51
22. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен алынған
үзіндіде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
Асылық азған заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты.
А) Қазақ даласына келген сауда;
Ә) Әйелдердің теңсіздігі;
Б) Адамгершілік қасиет;
В) Жастардың бас бостандығы;
Г) Оқу, білім, өнер.
23. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең
тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
А) Әйелдер теңсіздігі;
Ә) Өнер, оқу, білім;
Б) Бостандықтың келгендігі;
В) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы;
Г) Табиғаттың тамаша көрінісі.
24. Шортанбай Қанайұлының өмірінің соңғы кезінде
қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз.
А) Төле би; Ә) Майқы би; Б) Қазыбек би;
В) Жанғұтты би; Г) Әйтеке би.
25. Алтын, күміс тас болар,
Арпа,бидай ас болар.
Қанша бірге тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар,- деген үзінді Шортанбай
Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
52
А) «Замана»; Ә) «Бала зар»;
Б) «Зар заман»; В) «Алдаушы жалған»;
Г) «Насихат».
26. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен
жылдарын көрсетіңіз.
А) 1818-1881 ж.; Ә) 1858-1912 ж.;
Б) 1870-1904 ж.; В) 1858-1931 ж.;
Г) 1843-1906 ж.
27. Мұрат Мөңкеұлы қай жерде дүниеге келді?
А) Атырау облысы, Қызылқоға өңірі;
Ә) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті;
Б) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы;
Г) Жамбыл облысы, Жамбыл тауы.
28. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.
А) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз»;
Ә) «Анама хат», «Қазақ қалпы»;
Б) «Замана», «Насихат»;
В) «Үш қиян», «Өлім»;
Г) «Сырым», «Елім-ай».
29. Беріште Есет, Айтуар,
Анайы туған Қарқуар-
Солардан қалған бұ дүние,
Өлімнің сондай жайты бар,- деген шумақ Мұрат
Мөңкеұлының қай өлеңінен алынғандығын анықтаңыз.
А) «Дұспан – тазы, біз – түлкі»;
Ә) «Өлім»;
Б) «Үш қиян»;
В) «Еділді тартып алғаны»;
Г) «Әттең, бір қапы дүние-ай».
30. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын
көрсетіңіз.
А) 1845 жыл; Ә)1858 жыл; Б)1818 жыл;
53
В)1841 жыл; Г)1843 жыл.
31. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз
халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
А) Кердері Әбубәкір Шоқанұлы;
Ә) Шортанбай Қанайұлы;
Б) Ахмет Байтұрсынұлы;
В) Міржақып Дулатов;
Г) Мұрат Мөңкеұлы.
32. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын
табыңыз.
А) «Мұң»;
Ә) «Алдаушы жалған»;
Б) «Әттең,бір қапы дүние-ай»;
В) «Заманның опасыз халіне айтқаны»;
Г) «Анама хат».
33. Зар заман ақындары шығармаларының өзіндік
ерекшелігін көрсетіңіз.
А) Болашаққа сену, торығу;
Ә) Торығу, кемшіліктерді сынау;
Б) Кемшіліктерді сынау, қуану;
В) Өткенді аңсау, болашақтан үміт күту;
Г) Дінді уағыздау, болашаққа сену.
34. Зар заман ақыны Асан Барманбекұлының (Албан
Асан) шығармашылығы туралы «Зар заман әдебиетінің
басы Асан болса, аяғы да Асан болып біткендей. Сондықтан
бұл Албан Асанды біз арғы Асаннан бағыт алған,
Шортанбайдан үлгі көрген зар заман ақынының соңғысы,
екінші Асан қайғы дейміз» деген ойды айтқан кім?
А) Сәкен Сейфуллин;
Ә) Әлихан Бөкейхан;
Б) Ахмет Байтұрсынұлы;
В) Ілияс Жансүгірұлы;
Г) Мұхтар Әуезов.
54
35. Нарманбет Орманбетұлы қай жерде дүниеге
келді?
А) Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы;
Ә) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы;
Б) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы;
В) Ақмола облысы, Көкшетау уезі, №5 ауыл;
Г) Жамбыл облысы, Шу өңірі, Ақтөбе ауылы.
36. «Қайғысыз заман қайда бар? Қайғырмасқа не амал
бар?» деген өлең жолдары Нарманбеттің қай өлеңінен
алынған?
А) «Сахараға қарасаң»;
Ә) «Бұл күнде байлар – аяр, билер – мекер»;
Б) «Шал қайғысы»;
В) «Кер заман»;
Г) «Сарыарқа сайран жерім-ай».
Айгүл ТӨҢКЕРҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Целиноград ауданындағы
№21 Софиевка орта
мектебінің мұғалімі.
ШЕРХАН МҰРТАЗА.
«ТҰТҚЫН БАЛА»
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – көркем шығарманы
әдебиет теориясы тұрғысын талдай отырып, әрбір оқушының
өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу;
55
тәрбиелік – кейіпкер тағдырына ортақтаса отырып, сезімді,
төзімді, қайырымды болуға, адамды құрметтеуге, әсемдікті
тани білуге, адамгершілік пен сүйіспеншілікке баулу,
ұлтжандылыққа, елін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу;
дамытушылық – шығармашылық ізденісін шыңдау, сөйлеу
мәдениетін, оқу, талдау дағдыларын қалыптастыру, іскерлік
белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері: мазмұнға байланысты – 1)
шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық
меңгеру; 2) оқушыларды шығарманы әдебиет теориясы
тұрғысынан талдауға үйрету; 3) өз бетінше ізденуге баулу;
СТО-ға байланысты – кейіпкерлер әрекетін бағалай
білу; шығарманы бүгінгі өмірмен салыстыру; өзіндік
көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау; топқа байланысты
– әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін
қорғайды, спикерлер нұсқауларын орындайды.
Күтілетін нәтиже. Шығарма мазмұнын, идеясын ашады,
ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі
оқиға арқылы бала Тұрардың қатал тағдырын біліп, қазақ
елінің бастан кешкен қиын өмірін түсінеді. Сол кездегі
балалар өмірі туралы мағлұмат алады. Мәтінді талдай
отырып шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке,
қайырымдылыққа үйренеді.
Көркем
шығарманың
сюжеттік
композициялық
құрлысына талдау жүргізе алады.
Шығарманы өмірмен байланыстырып, салыстырып өз
толғанысын айтады.
Нәтижені бағалау: жазу арқылы (кейіпкерге хат, ойтолғау
жазу).
Сабақ көрнекілігі: автордың шығармалар көрмесі,
буклеттер, интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаз,
маркер, тапсырмалар парағы. Типі: жаңа тақырыпты
меңгерту. Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау. Әдісі:
Достарыңызбен бөлісу: |