Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет8/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

28
бетінде  ыстық  күндіз  130  градусқа    жетеді.  Оның  есесіне 
түнде минус 170 градус аяз болады.
2.  Адам  ағзасында  300  грамдай  тұз  бар.  Ол  тұздың 
қоры  термен,  т.б.  шығарылып,  тағам  құрамындағы  тұзбен 
толықтырылып отырады. 
Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық 
пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.
Тапсырма. Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, 
дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта. 
2)  «Білім  мен  дәстүр»  сыны  ойыны.  Халқымыз  1,  3,  5, 
7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі 
деп  есептеген.  Сондықтан  да  менің  қоятын  сұрағым  осы 
төңіректі қамтиды.
1)  Жеті  атаңды  ата  (ата,  бергі  ата,  арғы  ата,  баба,  ұлы 
ата,  түп  ата,  тек  ата  (ататек).  2)  Халқымыздың  кие  тұтқан 
сандарын ата. (7,9). 3) Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі). 
4)  Жігіттің  үш  жұрты  (өз  жұрты,  қайын  жұрты,  нағашы 
жұрты).  5)  Төрт  түлік  (қой,  сиыр,  жылқы,  түйе).  6)  Ер 
қаруы – бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта). 7) 
Қонақтың  төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма). 8) 
Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет). 9) Бес арыс (Шәкәрім, 
Ахмет,  Мағжан,  Міржақып,  Жүсіпбек).  10)  Халқымыздың 
сан  есімдерден  басталып  айтылатын  ұлттық  ойындары 
қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан).
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына 
кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той-
думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі 
санмен аталады.
Сол әндерді  білесіңдер ме? («Бір бала», «Жиырма бес», 
«Екі жирен», «Бір келіншек», «Он алты  қыз»).
III деңгей (эвристикалық).
1.  Суретпен  жұмыс.  Суретке  қарап  сан  есімдерді 
қатыстыра бір-екі сөйлем жазыңдар. 


29
2.  Сауалнама  сұрақтарымен  жұмыс.  Сауалнама 
сұрақтарына жауап беріңдер. 
1. Сан есім сөздің қай тобына жатады?  
А) көмекші есім;     Ә) атаушы сөз;     Б) одағай.
2. Күрделі сан есім қалай жасалады?  
А) қосарлану арқылы;     
Ә) тіркесу арқылы;   
Б) қосарлану және тіркесу арқылы. 
3.  Тіл  туралы  заң  1997  жылы  11  шілдеде  қабылданды. 
Бұл сөйлемдегі сан есімдерді көрсет.
А) 11 шілде;  Ә) 1997 жылы;  Б) 1997 жылы  11 шілде. 
4.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «...  жылы 
Қазақстан  ауасы  таза,  мөлдір  сулы,  жасыл  желекті  елге 
айналуы тиіс» деді. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді 
қойыңыз.
А) 2013;       Ә) 2030;        Б) 2035. 
5.  Биыл  Тәуелсіздігімізге  21  жыл  толып  отыр.  Бұл 
сөйлемде сан есім қай сұраққа жауап береді?
А) қандай?    Ә) неше? қанша?     Б) нешеу?
3. Жеке оқушылармен  жұмыс.
1) Егер мен дәрігер болсам...  (ойтолғау)
2)  «Математика  сабағында»  деген  тақырыпта  әңгіме 
құрастыр.
3) «Біздің сынып» атты хабарлама жаса. 
4)  Төмендегі  тірек  сөздерді  пайдаланып,  сан  есімі  бар 
сөйлемдерден тұратын мәтін құрастыр.
Атам мен әжем.  Жекеменшік мал. Кезектесіп бағу. Ауыл 
өмірі. Көңілді сәттер.
IV деңгей (шығармашылық деңгей).
1) Балалар, алда санаулы күндерден кейін қандай мереке 
бар? (16 желтоқсан  – Тәуелсіздік күні)
- Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?
Енді  «Менің  тәуелсіз  Отаным»  тақырыбында  диалог 


30
құрастырыңдар. 
2) Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз 
табының да алатын орыны ерекше. Мәселен, біз 5-сыныпта 
«Шешендік сөздер» бөліміндегі «Қазыбектің тапқырлығын» 
білеміз. Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ 
болып Қазыбек би келеді. Сонда Бұқар « 1-ден 10-ға дейінгі 
санның мағынасын ешкім айтып бере алмады, сен айтшы» 
дейді. Сонда Қазыбек айтып береді. Кәне, кім еске түсіреді?.. 
Ақындарымыздың осы секілді санамақтары да бар. Енді 
бәріміз де өзімізге арнап санамақ айтайық.
Бір дегенім – білім алу.
Екі дегенім – елін сүю.
Үш дегенім – үлгілі болу.
Төрт дегенім – төзімді болу.
Бес дегенім – бірлікте болу. 
Алты дегенім – ақылды болу. 
Жеті дегенім – жетістікке жету. 
Сегіз дегенім – сезіне білу. 
Тоғыз дегенім – толғану. 
Он дегенім – осының бәрін ойға алу.
-  Балалар,  осындай  қасиеттерді  ойға  алып  қазақ  деген 
қасиетті  елдің  бір  перзенті  болуы  үшін  Қазыбектей, 
Төле  бидей,  Әйтекедей  тұлғалары  бар  халықтың  ізін 
жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұрақ туындайды.
                          Біз кімбіз?
Кеше                         Бүгін                       Ертең
3-4 жасар                  6-сынып                 ХХІ ғасырдың
біз балдырған           оқушысы,              болашақ
баламыз.                   білім қуған            барыстарымыз.
  
 
 
 өренбіз.
Үйге тапсырма: 160-жаттығу.
 


31
Ақпатша АЛДОҢҒАРОВА,
Ақтөбе гуманитарлық 
колледжінің оқытушысы.
Таза БЕКМҰРАТОВА,
Ақтөбе қаласындағы
«Қурайлы» орта мектебінің 
мұғалімі.
СӨЙЛЕМ. СӨЙЛЕМНІҢ АЙТЫЛУ 
МАҚСАТЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ
Үйрену  қажет:  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай 
түрлерін  мәтіннен  ажырата  білуі;  сөйлемдердің  тыныс 
белгілерін ажырата білуі; сөйлем бойынша алған білімдерін 
сөйлеу тілінде сауатты қолдана алуы.
Модульдің мазмұны:
1-сабақ.  Кіріспе.  1.  Модульдің  құрамын  түсіндіру.  2. 
Грамматикалық  тақырыпты  түсіндіру.  Сөйлем  түрлері.  3. 
Сөздік әдісі.  
2-сабақ. Сөйлесу.
“Қарлы кесек” оқыта үйрету ойыны.
Сөйлем, оның түрлері.  
3-сабақ. “Бақытты сәт” оқыта үйрету ойыны. Дәптермен 
жұмыс. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар».
4-сабақ. Қорытынды. Тест
Сабақ барысы.
Кіріспе бөлім.  1-сабақ. 
Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту.
Тірек-сызба.  Мұғалім  тақырыпты  тірек-сызба  арқылы 
түсіндіреді.
Сөйлем:Хабарлы   Лепті     Сұраулы   Бұйрықты.
Сөйлесу бөлімі. 2-сабақ
Ұйымдастыру.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау