72
Ел арасындағы ән мен күйлерді жинақтау ісінде Сәкен
Сейфуллин музыкалық сауатты мамандарға зор мүмкіншілік
жасап қана қоймай, өз орындауында бірнеше ән-күйлерді
жазып алушыларға жеткізген. Қазақ ән-күйін жинап
зерттеуші А.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» жинағында
«Сәкен Сейфуллин тамаша әнші әрі күйші, Ақмола өңірінің
ән-күйлерін жетік білгірі» деп жазды. Сәкен Сейфуллиннің
орындауында А.Затаевич Абылай ханның атты әскерінің
шеруі «Терісқақпайды», Тоқа күйлерін, «Шаш сипар».
«Сауытбектің зары», «Күн мен ай», «Толғау» әндерін жазып
алған.
Сәкен өмір сүрген қоғамның тыныс-тіршілігі аумалы-
төкпелі заманмен дөп келді.
«Асауменен алысып жүріп салған әндер» деп
аталатын рубрикамен 1917-19 жылдары жазған өлеңдері:
«Жолдастар», «Далада», «Кел, жігіттер», «Асау тұлпар»,
«Жас қазақ марсельезасы», «Асығып тез аттандық». Бұл
өлеңдері халық арасына тез әрі кеңінен тарап, ән болып
айтылып жүрді.
Ежен Потьеннің «Марсельезасының» әніне негіздеп
«Жас қазақ марсельезасын» жазды. Ұлттық әдебиеттанудағы
сәкентану ілімінің қалыптасу және дамуына жарты ғасыр
бедерінде ерен еңбек сіңіріп келе жатқан ғалым Тұрсынбек
Кәкішұлының «Жас қазақ марсельезасы» туралы мына
сөздері көкейге қонымды екенін түсінетін кез жетті:
«Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, әділдік, теңдік
іздеген, еркіндік, кеңдік іздеген Сендерге арналады бұл
әндер» деп ұрандатқан Сәкен өзінің құрбы-құрдастарын
«Кел, жігіттер, болыңдар ер» деп жігерлендіріп:
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
73
Күн туды – біз теңдік алайық! – деген ұлы мақсатты
ашық айтты, жазды. Біз бұл ұрандарды осы уақытқа дейін
бір жақты ғана түсіндіріп келдік. Сол түсінік әрбір пенденің
көкейінен әлі кете қойған жоқ. Оның негізі – бай мен кедейді
атыстыру, шабыстыру, таптық күресті ұшықтыру деп қана
білдік. Ал осы жолдарға бүгін зер салып бір қарайықшы»
деп Коммунистік идеология тұсында назарды таптық күрес-
ке мықтап аударып, Сәкеннің шығармашылық, қайраткерлік
портретінен ұлттық таным-білік, ұлттық қажеттілік сынды
толғанысты ойларының еленбегендігі жөніндегі шындықты
ашық айтады.
«Патшадан әділдік жоқ еді,
Ұлықтар парақор тоқ еді.
Бұқара халықты кем тұтқан,
Жек көрген, итімен тең тұтқан.
Қоспаған санына адамдық,
Айламен ұстаған надан ғып»,- деген әнұранның екінші
шумағында қандай мән бар деп ойладық па?! «Өзінен,
өзгеден кем халық» деп айтып салғанын түсіндік пе? Мен
Сәкенді сол кезде қазақ пен отаршылар арасында жік
салайын, ұлттық намысты ту қылып көтерейін деп отыр
деуден аулақпын. Өз елінің езілгенін, қаналғанын, қорлық-
зорлық көргенін, тұщы етіне ащы таяқ тигенін ұмыта алмаған
жанның Қазан төңкерісі арқылы әділдік, теңдік, бостандыққа
жетуге талпынғанын енді аңғармасқа болмайды». Тұрсынбек
Кәкішев Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы,
азаматтық болмысы мен қайраткерлік тұлғасындағы
беймәлім қырларына нақты мұрағат құжаттары, тың тарихи
деректер негізінде үңілді.
Ізденіс барысында сонау Кеңес заманында жазылған Сәкен
Сейфуллиннің әндерін Астанадағы Өнер университетінің
оқытушысы Ахат Байбосыновтың жеке қорынан алдым.
Үнтаспаларда Сәкен әндерін ең бірінші орындаушы
74
Л.Сүйіндікова, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов
сынды әншілердің дауыстары, күйші Әбікен Хасеновтің
орындауындағы күйлер бар. Сәкеннің анасы Жамалдың ел
ішінде «Жамалдың әні» деп сақталып қалған әні мен «Біздің
жақта» әнінің 2-варианты Өнер университетінің оқытушысы,
дәстүрлі әнші А.Нығызбаевтың қоржынында екен. Сәкеннің
«Әупілдегін» Жезқазған қаласында тұратын Қайрат
әншіден, «Далада» өлеңіне жазылған әнді Сәкен Сейфуллин
мұражайында көп жылдар ғылыми-зерттеу бөлімін басқарған
Күлбағила Бейсекееваның айтуында нотаға түсіріп алдым.
«Далада», «Орман», «Көл» осы үшеуі бір мақамға салынып
жазылған. Осы өлеңді Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан
атындағы мектептің 4-сынып оқушыларына үйреттік. Әуені
мен сөзі балалардың қабылдауына әсер еткендігі сондай,
лезде қағып алып, бас-аяғы 15-20 минутта хормен орындап
берді.
Сәкеннің әсем әуезді музыкалық мұрасы ел құлағын
елең еткізер дәйекті де дәлелді тақырып болғандықтан
Сәкеннің өз әндерін негізге ала отырып, сәкентанушылар:
Сәкеннің әріптесі академик, жазушы Сәбит Мұқанов, Ғабит
Мүсірепов, профессор, сыншы Есмағамбет Ысмайылов,
ҰҒА академигі, сыншы Серік Қирабаев, академик, сыншы
Тұрсынбек Кәкішұлы, музыка зерттеушісі Ғ.Бейсенова
сынды ғалымдардың еңбектерін мұқият қарастырдық.
Ғ.Бейсенова «Қазақ музыкасының тарихы» тұңғыш оқу
бағдарламасын, «Сәкен Сейфуллиннің әндері», «Қазақстан
композиторларының ән шығармашылығы» тақырыбында
ғылыми еңбектер жазған. Сонымен қатар Кеңес дәуіріндегі
газет-жұрналдарды сүзбелей келіп, 1933-36 жылдары Ілияс
Жансүгірұлы, Темірбек Жүргенов, Есмағамбет Ысмайылов,
Фатима Ғабитова, Қажым Жұмалиев, Әлжаппар Әбішевтің,
1958 жылы Сәкен ақталғаннан кейінгі жылдардан бастап:
Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Х.Бекхожин, Р.Бердібаев,
Достарыңызбен бөлісу: |