47
В)130 жылға; Г)140 жылға.
2. XIX ғ. әдебиеттің дамуына әсер еткен патшалы
Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі «Жаңа низам»
ережесі қай жылы шықты?
А) 1821 жылы; Ә) 1800 жылы; Б) 1823 жылы;
В) 1824 жылы; Г) 1868 жылы.
3. XIX ғасырдың басындағы әдебиетте көрініс тапқан
ел ішінде қандай келеңсіз істер бел алды?
А) Жерді бөлу; Ә) Халықты әкімдікке сайлау;
Б) Отырықшылдық; В) Қоныстандыру;
Г) Жала жабу, пара алу.
4. Әдебиеттану ғылымына «Зар заман ақындары»
терминін алғаш енгізген ғалым кім?
А) Мұхтар Әуезов.1927 жыл;
Ә) Сәкен Сейфуллин. 1923 жыл;
Б) Ахмет Байтұрсынұлы.1920 жыл;
В) Ысқақ Дүйсенбаев. 1970 жыл;
Г) Ханғали Сүйіншәлиев. 1991 жыл.
5. Кейіннен тұтас бір дәуірдің атына айналған «Зар
заман» деген сөз қай ақынның өлең жолынан алынған?
А) Шортанбай Қанайұлы; Ә) Мұрат Мөңкеұлы;
Б) Дулат Бабатайұлы; В) Нарманбет Орманбетұлы;
Г) Нұржан Наушабаев.
6. «Зар заман ақындары» деген ақындарды
анықтаңыз.
А) Асан қайғы, Бұқар жырау;
Ә) Сәкен, Ілияс, Мағжан;
Б) Махамбет, Шернияз, Алмажан;
В) Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз;
Г) Дулат, Шортанбай, Мұрат.
7. Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз.
А) 1728 жыл; Ә) 1810 жыл; Б) 1802 жыл;
В) 1847 жыл; Г) 1683 жыл.
48
8. «Жер кімдікі?» дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?» деген жолдардағы Дулаттың
ойын анықтаңыз.
А) Ата қоныс жерін тастап кеткенін айтып отыр;
Ә) Жерінің құнарсыздығынан ұялып отыр;
Б) Орыс переселендеріне қазақ жерін беруге қарсылығын
көрсеткен;
В) Қазақ жерін ұлғайту керектігін айтқан;
Г) Кең қоныстың таралуына ренжіп отыр.
9. Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.
Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.
А) Сұлтанмахмұт Торайғыров; Ә) Абай; Б) Жамбыл;
В) Дулат Бабатайұлы; Г) Сәбит Дөнентаев.
10. Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау, кең алаң,
Атам қонған кең далам!
Үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын
табыңыз.
А) «Еспембет»;
Ә) «Өсиетнама»;
Б) «Ақжайлау мен Сандықтас»;
В) «Арнау өлеңдер»;
Г) «Аягөз».
11. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
А) «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес»;
Ә) «Жетісу суреттері»;
Б) «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»;
В) «Сөз жазып, өлең өлшемек»;
Г) «Кәмшат қыз».
49
12. Дулат ақын
«Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ талғаусыз» деген өлең жолдарында нені
сынға алады?
А) Төренің екіжүзділігін, араны ашылған парақорлықты;
Ә) Күлкілі де жексұрын пысық бейнесін;
Б) Елдің обалына қалып, елді тонаушыны;
В) Шен-шекпенге сатылған төрелерді;
Г) Тоғышарлардың безбүйрек қайырсыздығын.
13. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында
жасөспірім Абай мен әжесі Зеренің, анасы Ұлжанның бір
айдай қонағы болған зар заман ақыны кім?
А) Мұрат Мөңкеұлы; Ә) Шортанбай Қанайұлы;
Б) Дулат Бабатайұлы; В) Кердері Әбубәкір Шоқанұлы;
Г) Орынбай Кертағыұлы.
14. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
..., қайда барасың? Дулат қай өзен туралы жырлаға-
нын анықтаңыз.
А) Ертіс; Ә) Еділ; Б) Жайық; В) Іле; Г) Аягөз.
15. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте...» деген сөз кімдікі
екенін табыңыз.
А) Шортанбай; Ә) Асан қайғы; Б) Шернияз;
В) Дулат; Г) Бұқар.
16. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.
А) «Ей, Абылай, Абылай»;
Ә) «Қараторғай»;
Б) «Дала ақыны мен қала ақынының айтысы»;
В) «Болыс болдым, мінеки»;
Г) «Еспембет».
50
17. Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Дулаттың осы өлең жолдарындағы «дат», «майыр»
деген сөздерге анықтама беріңіз.
А) Әкім мен реніш; Ә) Майор мен өтініш;
Б) Чиновник және арыз; В) Аға сұлтан және хат;
Г) Орыс пен жағдай.
18. Дулат туындылары тұңғыш рет қай жылы жарық
көрді?
А) 1880 жылы, Қазан; Ә)1882 жылы, Орынбор;
Б) 1991 жылы, Алматы; В) 1978 жылы, Ленинград;
Г) 1999 жылы, Алматы.
19.
Шортанбай
Қанайұлының
өлеңдеріндегі
сарындарды белгілеңіз.
А) Оқу-білімге үндеу;
Ә)Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға
құнығуын сынау;
Б) Кедейлерді күреске шақыру;
В) Дінді сынау;
Г) Орысша оқуға шақыру.
20. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кім-
дердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз.
А) Орыс патшасы, жандарал, майырлар;
Ә) Хандық дәуірді аңсаған қариялар;
Б) Аналар;
В) Жас балалар;
Г) Әділетті жандар.
21. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат»
шығармаларының авторын табыңыз.
А) Шортанбай Қанайұлы; Ә) Мұрат Мөңкеұлы;
Б) Әбубәкір Шоқанұлы; В) Мағауия Абайұлы;
Г) Дулат Бабатайұлы.
Достарыңызбен бөлісу: |