40
Гүлнара БАЙДҮЙСЕНОВА,
№86 орта мектептің
мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
Шалқия кенті.
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ
«БІЗДІҢ ЖАҚТА ҚЫС ҰЗАҚ»
ШЫҒАРМАСЫ
(11-сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 2 сағат)
Сабақ мақсаты: білімділік – романтикалық-
философиялық бағыттағы Оралхан Бөкей прозасының
құндылығы мен көркемдік сипатын ашу; дамытушылық
– дара дарын Оралханның рухани әлеміне ене отырып,
оқушылардың образды ой өрбітіп, пәлсафалық ой түйіндеуге
шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – киелі сөз
өнерін биік қойып, кірпияздықпен ұлықтай білген зерделі
сөз зергерінің оптимизм, символизм және катарсизмге толы
көркем шығармаларына тереңірек мән бере оқыта отырып,
жазушы шығармашылығын қадірлей де қастерлеп бағалай
білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту. Түрі: сын тұрғысынан оқы-
ту технологиясы. Оқыту әдісі: талдау, топтастыру, жинақтау,
ой қозғау. Көрнекілігі: жазушының портреті, слайдтық
көріністер, кесте-сызбалар, жазушының кітаптары, буклет.
«Қазақ әдебиеті» газеті, №38 (3306) 14–20 қыркүйек, 2012
ж. («Суреткердің соңғы сапары: Аңызы мен ақиқаты».
12-бет).
Эпиграфы: Мұзтаудың мұзын жібітем десең,
Ана тіліңді әлдиле! (Оралхан Бөкей).
41
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, назарларын
сабаққа аудару.
І. Қызығушылықты ояту.
Сөз өнерінің сөнбес жұлдызы – Оралхан Бөкей
романтикалық-философиялық бағыттағы прозаның тамаша
үлгілерін жасады.
Корей ұлтының өкілінен шыққан мәскеулік жазушы,
аудармашы Анатолий Ким өзінің шын досы Оралхан
Бөкейдің прозасын орыс тіліне көсіле шебер аударды,
оның шығармашылық әлемін әлем әдебиетінде норвег
жазушысы Крут Гамсонға ұқсатады. Ол жазушы да өз
туған әдебиетінде романтикалық-философиялық бағыттың
негізінде еңбектенген. Әлемдік деңгейдегі қаламгерлерді
аударумен айналысқан көрнекті жазушы Анатолий Ким
Оралхан Бөкей, Крут Гамсон – өнерде бағыттас, тереңдіктері
тепе-тең тұлғалар деп бағалаған.
Ойшақыру. Өзінің жыр ғып жазған сұлу әлеміне сәйкес
«Алтайдың Кербұғысы», «Мұзтаудың Мұзбалағы» атанған
өр Оралхан – бүкіл қазақтың қазынасы, мәңгілік сағынышы.
ШЫН ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ
Слайд №1
Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза:
– «Лениншіл жасқа» қызметке жаңадан келген
Оралханды Мойынқұмға командировкаға жібердім.
Оралхан сол сапардан біраз жыл кейін «Құм мінезі» деген
повесть жазды. Міне, жазу! Жазсаң – осылай жаз!
Әйтпесе кінәсі жоқ ақ қағазды шимайлама, былғама.
... Құмға жан біткен. Құмға мінез біткен.
Оралхан Бөкей
туралы
42
Құм момақан екен. Құмда да қуаныш, құмда да мұң
болады екен. Әттең, мен қалай байқамағанмын.
Слайд №2
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов:
– Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ,
оның Оқжетпес шыңдарындай биік еді.
Өркеш-өркеш тастардай ірі еді.
Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап
шыққан жұлдыз еді.
Слайд №3
Анатолий Ким (Жазушының досы, шығармаларын орыс
тіліне аударушы):
– Оралхан Бөкей – ақындық әлемнің жаршысы
болған романтикалық жазушы, құштар поэзияға толы
шығармашылық шабыткері. Оның қолтаңбасы өзгеше
болатын. Жан әуені әуезді еді.
Оралхан
Бөкейдің
аудармаларының
атышулы
табыстарынан кейін маған көптеген жазушылар өтінішпен
келді. Бірақ мен Оралханша ойласып, ұғысу ләззатын таба
алмағаннан кейін көпшілігінен бас тарттым.
Ол қайтыс болғанда мен Кореяда болатынмын. Сондай
талантымен құдіретті адамның соңғы сағаты соққанына сене
алмадым... Мен оны әлем әдебиетінде норвег жазушысы
Крут Гамсонға ұқсататынмын.
ІІ. Жаңа сабақ. Ой өрбіту. Ассоциация.
Адам деген қандай ұғым?
Бүкіл әлем әдебиетіндегі ең үлкен міндет, басты мүдде
– Адамды жырлау. Адам – ұран! Адам – ұлы! Адамның өзі
қызықты, киелі, құдіретті.
43
Түрмеге қамалмағанда. Еркін, бостан болғанда.
Әділетсіз бастықтарға.
Шабытты шақтарда.
тәуелденбеген жағдайда.
Адамның кейбір кездері,
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса. (Абай).
Жаңа сабақты меңгерту.
«Сайтан көпір», «Қар қызы» деп аталатын екі хикаяттан
тұратын «Біздің жақта қыс ұзақ» шығармасы үшін жазушы
Оралхан Бөкей Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығымен марапатталды. Сол жылы жазушы «Құрмет»
орденінің иегері атанды.
Адам қашан
жасампаз?
«Біздің жақта қыс ұзақ»
«Сайтан
көпір»
«Қар қызы»
Адам табиғатынан
туындайтын барлық
сауалдарға жауап
іздеу жорығы
Қатал сынға түскен ұлы
өмір жорығын жанкеш-
тілікпен жеңіп шыққан
әкелі-балалы Тәңірұлы
Аспан мен Аспанұлы
Аманның сан қилы тағдыры
– ұрпақ сабақтастығының
сарқылмастығы, махаббат
пен мейірімділіктің
сабақтастығы
Сайтан көпірден өтерде
қолдан ұйымдастырылған
қар көшкінінің астында
қалып екі аяқтан айырыл-
ған мүгедек Аспанның отыз
жылдан соң сол Сайтан
көпірден жалғыз ұлы
Аманның аман өтуін
құдайдан тілеген әке тілегі,
әке үмітінің ақталуы;
Қос шығар-
маның идеясы:
1) Адамзатты
сақтауға
шақырады;
2) Адам рухы
өлмейді;
3) Адамдарды
бірлікке
шақырады;
4) Жер үстілік
тіршіліктің
даралық
сипаты
үзілмейді,
жалғасады.
Келешекке
сеніммен қарау
– Оралхан
оптимизмінің
негізі.
«ДТ-54» тракторымен
алыстағы Айыртаудан
пішен әкелуге шыққан
Нұржан, Бақытжан,
Аманжан атты жас
жігіттердің қатігез Қоңқай
шалдың нұсқауымен әдейі
ауыстырып жіберетін шым-
шытырық жолына түсіп,
өр Алтайдың сақылдаған
қырық градус аязында
өмірлерінің қауіпті, қатерлі
сапарға ұласуы.
Жігіттерді ұйықтап қалса
үсіп өлетін қайғы-қасіретке
жеткізбей, Нұржан арқылы
қайта-қайта оятып,
періштедей желеп-жебеп
жүрген Қар қызының
ерекше пафос пен
романтикалық рухта
көркемделу сыры, қиын
сапардың сәтті аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |