32
қатынас, таным белсенділіктері, ӛзін-ӛзі
жетілдіру мен қоршаған ӛмірді түрлен-
діру, ӛзгерту белсенділіктері дамиды.
Кішкентай баланың ӛзі де пассивті емес
түрде ӛмірдің жағдайларына бағынады.
Ол ӛзінің талаптарын орындатқанда
(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған
адамдарға қатысты ӛз түзетулерін
енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату,
ұнатпау) және заттарға деген (керек,
керек емес, жақсы кӛретін, жақсы
кӛрмейтін) ӛзіндік жеке тұлғалық
қатынасын кӛрсетеді. Бұл қатынастар
оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның
ӛзгешелігін
жасай
отырып
пайда
болады. Қарым-қатынас – генетикалық
түрде баланың белсенділігінің ең ерте
белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік
иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-
қатынаста кӛрінеді. Онда адамдарға
деген қатынастың кӛптеген алуан түрлі
реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге,
таныстарына, таныс емес адамдарға,
құрдастарына, ӛзінен кішкентайларға,
достарына. Бала ӛзіне дос таңдайды, ол
адамдардың белгілі бір шеңберімен
қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға
ықпал етеді. Ұжымда ол кейде
ұйымдастырушы, кейде орындаушы
болады. Қарым-қатынас белсенділігі
жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының
дамуына
жағдай
жасайды,
олар-
адамгершілік, қайырымдылық, қамқор-
лық, ӛз ӛзі үшін, адамдар алдындағы ӛз
істері үшін жауапкершілік. Баланың
дамуы барысында жеке тұлғаның
танымдық белсенділігінің ӛрісі кеңейіп,
тереңдей түседі. Кейбір заттардың
қасиеттерін тану үшін оларды қолына
ұстап кӛргеннен кейін бала «Бұл не?
Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты
сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтар-
дың
жауабы
балаға
заттар
мен
кұбылыстардың жалпы мәнін ашып
береді. Мектептегі жүйелі оқыту бала-
ның таным белсенділігінің қалыптасуы
мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды,
сыныптан сыныпқа кӛшкен сайын
оқушы ӛз бетінше білім игеруге, оларды
практикалық іс-әрекетте еркін пайдала-
ну қабілетіне ие болады. Оқыту бары-
сында біртіндеп оқушының ойлау
қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады.
Орта және жоғары сынып оқушылары-
ның танымдық белсенділігі зерттеу
жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдас-
тыруларда, іскерлік қызметте кӛрініс
табады. Адамның белсенділігі қоршаған
ӛмірге ықпал етеді, болмысты қайта
құру мен ӛзгертуге бағытталады. Әлеу-
меттік белсенділік дегеніміз осы. Жеке
тұлғаның белгісіне айналып, бұл бел-
сенділік қоғамдық ӛмірдің барлық
саласындағы ғылыми жаңалық, ӛнер-
тапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен
қозғаушы күшіне айналады. Жеке тұлға-
ның белсенділігінің аталмыш бағыттары
оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде
кӛрініс табады: оқу-танымдық, еңбек,
қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын,
эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқу-
шының іс-әрекетін парасатты, педагоги-
калық дәл және дұрыс ұйымдастыру
оның белсенділігінің барлық бағытта
дамуының бастауы болып табылады.
Әрбір баланы белсенді қайраткер
орнына қойып, оны баланың барлық
күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі
баланың жеке тұлғаға сай ӛзгешелігін
зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды
мүмкіндіктерінін ашылуына барынша
кӛмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-
әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілде-
рімен қаруландыру – осының бәрі
баланың дамуының нәтижелілігін қам-
тамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.
Сондықтан, жеке тұлғаның белсенді-
лігін жан-жақты қалыптастыра отырып,
тәрбиеші сол баланы ӛзіне одақтас етіп
алады. Оқушының қажеттіліктеріне
негізделген тәрбие мен ӛзіндік тәрбие
процестері – ең жағымсыз деген сыртқы
жағдайларды жеңе алатын күш. Жеке
тұлғаның дамуы үшін баланың қарқын-
ды іс-әрекеті қажет. Алайда, кез келген
іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын,
мінез-құлық белгілерін, білік пен дағды-
ларын дамыта алмайды. Мысалы, мың-
даған балалар күні бойы музыкалық
гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
73
33
бола алмайды. Баланың қабілетін оята
алмайтын репетиторлық жұмыстар қан-
шама. Немесе тағы бір мысал, тӛменгі
сыныптарда балалардың кӛбісі едәуір
ынталы, бірақ жоғары сыныптар да
ондай балалардың саны аз. Қабілетті-
ліктің дамуы үшін ӛз барысында бала-
нын бойында жағымды сезімдер туғыза-
тын іс-әрекет қажет (В.Е.Чудновский,
В.С.Юркевич). Ал мұндай кӛңіл-күйге
түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда
болған сүйсіну сезімімен сипатталатын
танымдық қажеттіліктермен байланыс-
ты. Дарынды бала белгілі бір жұмыс
пен міндет үшін емес, баға үшін емес,
жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін
емес, сол жұмыспен айналысқысы келе-
тін болғандықтан жетістікке ұмтылады,
яғни ол балада жағымды сезімдермен
байланысты қажеттілік бар. Мұндайда
қазақ атамыз болар бала жасынан деп
бағалап жатады. Осыған байланысты
әдебиеттерде ӛте сирек айтылып жүрген
жеке тұлғаның дамуының тағы бір
бастауы ӛзіне кӛңіл аудартады. Бұл –
жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан
бастау алатын ӛз-ӛзіне деген қалыптас-
тырушылық, жасампаздық ықпал-әсері.
М.Князеваның ойынша, адамның ӛзін-
ӛзі дамыту күштері жеке тұлғаның
дамуының
ең
маңыздысы
болып
табылады. Оның пікірінше ӛткен ұлы
адамдардың ӛмірбаяны, күнделіктері,
естелік жазулары, сырлары, хаттары
ӛзін ӛзі қалыптастыру, ӛз ӛзіне талап
қою жұмысында аса зор күш жұмсаған-
дарының дәлелі бола алады, ал ол
қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің
бастауы болып, ӛмір жолында әрдайым
серік болған»… адам тек қоршаған
дүниені, табиғатты, қоғамды ғана
қалыптастырып, түрлендірмейді. Адам-
заттың бүтін тарихы – ӛзін-ӛзі қалып-
тастыру мен қайта құру». Сонымен,
жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалып-
тасуының ӛзара байланысы мәселесінің
кӛп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда
жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен
қалыптасуына әсер ететін факторларды
түсіндіретін әр түрлі кӛзқарастар кезде-
седі. Ғалымдардың жеке тұлғаның
қалыптасуында биологиялық (тұқым-
қуалаушылық) және әлеуметтік фактор-
лардың (орта, тәрбие), сонымен қатар
іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны
ерекше деген қорытындысы еш дау
туғызбайды. Сонымен, жеке тұлғаның
дамуына және қалыптастыруына әсер
ететін факторлар тӛмендегідей болып
келеді.
Қазіргі ғылыми кӛзқарас бойынша
баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің
объектісі ретінде де, субъектісі ретінде
де қарастырылады. Оның объект болу
себебі, оның қалыптасуы сыртқы ық-
пал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты
әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі
жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы
ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпа-
лынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір
себебі: адамның дамуы ӛзін-ӛзі дамыту
процесінде ғана жүзеге асады, сондай-
ақ жеке тұлғаның дамуында ӛзін-ӛзі
тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол
субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән
белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру
мақсатында ӛз бетінше жұмыс).
«Қазіргі заманғы зерттеулер да-
рындылық тұқымқуалау арқылы беріл-
мейді дейді. Н.И.Дубининнің айтуы
бойынша, дарындылық болу үшін
«Жӛнді
универсалды
генетикалық
бағдарлама» керек: ал, оның аса мол
потенциалын жүзеге асыру үшін,
әсіресе жеке тұлғаның дамуының ӛте
ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың
болуы маңызды. Бала ӛмірінің алғашқы
үш-бес
жылын
ғалымдар
«Ұлы
бастаулар уақыты» деп атайды. Адам
психикасының сырттай кӛріністерінің
қасиеттері ӛмір барысында қалыпта-
сады,
сондықтан
оларды
ата-ана,
педагогтар және баланың ӛзі қадағалап,
реттей алады», - дейді мамандар. Бұл біз
сеніп тапсыратын болашақтың жүрер
жолы, бағыт бағдары ғана емес, бүгінде
біздің мойынымызда тұрған міндет,
қарыз деуге болады. Сондықтан, әрбір
баладан тұлға жасау үшін күн сайын
бірнеше сағат уақытымызды бӛлуіміз
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
74
Достарыңызбен бөлісу: |