«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет15/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

56
Қызығушылығын ояту.
«Қыз  Жібек»  кинофильміне  түсуші  әртістер  Құман 
Тастанбеков  пен  Меруерт  Өтекешованың  фотосуреттері 
көрсетіледі. Соған қатысты сауалдар:
1) Мына суретте кімдерді көріп отырсыңдар? 
2) Бұл әртістер сендерге қай кинофильмнен таныс? 
3) Әртістер туралы не білесіңдер?
«Қыз Жібек» фильмінен  үзінді көрсетіледі.
Мағынаны тану.
I. Лиро-эпостық жырлар – ауыз әдебиетінің рухани асыл 
қазынасы.
II. Әдеби мұралардың көркем үлгісі – «Қыз Жібек» жыры:
1. Жыр туралы бірер сөз;
2. Жырдың тарихы;
3. Жырдағы кейіпкерлер топтамасы.
III. Жырдың мазмұны.
Алдын ала жыр мазмұнын оқу тапсырылған болатын. Топ 
оқушыларының  төмендегіше құрған жоспарлары негізінде 
топтар кезектесе отырып жыр мазмұнын жинақтайды:
1. Зарыға күткен бір перзент;
2. Жар таңдау;
3. Ақ Жайыққа сапар;
4. Жібекпен кездесу;
5. Қыз әкесінің келісімін алу;
6. Елге қайту;
7. Уәдеде тұру;
8. Төлегенге жасалған қастандық;
9. Хореннің лаңы;
10. Сансызбай.
Оқулықпен жұмыс.
Топтар  кезекпен  шығып,  «Кубизм»  стратегиясы                 


57
бойынша жұмыс атқарады.
1. Зерттеңіз:
1. Жырдың тақырыбы қандай?
2. Жырдың негізгі ойы қай бейнелер арқылы көрінген? 
3. Жыр қай ғасырда шыққан?            
4. Жыр қандай ұйқаспен жазылған? 
5.  Жырда  қазақтың  қандай  салт-дәстүрлері  көрініс  
береді?
2. Суреттеңіз:
1.  Оқулықтан  Қыз    Жібек  пен  Төлегеннің    келбетін 
суреттейтін жерлерді тап. 
2. Шеге, Бекежан бейнелері қалай берілген?
3. Салыстыр:
1) Ер Тарғын мен Төлегенді салыстыр. 
2) Ақжүніс пен Жібекті салыстыр.
4. Қолданыңыз:
1.  Жібектің  сұлулығын  беруде  жыршы  қандай   
көркемдегіш  тәсілдерді қолданған? 
2. Жыр  кейіпкерлері мен табиғат арасындағы байланыс 
қалай берілген?
5. Талқылаңыз. Бұл сұраққа топтар түгел қатысады.
(Пікірді қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз):
1) Жібектің Төлеген түскен үйге өз аяғымен келуі  дұрыс 
па? 
2)  Сансызбайға  қосылуына  қалай  қарайсың,  оның  түп  
тамыры неде жатыр?
Ойтолғаныс.
Топтарға төмендегіше тапсырмалар беріледі:
1. Бүгінгі таңда Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай 
махаббат бар ма?
2. Сен жырдың қалай аяқталғанын қалар едің?


58
3. Төлеген мен Жібек басынан өткен жағдай бүгінгі таңда   
қаз қалпында қайталануы мүмкін бе?
4. «Жырдан алған әсерім» (әссе жазу).
Бекіту:
1.  Лиро-эпостық  жырлар  мен  эпостық  жырлардың 
айырмашылығы қандай?
2.  Лиро-эпостық  жырларға  жататын  қандай  жырларды 
білесіңдер?
3. «Қыз Жібек» жыры қай ғасырдың оқиғасын баяндайды?
4. Жыр неше бөлімнен тұрады?
5.  «Қыз  Жібек»  фильмі  қай  бөлім  бойынша  қай  жылы 
түсірілген, режиссері кім?
6. Жырды зерттеушілер кімдер?
7.  Біздің  жазба  әдебиетімізде  сақталған  нұсқа  қай 
жыраудың нұсқасы?
Жалпы нұсқа санының мөлшеріне қарай өзге жырлардан 
айырмашылығы бар ма?
8. Сәкен Сейфуллинннің жыр туралы айтқан сыни пікірі 
қандай?
9. Жырдың 500 жылдығы қашан атап өтілді?
10.  Жыр  оқиғасы  қай  кейіпкерлер  бейнесі  арқылы 
берілген?
«БҮҮ»  стратегиясы  бойынша  парақшалар  беріліп, 
жауаптары жинап алынады.
Үйге  тапсырма:  1.  Жырды  оқу.  2.  Жырдан  Жібектің 
сұлулығы  суреттелген  жерін  және  Төлегеннің  алты  қазбен 
қоштасатын жерін жаттау.
Бағалау.


59
Оқулыққа қосымша
Бахит ИМАНБЕРДИЕВ,
Иассауи атындағы ХҚТУ-дың 
2-курс докторанты.
Түркістан қаласы.
МҰХТАР ӘУЕЗОВ 
ҒҰМЫРБАЯНЫНЫҢ  
ТАШКЕНТТІК КЕЗЕҢІ
Ұлт  әдебиетін  әлемдік  көркемсөз  айдынына  енгізген 
классик  қаламгер,  кемеңгер  ғалым  Мұхтар  Әуезовтің  таза 
әдеби-ғылыми  шығармашылық  өмір  жолы  1922  жылы 
қыркүйек  айында  Ташкентке  келген  кезінен  басталады. 
Қаламгер  библиографиясының  ғылыми  тұрғыдағы  толық 
нұсқасын түзуде ташкенттік кезеңді қарастырудың мәні зор. 
Бұл  орайда  Мұхтар  Әуезовтің  Ленинградтағы,  Семейдегі 
оқыған,  ұстаздық  еткен,  баспасөз  ісімен  айналысқан, 
Абай  мұрасын  жинау  мен  насихаттау  бойынша  атқарған 
істерін  осы  кезең  ішінде  шолу  түрінде  баяндап  өту  қажет. 
Себебі,  біріншіден,  қаламгердің  аталған  қалалардағы 
ғұмырбаянына  Ташкенттегі  ресми  қызметінің  қатысы 
бар,  яғни,  оны  Ленинград  мемлекеттік  университетіне  
Түркістан  Республикасының  үкіметі  арнайы  жолдамамен 
жіберді,  сондықтан  ол  кейіннен  оқуын  бітірген  соң  1928 
жылы  қыркүйекте  ғылыми-педагогикалық  қызметін 
осы      Ташкентте  қайта  жалғастырды.  Екіншіден,  жазушы, 
ғалым  ретіндегі  Мұхтар  Әуезовтің  әлем  әдебиеті,  тілі  мен 
ғылымын  игеріп,  Батыс,  Шығыс  мұраларын  меңгеруде 
бұл  жылдардың  орыны  ерекше.  Оған  қоса  осы  қалаларда 


60
араласқан  адамдар,  олармен  жазысқан  хаттары  және  сол  
азаматтардың  естеліктері  мен  көркем,  ғылыми  еңбектері, 
сондай-ақ  осы  жылдардағы  архив  деректері  де  Мұхтар 
Әуезовтің  ташкенттік  әдеби  ортасына  қатысты  ғылыми 
библиографиясының толығуына септігін тигізері сөзсіз.
Бұл  орайда  «Жазушы  мұрасын  зерттеп,    танып,  білуде 
кезең күттірмес аса ділгір мәселенің бірі – Мұхтар Әуезовтің 
әдеби  ортасы  мен  айналасына  келіп  тіреледі.  Өйткені 
кемеңгер  жазушының  өмір  жолында  кездескен,  тікелей 
немесе жанама түрде араласқан сан қилы тағдырлы тарихи 
тұлғалар  мен  оның  семейлік,  орынборлық,  ташкенттік, 
москвалық,  санкт-петербургтік,  алматылық  нақтылы  әдеби 
ортасы болғандығына ешкім де күмән келтірмесе керек-ті» 
[Түркістан Тараз арасы... Астана, «Білге», 2002, 39-б.] деген 
абайтанушы,  мұхтартанушы  көрнекті  ғалым  Мекемтас 
Мырзахметұлының ғылыми негізді тұжырымы өте орынды.
«Осенью  1922  года  я  поступил  вольнослушательем  в 
Среднеазиатский государственный университет в Ташкенте. 
Тогда  же  начал  сотрудничать  в  журнале  «Шолпан»,  где 
напечатал  несколько  рассказов  об  уродливом  социально-
бытовом укладе старого казахского аула» [М.Ауэзов. Абай. 
М.,  1950,  5-б.]  деп  өзі  жазғандай,  1918-1924  жылдары 
Түркістан  АССР-ының  орталығы  және  астанасы  болған 
Ташкентке  келіп,  Түркістан  мемлекеттік  университеті 
қоғамдық  ғылымдар  факультетінің    еркін  тыңдаушысы 
ретінде білімін жетілдіруге кіріседі.
Сонымен  бірге  Түркістан  Коммунистик  партиясы  мен 
Орталық  атқару  коммитетінің  үні  «Ақ  жол»  газетінің 
редакциясында  келісіммен  штаттан  тыс    тілші,  Ташкент 
орман шаруашылығы техникумында  қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің  оқытушысы,  Түркістан  Коммунистер  партиясы 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау