44
Жаңа сабақты бекіту (Сұрақ-жауап).
Оқушылардың өзіндік ой-толғаныстары:
1. Қатыгез Қоңқай шалдың кесірінен тау асуында адасып,
ұшты-күйлі жоғалып, «Қар қызына айналып кеткен» деген
халық аңызының суреттелуіне өзіндік ой пікірлеріңді қалай
түйіндейсіңдер?
2. «Әлдеқайда . . . тым-тым алыстан, қар шағылдардың
арасынан қыздың сыңсыта салған мұңлы әні естілетін-
дей...» деп басталатын «Қар қызы» повесінде «Қар қызы
оянып кетсе не құт болады, не жұт болады» деген халықтық
наным-түсінікті қалай бағамдауға болады?
3. Алмаштай Қар қызын (элегиялық бейне) немесе Қар
қызындай ару сауыншы Алмаш қызды аялаудан артық бақыт
жоқ деп «Қар қызы» елінде қалуды жөн санаған тракторшы
Нұржан жігіттің өзіндік ұстанымы жолынан қандай ойлар
түйіндеуге болады?
4. «Сайтан көпір» повесінде адам өміріне қысастық
жасап, әлсіздерге өктемдік жасаушылардың атын атамай,
түсін түстемей «Анау» деп сілтеме жасауы қандай ойды
меңзейді?
5. Совхоздың тұралап қалған азын-аулақ елу шақты
жабағысын табиғи апатпен жабамыз деп қырылуға тиіс
малды Сайтан көпірден аман өткізіп, керісінше, қолдан
жасаған қар көшкінінің қасіретіне тап болған, екі аяқтан
айырылған мүгедек Аспан шалдың ауыр тағдырын
арқалаған кінәлі, жауапты адамдар шығармада неге айқын
көрінбейді?.
Әдебиет теориясы бойынша жұмыс.
Романтизм – (роман деген сөзден шыққан, яғни, түпкі
мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып
суреттеу) – өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек
ашып, көтере суреттейтін әдебиеттегі көркемдік әдіс.
45
Катарсис (грек Katharsis - тазару). Аристотель өзінің
«Поэтика» кітабында К-ке «Трагедияның басты мақсаты
«Қорқыныш пен қайғының көмегімен рухтың тазалануы»
деп анықтама береді.
Әдебиеттанушы Серік Елікбай «Әдебиет өрісі»
мақаласында («Қазақ әдебиеті» газеті. 06.07.2012 ж.) «Қар
қызы» шығармасын катарсизмге жатқызған.
Топтастыру. Жазушының ғибратты ғұмыры мен
жазушылық өнегесі – халқымыздың қазынасы.
Оралхан – сөз өнерінің сөнбес жұлдызы
Туған жері:
28.09.1943 Шығыс Қазақстан
облысы Қатонқарағай ауданы –
1993 ж. Үндістан, Дели.
Алматыда жерленген.
1965-68 ж. Шығыс Қазақстан
облысы, Большенарым ауда-
нында «Еңбек туы» газетінде
корректор, аудармашы,
редактордың орынбасары.
Шығыс Қазақстан облысы,
«Коммунизм туы» газетінде
(Қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби
қызметкер.
Жазушы, драматург, киносценарист
ҚазҰУ-ды бітірген (1969 ж.)
Редактор «Жас Алаш» (1968-1974 ж.)
«Жұлдыз» (1974-1983 ж.)
«Қазақ әдебиеті» (1983-1993 ж.)
Қазақстан комсомолының сыйлығы
(1976 ж.)
Н. Островский атындағы әдеби
сыйлық (1978 ж., «Жасынның ізі»)
Абай атындағы Қазақстан
Мемлекеттік сыйлығының иегері
(1986 ж.)
«Құрмет белгісі» орденінің иегері
(1986 ж.)
Драматургиясы:
«Құлыным менің» пьесалар жинағы
(1987) «Құлыным менің» (2 актілі
драма, 1974) «Текетірес» (2 актілі
драма, 1976), «Қар қызы» (2 актілі
элегия, 1982), «Зымырайды пойыздар»
(2 бөлімді тарихи драма, 1984) «Жау
тылындағы бала» (2 бөлімді драма,
1985), «Мен сізден қорқамын» (2
бөлімді драма, 1987)
Кинофильмдер: «Кісікиік» (режиссер
М.Смағұлов, 1985).
«Сайтан көпір»
(режиссер Д.Манабаев, 1986),
«Кербұғы» (балет-спектакль 1986,
балетмейстер Б. Аюханов)
Прозасы:
«Қамшыгер» (1970), «Үркер»
(1971), «Қайдасың, қасқа
құлыным» (1973), «Мұзтау»
(1976, орыс тілінде 1987), «Ән
салады шағылдар» (1978, орыс
тілінде 1981), «Үркер ауып
барады» (1981), «Біздің жақта
қыс ұзақ» (1984, орыс тілінде
1984), «Өз отыңды өшірме»
(1983, орыс тілінде 1984),
«Атау кере» (1991) .
Романдары:
«Өнерге өлердей ғашық едім»
(1995) Эсселер жинақтары.
46
60-90 жылдар әдебиетінің біртума дарынды тұлғасы
Оралхан Бөкейдің өмірден өткеніне 20 жылға жақындапты.
Оралхансыз өткен 20 жыл
Сұңғыла суреткер өзінің соңғы түнін 1993 жылы
16-мамырда, жексенбіде Көне Үнді елінде аяқтады.
Махаббаттың мәңгілік ақ күмбезі – ұлы Тәж-Махалды
көріп, аса таңғалып, өзін сонда «Мен Бабырдың ұрпағымын!»
деп таныстырған жазушы мұнарға кірместен бұрын Тәж-
Махалдың сыртында тұрып қасиет деп, қастер тұтқаны ғой,
саңқылдап Құран оқыпты. Жазушы Оралхан Бөкей ұлылық
деген сөзге мынадай тұжырымдама жазып қалдырыпты.
«Ұлылық» - жалған дүниені майға шылқыған жалпақ
табанымен жалпағынан басу емес, артына өшпес із
қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу.
Яғни, өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтау.
Үйге: «Шығармалардан алған әсерім» (ойтолғау жазу).
Лиза АЮПОВА,
Ыбырай Алтынсарин атындағы
жалпы білім беретін
орта мектептің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы.
«ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫНЫҢ»
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Қазақ даласының Ресейге бағынуы неше жылға
созылды?
А) 100 жыл; Ә)120 жыл; Б) 90 жылға;
Достарыңызбен бөлісу: |