары қошқыл түстес немесе 
ашық қоңыр түсті, бірнеше қатарлы иректелген дақтардан тұрады.  Бүйіріндегі  
қара нүктелер құрсаққа қарай ашық түске айналады. Көз алмасы ақ - сұр түстес 
нүктелерімен ерекшеленген. Көздерінің арасы 6-9 қабыршақтармен қоршалған. 
Еріннің  екінші  жоғарғы  қабыршағы  үшіншісінен  төменірек  орналасады.  Дене 
қабыршақтары жылтыр болып, артқы бөлігінде аздап мүйіздене түседі.   
Адам  үшін  қауіпті  саналатын  Қазақстанның  улы  жыландарының 
барлығының көздері тігінен орналасқан және өзара байланысқан екі жарты ай 
пішіндес  болады.  Бұл  жыланның  уы  адам  өміріне  өте  қауіпті  емес.    Айдаһар 
жыландар  құмға  тығылғанымен,  ол  қарғалар,  кезқұйрықтар,  шөлейт  кірпілері 
мен  алып  кесіркелерінің  қорегіне  айналады.  Қолға  түскен  айдаһар  жылан  
әдетте  шағып  алуға  тырыспайды,  ол  барлық  денесімен  жиырып,    құтылып 
шығуға  тырысады.  Құтыла  салысымен  ол  тез  арада  құмға  кіріп  кетіп,  көзден 
ғайып  болады.  Алайда,  кейбір  ересектері  өздерін  айтарлықтай  агрессивті 
ұстайды.  Кейде  құрсауға  түскен  ірі  айдаһар  дөңгеленіп,  адамға  кенеттен  шап 
беріп,  аяғына  жармасатындары  да    кездеседі.  Мұндайда    оның  ұсақ  тістері 
киімге  терең  кіріп  кетіп,  оны  тартып  алу  қиынға  соғады.  Бірақ,  олар  қолға 


39 
 
түскенде    негізінен  халықтық  медицинада  емдік  құрал  ретінде  қолданылады 
[166].
 
Бұл  айдаһар  жылан  негізінен  өсімдіктері  мол  немесе  сирек  құмды 
топырақтарда тіршілік етеді. Жусанды (Malcolmia) сазды шөлдерде де тіршілік 
етуден  қашпайды.  Маңғышлақта,  өсімдіктері  сирек  өсетін  Ақтөбе  облысының 
құмдарында,  тамариск  бұталары  және  жусанды  сазды  шөлдерде  кездеседі. 
Оңтүстік Қызылқұмдарда айдаһар жыландар төбе беткейлерінде және сиректеу 
өсетін    жүзгіншөптер  (Ammodendron  sieversi)  мен    қоянсүйектердің  және 
түйежаңтақтардың  арасында  тіршілік  етеді.  Ашық  даладағы  жусандар  
қаңбақты (Malcolmia) ортада айдаһар жыландар өте сирек мекен етеді.   
Айдаһар жыландар құмды топырақтарда  оны тереңірек қазып соған  еніп, 
ал сазды топырақтарда олар жіңішке тырнақты саршұнақтардың,  қосаяқтардың 
індерін  пана  ретінде  пайдаланады.  Сонымен  қатар,  олар  сазды  жерлерді  және 
тасқоралардың құрылыс нысандарының қуыстарын паналайды.   
Құмды айдаһар жыландардың  белсенділігі  таңғы және кешкі уақыттарды 
қамтиды. Олардың  негізгі қорегі кеміргіштер болып саналады. Ал, жас түрлері, 
саршұнақтар  мен  ұсақ  құстар,  кесірткелер  (жұмырбас  кесірткелер,  кәдімгі 
кесіркелер,  кеселдер)  ұсақ  жыландар  мен  жас  тасбақаларды  да  жейді.  Кейде 
олар  баулар  мен  жүзімдіктерде  де  ұшырасады  Жемтігін  жер  бетінде  де,  
індердің ішінде де ұстайды. Айдаһар жылан жемтігіне білдірмей жақындайды, 
сосын  оған  жай  отындай  төніп,  жақтарымен  жабысып  алып,  буындырғыш 
жүзіктермен  тұншықтырады [167].  
 Қорегін  өте  ұзақ  уақыт  қорытады,  мысалы  күндізгі  жұтқанын  қорытуға 
шамамен  екі  тәуліктей  уақыт  жұмсалады.  Қолға  алған  айдаһар  жыландар  өзге 
табиғаттағы  түрлеріне  қарағанда  өздерін  айтарлықтай  агрессивті  ұстап,  қатты 
шағып алуы мүмкін.  Аналығы шамамен 10  бала туады.  
Құмжылан немесе шығыс айдаһар жыланы  Eryx tataricus  
(Lichtenstein, 1823) 
Денесі  ұршық  тәріздес,  шағын  жыландар  (айтарлықтай  ірілері  910  мм).   
Басы  денесінен  жіктелмеген,  денесі  құйрығымен  жалғасады.  Көпшілік 
дараларда құйрығының ұшы тұйық бітеді. Тұмсығы дөңгелек. Басының сырты 
әртүрлі  пішінді  қабыршақтармен  қапталған.  Танау  тесіктерінің  арасында  үш 
қабыршақ  болады.  Ерін  үсті  екінші  қабыршағы  әдетте  үшіншісінен  төменірек 
орналасқан.  Көз  аралығында    әртүрлі  пішінде  көлденең  қатарласқан  7-9 
қабыршақтары  болады.  Құйрық  үсті  қабыршақтары  сиректеу  мүйізделген, 
кейде жылтыр болып келеді  (сурет 3).  
 


40 
 
 
 
Сурет - 3  Шығыстық және батыстық айдаһар жыланы 
 
Кесте – 1 Қазақстанда таралған айдаһар жыландардың анықтамалығы  
 
№ 
Сипаттамалары  
Түрлері  

 
Көздері 
жоғары 
бағытталған.  Құйрығының 
қабыршақтары жылтыр немесе әлсіз мүйізденген. 
Құмды 
айдаһар 
жылан 
– 
Eryx 
miliaris 

 
Көздері  екі  жағына  қарай  тең    бағытталған. 
Құйрық  бөлімі  анық  байқалатын  немесе  жақсы 
дамыған мүйізді қабыршақтармен қапталған.  
Шығыстық 
айдаһар  жылан  – 
Eryx tataricus 
 
Шығыс  және  батыс  айдаһар  жыландарының  ерекшеліктері  олардың 
көздері  екі  жаққа  қарап  орналасқан.  Ал  құмды  айдаһар  жыландарда  көздері 
жоғарыға  қарай  орналасқан.  Дене  қабыршақтары  тегіс  жылтыр  болады.  Орта 
Азия мен Қазақстанда шығыс айдаһар жыланы  - Eryx tataricus, ал  Кавказда – 
батыс айдаһар жыланы - Eryx jaculus тіршілік етеді [168]. 
Денесінің  жалпы  түсі  қоңырқай  сары,  қоңыр  немесе  қара  бір-екі  қатар 
дақтары  тұлғасын  бойлай  өтеді.  Денесінің  құрсақ  және  бүйірі  қара  қоңыр 
немесе  қара  түсті  тамшы  тәріздес  нүктелермен  қапталған.  Бұл  жыландар 
Қазақстанның  оңтүстігінде  жиі  кездеседі.  Сонымен  қатар,    Арал  маңы 
Қарақұмдарында,  Мойынқұмда,  Балқаштың  батыс  жағалауына  жақын  маңда 
Іле,  Шу  өзенінің  оң  жақ  бөлігіндегі  сексеуілдердің  арасында,  және  Көкөзек 
өзендерінің  төменгі  бөліктерінде,  Ақсу  және  Лепсі  өзендерінің  төменгі 
бөліктерінде кездеседі (кесте 1).  
 Құмжыландар 
пана 
ретінде 
әдетте 
кеміргіштердің 
ұялары 
(саршұнақтардың),  сексеуілдің,  тамариск,  жүзгіннің  тамыр  мен  түбіндегі    бос 
кеңістіктер,  сондай-ақ  тастардың  асты  және  олардың  араларын  пайдаланады.  
Сонымен  қатар,    құмның  астын  пана  ретінде  ғана  пайдаланып    қоймай,  онда 
тіршілік етіп жүреді. (10-15 м). Мұндай жағдайды  құрғақ құмды жерлерде  ғана 
іске  асырады.  Мамыр  және  қазан  айларында  құмжыландар  құмға  жасырынып 
тек құйрығын сыртқа шығарып  жатады. Мұндай жағдайда олардың құйрығын 
байқаусызда басып кетіп, зақымдау мүмкін.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау