32
қатынас, таным белсенділіктері, ӛзін-ӛзі
жетілдіру мен қоршаған ӛмірді түрлен-
діру, ӛзгерту белсенділіктері дамиды.
Кішкентай баланың ӛзі де пассивті емес
түрде ӛмірдің жағдайларына бағынады.
Ол ӛзінің талаптарын орындатқанда
(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған
адамдарға қатысты ӛз түзетулерін
енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату,
ұнатпау) және заттарға деген (керек,
керек емес, жақсы кӛретін, жақсы
кӛрмейтін) ӛзіндік жеке тұлғалық
қатынасын кӛрсетеді. Бұл қатынастар
оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның
ӛзгешелігін
жасай
отырып
пайда
болады. Қарым-қатынас – генетикалық
түрде баланың белсенділігінің ең ерте
белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік
иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-
қатынаста кӛрінеді. Онда адамдарға
деген қатынастың кӛптеген алуан түрлі
реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге,
таныстарына, таныс емес адамдарға,
құрдастарына, ӛзінен кішкентайларға,
достарына. Бала ӛзіне дос таңдайды, ол
адамдардың белгілі бір шеңберімен
қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға
ықпал етеді. Ұжымда ол кейде
ұйымдастырушы, кейде орындаушы
болады. Қарым-қатынас белсенділігі
жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының
дамуына
жағдай
жасайды,
олар-
адамгершілік, қайырымдылық, қамқор-
лық, ӛз ӛзі үшін, адамдар алдындағы ӛз
істері үшін жауапкершілік. Баланың
дамуы барысында жеке тұлғаның
танымдық белсенділігінің ӛрісі кеңейіп,
тереңдей түседі. Кейбір заттардың
қасиеттерін тану үшін оларды қолына
ұстап кӛргеннен кейін бала «Бұл не?
Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты
сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтар-
дың
жауабы
балаға
заттар
мен
кұбылыстардың жалпы мәнін ашып
береді. Мектептегі жүйелі оқыту бала-
ның таным белсенділігінің қалыптасуы
мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды,
сыныптан сыныпқа кӛшкен сайын
оқушы ӛз бетінше білім игеруге, оларды
практикалық іс-әрекетте еркін пайдала-
ну қабілетіне ие болады. Оқыту бары-
сында біртіндеп оқушының ойлау
қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады.
Орта және жоғары сынып оқушылары-
ның танымдық белсенділігі зерттеу
жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдас-
тыруларда, іскерлік қызметте кӛрініс
табады. Адамның белсенділігі қоршаған
ӛмірге ықпал етеді, болмысты қайта
құру мен ӛзгертуге бағытталады. Әлеу-
меттік белсенділік дегеніміз осы. Жеке
тұлғаның белгісіне айналып, бұл бел-
сенділік қоғамдық ӛмірдің барлық
саласындағы ғылыми жаңалық, ӛнер-
тапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен
қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлға-
ның белсенділігінің аталмыш бағыттары
оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде
кӛрініс табады: оқу-танымдық, еңбек,
қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын,
эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқу-
шының іс-әрекетін парасатты, педагоги-
калық дәл және дұрыс ұйымдастыру
оның белсенділігінің барлық бағытта
дамуының бастауы болып табылады.
Әрбір баланы белсенді қайраткер
орнына қойып, оны баланың барлық
күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі
баланың жеке тұлғаға сай ӛзгешелігін
зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды
мүмкіндіктерінін ашылуына барынша
кӛмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-
әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілде-
рімен қаруландыру – осының бәрі
баланың дамуының нәтижелілігін қам-
тамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.
Сондықтан, жеке тұлғаның белсенді-
лігін жан-жақты қалыптастыра отырып,
тәрбиеші сол баланы ӛзіне одақтас етіп
алады. Оқушының қажеттіліктеріне
негізделген тәрбие мен ӛзіндік тәрбие
процестері – ең жағымсыз деген сыртқы
жағдайларды жеңе алатын күш. Жеке
тұлғаның дамуы үшін баланың қарқын-
ды іс-әрекеті қажет. Алайда, кез келген
іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын,
мінез-құлық белгілерін, білік пен дағды-
ларын дамыта алмайды. Мысалы, мың-
даған балалар күні бойы музыкалық
гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
73