Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет24/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51

52 
 
Педагогикалық  ЖОО-да  биолог-мамандарды    дайындауда  атақты  орыс 
психологы  А.Г.Асмолов  жалпы  білім  беру  жүйесіне  оңтайлы    әсерін  тигізген 
бірнеше идеологиялық құралдарды жасап, оларды ұсынған: [175] 
-  «вариативті  білім  беру»  білім  беруді  құрастырудың  талабы  ретінде,  әр 
адамның  жеке білім  алу  траекториясын  құзыреттілікпен  таңдауын  қамтамасыз 
ету; 
 
-  «толеранттылық»  өркениеттік  норма  ретінде,  адам  және  әлеуметтік 
топтардың алуантүрлілік әлемінде тұрақты дамуын қамтамасыз ету.    
Білім  беру  жүйесін  реформалау  А.Г.Асмоловқа  мынандай  қорытынды 
жасауына алып келді, білім беруді дамытудың түрлі көріністерінің шекарасында 
жүйелік,  әлеуметтік  және  ментальді  әсерлер  орын  алған,  ал  олардың  пайда 
болуына білім беру қатысады: [176] 

көп  ұлттылық,  көп  конфессиялылық  және  көп  мәдениетті  мемлекет 
жағдайында адамның бірегейлігін қалыптастыру;  

қоғамның әлеуметтік және рухани топтастырылуы; 

тұлғаның, білім берудің сапасы мен қол жетімділігін қоғамның әлеуметтік 
жағынан  жіктеліп  кету  қатерін  азайтушы  фактор  ретінде  оның  әлеуметтік 
мобильділігін қамтамасыз ету; 

түрлі  әлеуметтік  топтар,  діни  және  ұлттық  мәдениеттер  өкілдерінің  бір-
біріне деген сенім және толеранттылықтың әлеуметтік нормаларын құрастыру; 

өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтендірілуі; 

тұлға, қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [177, 178].  
Білім  берудің  вариативтілігі  біріншіден,  студенттердің  түрлі  топтарының 
мүмкіндіктеріне  және  олардың  жекебас  ерекшеліктеріне  сәйкес  келуіне 
қабілеттілігі;  екіншіден,  біртұтас  білім  беру  кеңістігінде  өзгерістермен, 
инновациялармен  алуантүрлілік  кеңістігі  ретінде  басқару  мүмкіндігін 
сипаттайтын  тенденция  ретінде  қарастырылады.  Жалпы,  білім  берудің 
стандартизациясы  мен  вариативтілігі  өскелең  ұрпақтың  әрқайсысының 
әлеуметтенуі  мен  жекеленуіне,  сондай-ақ  білім  беру  жүйесінде  орын  алған 
өзгерістер мен қызмет етуді мемлекеттік, өлкелік, муниципалды және мектептік 
деңгейлерде басқаруға ықпал етеді.  
ЖОО-да және жалпы білім беретін мектептерде биологиялық білім беруді 
дамытудың қазіргі заманғы ақиқаттылығы мен бағыттарын түсіну үшін «қоғам- 
білім алушы-білім беру» жүйесінің күйін түсіну маңызды. 
Қоғам мен мәдениеттің дамуы білім берудің мазмұны мен формаларының 
қайта құру үдерістерін бастан өткізіп келеді, бұл қазіргі заманның  әлеуметтік-
мәдени ақиқаты ретінде білім берудің дәстүрлі тәсілінің – білім алушыға білім, 
білік  пен  дағдының  белгілі  мөлшерін  тасымалдаушы    болып  саналады.  Осы 
арқылы білім беру мен білім алушылар  арасында қарама-қайшылықтар туады. 
Бұл  қарама-қайшылықтардың  жарқын  мысалы    білім  алушының  меңгерген 
білімімен  оны  әлеуметтік  және  шынайы  кәсіби  іс-әрекетінде  қолдану 
арасындағы  сәйкестіктің  жоқтығы.  Аталған  қарама-қайшылықтарды  шешу 
оқыту  үдерісінің  ақиқат  өмірлік  контекспен  мәмлеге  келуін  аңғартады.  Сол 
собептен де, білім беру мазмұнының негізгі бірлігі болып мәселелік ситуация, 


53 
 
пәндік және әлеуметтік біртұтастық міндеті алға шығады.  
Келесі  заңдылық  –  педагогикалық  ЖОО-да биолог  студенттерді  дайындау 
үдерісінде олардың тұлғасының әлеуметтендіру мен кәсібилендіру арасындағы 
өзара  байланыс.  Тұлғаның  дамуы  белгілі  әлеуметтік-мәдени  шарттарда,  оның 
іс-әрекетінде, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуында жүзеге асады. Қоғам 
дамуының  қазіргі  заманғы  сатысында  педагогикалық  білім  беру  биология 
пәнінің  мұғалімдерін  табиғи,  әлеуметтік-мәдени  және  кәсіби  кеңістікте 
бейімделуін, өз кәсібіне мағыналы-құнды қатынастарды қалыптастыруды, оның 
кәсіби  шыңдауы  мен  өзін-өзі  дамытуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Мұғалім 
тұлғасының  басты  сапалық  қасиеті  кәсіби-педагогикалық  бағыттылық 
саналады, оның негізінде педагогикалық іс-әрекеттің жетекші себептері жатыр. 
Ол  мұғалім  тұлғасының  негізгі  қасиеттері  мен  сапаларын  қалыптастырушы 
іргетасы  ретінде;  педагогикалық  іс-әрекетке  шақыру  түрінде;  кәсіби 
құзыреттіліктерді  қалыптастыру  үдерісінде  пайда  болатын  динамикалық  білім 
беру  түрінде;  педагогикалық  іс-әрекетке  себептік-құндылықтық  қатынастың 
көрсеткіші ретінде қарастырылады.  
Болашақ биология пәнінің мұғалімінің тұлғасын кәсібилендіру барысында 
шешімін  табуға  тиіс  ақпарат  нақты  анықталған  биологиялық-  пәндік  және 
әдістемелік  дайындығының  академиялық  тапсырмаларды  (оқытушымен, 
оқулық  авторымен,  оқу  құралымен  құрастырылған  тапсырмалар)  ғана  емес, 
сондай-ақ, белгісіз, өзіндік құрастыру мен бірнеше шешімдерге ие практикалық 
тапсырмаларды  қосу  атсалысады.  Практикалық    тапсырмаларды  шешудің 
ерекшеліктеріне келесілер жатады:  
- дамытушы контексттер; 
- практикалық тапсырманың өзгермелі мазмұны; 
- практикалық тапсырманы шешудің дамытушы алуантүрлілігі; 
- тапсырманы анықтау мен түсіндіруде дамытушы ауытқулар [179].  
Педагогикалық 
ЖОО-да 
биолог-мамандарды 
даярлау 
мазмұнын 
қалыптастыруда  сүйенуге  болатын  тағы  бір  заңдылық  ол  -  әдістемелік 
дайындық мазмұнының интеграциясы мен жіктелуінің біртұтастығы. Белгілі 
ресейлік  әдіскерлердің  пікірінше,  интеграция  және  жіктелу  –  ғылым,  техника 
мен білім беруде орын алатын объективті өзара байланысты үдерістер [180]. 
Педагогикалық  ЖОО-да  биолог-мамандарды  даярлау  мазмұнындағы 
интеграция және жіктеудің біртұтастығы келесілерде көрініс беруі мүмкін:  
- мазмұн,  білім  элементтері,  іс-әрекет  түрлерінің  компоненттерін  жүйелік 
құру және олардың өзара қарым-қатынастарында;  
- педагогикалық,  биологиялық  және  экологиялық    теориялардың  ара-
қатынастарында;  
- студенттерді  дайындау  мазмұнының  теориялық  және  практикалық 
құрамдас бөліктерінің өзара қатынастарында; биологияны оқыту теориясы мен 
практикасында;  
- биологиялық және әдістемелік пәндер мазмұнының өзара байланысында;  
- педагогикалық  ЖОО-дары  мен  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім 
беру үдерістерінің өзара қарым-қатынастарында.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау