31
Шәкірті мен ұстазы жолға шығып-
ты. Қонуға бір ауыл шетіне келеді.
Түнде түйені қарауға шәкіртіне тапсы-
рады. Ал, шәкіртінің сәлден соң ұйқысы
келеді. Ол Алладан «Біздің түйемізге
кӛз кырыңды сала салыңыз»,- деп ӛті-
неді де, ұйқыға кетеді. Таңертең тұрса,
түйесі жоқ. Ұстаз шәкіртінен «Түйе қай-
да?», - деп, мән-жайды сұрайды. «Мен
Алладан түйені аман қалдыр», - деп
тілек еттім. Ӛйткені, ӛзіңіз Аллаға сену-
ге үйреткен едіңіз», - деп шәкірті ұста-
зына жауап береді.
Топтық жұмыс.
Бұл аңызда шәкіртіне ұстаз не деп
жауап береді? Сіздер, қалай ойлайсыз-
дар?
Бұл сауалға жауап беру үшін
сіздер, топтарға бӛлініп ӛз ойларыңыз-
ды 5 минуттан кейін баяндайсыздар.
Пікір алмасу.
Аңыздың нақты жалғасы:
«Бұның дүрыс қой. Аллаға сенге-
німіз жӛн. Бірақ түйені қарау саған
жүктелді емес пе, Аллаға сеніп жалқау
болу оңай. Аллаға сенбей орындаушы
болу да оңай. Ең ауыры, Аллаға сеніп
орындаушы болу», - деп Ұстаз шәкірті-
не жауап беріпті.
Пікірсайыс барысында қарастыры-
латын сұрақтар:
1. Адамның
жауапкершіліксіз
болу себебі неде?
2. Жауапкершіліксіздік адам ара-
сындағы қатынастарға қалай әсер етеді?
3. Сізге біреу жауапкершіліксіздік
танытса сіз қалай сезінесіз?
4. Қандай әлеуметтік орта адамды
жауапкершіліксіздікке итермелейді?
5. Жауапкершілік адамның жан
дүниесіне қалай әсер етеді?
6. Үнемі жауапты болу қиын ба?
7. Неге
адамдардың
барлығы
жауапты болуы керек деп ойлайсыз?
8. Жауапкершілігі бар адам –
адамгершілігі мол, рухани бай адам деп
айтуға бола ма? Неге?
9. Жауапкершілік «Біреудің ал-
дында парызым бар» не болмаса «Мен
біреулерге жауапты болдым» деген
мағынаны білдіре ме? Қайсысы дұрыс
деп ойлайсыз.
10. Барлығына жауапты болу де-
ген ӛте ауыр жүк емес пе? Қалай ойлай-
сыз.
Ортақ қорытынды. Жауапкершілік
адам бойындағы жоғары қасиеттердін
бірі. Жауапкершілік қоғамға, қоршаған
адамдарға,
әлемге,
істеген
ісіне,
табиғатқа және ӛз-ӛзіне жауапты
екенінді білдіреді. Мен барлығына
жауапты болсам, осы жауапкершілікті
менімен бӛлісетін барлық адамдар
екендігін білемін. Ал, бірлесе арқалаған
жүк оңай екенін халқымыз бекер
айтпаса керек. Сондықтан, жауапкер-
шілік бәріміз бір тұтас екенімізді
ұмытпауға кӛмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Р.А.Мукажанова, Г.А.Омарова. Мектепте «Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту әдістемесі.
Мұғалімдерге арналаған оқу-әдістемелік құрал /қазақ тіліне аударған
З.К.Шалғынбаева /- Алматы. «Бӛбек» ҰҒПББСО, 2013 ж.
2. «Ӛзін-ӛзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы». Халықаралық
педагогикалық оқулар материалдары. (31 қазан - 1қараша, 2012 ж.) Алматы,
2012 ж.
3. «Ӛзіндік таным» журналы. «Самопознание KZ» Республикалық ғылыми-
әдістемелік журнал.
4. С.М.Муралимова. «Ӛзін-ӛзі тану» бағдарламасының рухани-адамгершілік тәрбие
жүйесіндегі маңыздылығы.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
69
30
ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Г.Прмагамбетова
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету» бӛлімінің бас маманы
Қазіргі таңда әлеуметтік және
психологиялық ғылым аймақтарының
негізгі зерттеу мәселелерінің бірі –
тұлғаның
әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктері. Профессор Е.С.Кузмин-
нің тұжырымдамасына сүйенсек, адам-
ның енуі, тұлғаның әлеуметтік-психо-
логиялық ерекшеліктерінің қалыпта-
суындағы, дамуындағы, негізгі бастау
кӛзі болып келеді.
Адам жаратылысы ӛзге жараты-
лыстардан ерекше, дара, жоғары деген-
мен адамдар қауымдасқан ортада шоқ-
тығы биік, тұғыры жоғары тұлғалардың,
қазақы тілмен айтқанда сақаның бола-
тыны анық. Ата-баба жүріп ӛткен жолы-
мызға кӛз салатын болсақ та осы бір
ақтаңдақ ізді кӛреміз. Мәселен, елді
билеген кӛсем, сӛзді билеген шешен,
әділдікті шешкен би мен қазылар
дегеннің барлығы біз сӛз еткелі отырған
тұлғалардың тұрпаты. Қазақта мұндай
елге үлгі, кӛпке ӛнеге адамдарды бір
ауыз сӛзбен жақсылар мен жайсаңдар
дейді. Бұл біз айтқалы отырған ғылыми
тілдегі тұлға. Ғалымдардың пайымдау-
ларына сүйенсек, адамдардың әлеумет-
тік-психологиялық
мінездемелеріне
байланысты тұлғаның ең негізгі құры-
лымдық компоненттері ретінде мыналар
есептелінеді: сана, мінез, қабілет,
интеллект, темперамент, тәжірибе, ӛзін-
ӛзі бақылау. Бұл, тұлғаның бойынан
табылатын қасиеттер. Ал, бұрын тұлға-
ны сӛзге тұруына, мәрттігіне, тектілігі-
не, шешен сӛйлеуіне және батырлығына
қарап анықтаған. Кӛбіне тұлға тұқым-
қуалайды деп есептеген аталарымыз
«тек» текке жібермейді деген ұғым
айналасынан шыға алмаған. Сондықтан,
дінді және ел билігін белгілі бір
рулардың ұрпағына табыстап отырған.
Алайда, бұл тұлғаны қолдан күштеп
жасауға кӛптеп саяды. Мұның дәлелін
Ақ патша Үкіметі тұсында Ғ.Мұратбаев,
Қ.Сәтбаев секілді тұлғалардың қара-
пайым отбасынан шығып, шоқжұлдыз-
дай жарқырауымен түсіндіруге болады.
Ғылыми тұрғы да осыны дәлел-
дейді. Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі
әсіресе интенсивті түрде болашақ және
жасӛспірімділік кезеңде дамиды, ал
тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін
созылады. Қоғам дамуы тұлғаның
индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал
жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші
ӛз үлесін қосады. Тейяр бойынша,
адамзаттың болашағының тарихының
маңыздылығын казіргі қоғам дамуына
тәуелді болып табылады. Тұлғаның
әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде
бірнеше үрдістен тұрады:
1. Адамдардың
тұлғалықтары
ӛзара әсерлесу арқылы қалыптасады.
Бірақ олардың ӛзара әсерлесу мінез-
демесі жас, интеллектуалды дәреже,
жыныс тағы сол сияқты факторларға ӛз
әсерін тигізді.
2. Қоршаған орта да баланың
тұлға болып дамуына септігін тигізеді.
3. Тұлғалық жеке бас индивидуал-
ды тәжірибе арқылы қалыптасады.
4. Тұлғаның
құрылуына
әсер
ететін аспект болып мәдениет саналады.
Негізгі әлеуметтену феноминдеріне
мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі
әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр –
қызығушылықтарды, құндылықтарды,
бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады.
Ал, әлеуметтенудің негізгі институтта-
ры ретінде: жанұя, мектептік мекеме-
лер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы
оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с.
есептелінеді.
Тұлғаның
әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерінің қалып-
тасуында әсер ететін қарым-қатынас,
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
70
Достарыңызбен бөлісу: |