41
Құмжыландар бір-біріне зақым келтірмей, бір інде әдетте екі аталық
немесе екі аналық бірге тұра беруі мүмкін. Кейде бір інде неше түрлі
жыландармен де бірігіп тіршілік ете береді [169].
Жабық ортада мекен ететін құмжыландар адамдарға тез бейімделеді.
Табиғи жағдайларда буаз аналықтары адамға жиі шабуылдайды. Ондайда
аунап, ысқырып, басы мен кеудесін жерден көтеріп, қабырғаларын кең жайып,
айбат шегеді. Аталықтарында мұндай әрекет байқала бермейді.
Құмжыландар улы жыландарға жатпағанымен, олардың шағып алған
жерінде кішігірім қанталаған жарақаттар пайда болады.
Олардың белсенділігі түнде күшейеді. Күндіз құмжылан індерінде,
құмның құрғақ қабаттарында немесе іннің кіре берісінде жатады. Кейде
денесінің бір бөлігін жер бетіне шығарып, басын іннің ішіне тығып жатады.
Ал, бұлтты не ала бұлтты күндері олар жердің бетінде өзінің түнде аулаған
қорегін кішігірім құсты немесе сүтқоректіні жұтумен айналысады (жемтігін
тәулік бойында жұтуға қабілетті).
Шығыс айдаһар жыланы басқа жыландарға қарағанда көктемде жер бетіне
кеш шығады. Кейде бұлар жаздық ұйқыға кетеді. Құмжыландар індерден
қараңғы түскенде шығады да таңғы сағат 5-6 дейін белсенді болады. Бұлар
баяу қимылдайды. Түнгі уақыттарда індерінен шықпауы да мүмкін. Сол
себептен, жазғы уақыттарда құмжыландарға бақылау жүргізу қиын.
Ересек құмжыландар омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Олардың
құрсағынан қалқанқұлақ, жұмырбас кесірткелерді (Phrynocephalus mystceus),
жылдам қозғалғыш (Eremias velox) және торлы кесірттерді (Eremias grammica),
сары торғай (Emberiza bruniceps), кіші саршұнақтарды (Allactaga elater), жас
құмтышқандарды (Rhombomys opimus, Merione tamarycinus) кездестіруге
болады.
Барлық жыландарға ортақ қасиет денелерінің өте созылыңқы болып келуі.
Құйрығы басы мен денесімен салыстырғанда едәуір қысқа, қол-аяқтары жоқ,
бірақ кейбір тұқымдастарда тырнақ тәріздес артқы аяқтарының рудименттері
сақталған. Қабақтары болмайды, көздері сыртынан тұтас мөлдір қозғалмайтын
қабықпен қапталған, түлеу кезінде бастың ескі мүйізденген терісімен бірге
сылынып түседі. Дабыл жарғағы болмайды [170].
Олардың ми қорабы алдыңғы жағынан сүйектенген. Бассүйектің бағанасы
ұқсап, самай доғасы да болмайды. Квадрат, жоғарғы самай, қанатша тәріздес,
таңдай және жоғарғы жақ сүйектері ми қорабымен беріксіз және қоғалмалы
байланысқан. Атанақты (барабан) қуысы және евстахиев түтіктері жоқ. Төменгі
жақтар бір-бірімен созылмалы байлам арқылы байланысқан. Жақсы дамыған
тістері жоғарғы жақтарында, таңдай, қанатша тәріздес және тіс сүйектерінде
орналасуы мүмкін, ал кейбір ежелгі тұқымдастар өкілдерінде жақаралық
сүйектерде де кездеседі.
Әрбір омыртқа доғасының алдыңғы шеті жақсы дамыған шығыңқы болады
(зигосфеном), ол омыртқалардың бір-бірімен бірігуінде алдыңғы омыртқаның
доғасының артқы бөлігіне сәйкесінше тереңірек орналасады (зигантрум).
42
Алдыңғы аяқ қолдарының белдеуінің рудименті жоқ, бірақ жамбас
рудименттері болуы мүмкін. Қуық болмайды.
Жыландарды сыртқы белгілеріне қарап анықтағанда бас бөлігін қаптайтын
кейбір қабыршақтардың формасы, көлемі, ара-жігі, кейде олардың саны
маңызды рөл атқарады. Тұмсықтың ұшын жақаралық қалқаншасы қаптайды, ол
кейде жоғары жағынан жақсы байқалады. Бас бөлімінің жоғарғы жағында
келесі қабыршақтарды ажыратады: жұп мұрын аралық, маңдай алды, тақ
маңдай қабыршағы және жұп төбе, көзүсті. Бірқатар түрлерінде осы
қабыршақтардың кейбір түрлері кездеседі немесе олар ұсақ пластинкаларға
тармақталып кетсе, басқаларында басы арқа бөлімін еске түсіретін
қабыршақтармен қапталған. Улы сұр жыландарда тұмсығының жоғарғы
жағында орналасып жақаралық қалқаншаға тақалған көп бұрышты пластинка
ерекше атауға ие: апикальды қабыршақ [171, 172].
Қазақстан фаунасында кездесетін улы сұр жыландар тұқымдасының
өкілдеріне ғана тән басының екі бүйірінде мұрын және жақаралық
қабыршақтың болуы. Ол жақаралық және мұрын қабыршақтарының арасында
орналасқан, кейде өзінің төменгі шетімен соңғысына бірігіп өсіп кетеді. Танау
тесіктері орналасқан мұрын қабыршақтары (олардың саны бір немесе бірнешеу
болуы мүмкін). Мұрынның артқы жағында орналасқан бет ұшының
қабыршағы, көздерді бөліп тұрған көзалды қабыршақтарының астына әдетте
кішігірім көлемдегі көзасты қабыршағы қысыңқы орналасады. Көздердің артқы
бетінде көзарты қабыршақтары орналасқан, ал жоғарғы еріннің шеті жоғарғы
ерін қабыршақтарымен шектелген. Төбе және жоғарғы еріннің бүйір
жақтарының арасында көздің артында бірінші қатарлы самай қабыршақтары
олардың артқы жағында әдетте ұсақ екінші самай қабыршақтары орналасады.
Бастың төменгі жағында жиірек келесі қабыршақтар орналасқан: төменгі ернін
шеттейтін иек асты қабыршақ (олардың бірінші жұбы әдетте иек астынан артқы
жағынан бір-бірімен жанасады); бастың оң және сол жақ алдыңғы төменгі
еріндері. Бастың жоғарғы және төменгі бүйір беткейдің қабыршақтарымен
сәйкес, осы қабыршақтардың кейбіреуі түсіп қалуы мүмкін (бұл бірінші кезекте
артқы төменгі жақтарға тән).
Соқыржыландар тұқымдасының өкілдерінің қабыршақтың формасы мен
орналасуы басқа жыландардан өзгеше болады.
Қазақстан жыландарының арасында соқыржыландардың денесі ғана бір
типті қабыршақтармен қапталған, қалған басқа жыландарда дененің төменгі
жағында дененің басқа бөліктерінің қабыршақтарынан қатты ерекшеленеді
және шығыңқы орналасқан пластинкаларға ұқсайды. Құрсақ қабыршақтарының
саны әдетте түрді анықтауда маңызы бар және жалпы алғанда омыртқаларының
санына сәйкес келеді. Құрсақ қабыршақтары клоака қуысының алдында
орналасатын аналь қабыршағымен аяқталады; бұл қабыршақ қиғаш тігіспен
екіге бөлінуі мүмкін. Құйрықтың төменгі жағы құйрық асты қабыршақтармен
қапталған, олар Қазақстандық жыландардың көпшілігінде екі ұзынша қатарға
(құйрықасты деп аталатын) бөлінуі мүмкін, кейбір түрлерде құйрықасты
қабыршақтарының бір бөлігі бөлінсе, екіншілері бөлінбеген болады. Денені
Достарыңызбен бөлісу: |