1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет36/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89

         
30           
таным,  еңбек  деп  қарастырылатындық-
тан әлеуметтену тұлға  дамуының үрдісі 
ретіндегі  үш  негізгі  аймақтың  ортақ 
мінездемесі  болып  индивидтің  сыртқы 
ортамен  әлеуметтік  байланысын  кеңей-
ту  болып  табылады.  А.Н.Леонтьевтің 
пайымдауынша,  адам  әлеуметтенудің 
бүкіл  үрдісінде  кӛптеген  іс-әрекет 
түрлерімен  айналысады.  Мұнда  үш 
негізгі  маңызды  үрдіс  ӛтіледі.  Бірінші-
ден,  бұл  әр  іс-әрекет  түрінде  болатын 
және  оның  түрлері  арасындағы  байла-
ныс  жүйесінде  бағдар  болады.  Ол  әр 
тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін 
анықтауы,  игеруі  болып  табылады. 
Осындай  бағдардың  жемісі  ретінде  іс-
әрекетті  тұлғалық  таңдау  деп  атауға 
болады.  Оның  негізінде  екінші  үрдіс 
туындайды,  яғни,  негізгі  таңдалған  іс-
әрекет  тӛңірегінде  орталықтану  және 
басқаларды оған бағынышты ету. Үшін-
шіден,  іс-әрекетті  жүзеге  асыру  бары-
сында тұлға жаңа рӛлдерді игеріп, олар-
дың мәнділігін игереді. Осындай жаңар-
тулардың  кысқаша  мәнін  іс-әрекет 
жүйесіндегі  дамушы  индуктивті  кӛрсе-
туде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі 
мүмкіндіктерінің  кеңею  үрдісі  айқын-
далады.  Осы  мәселе  тұрғысындағы 
зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісін 
қарастыру  негізгі  сауалдарды  құрайды. 
Ӛкінішке  орай,  оның  әлеуметтік-психо-
логиялық  аспектісі  жағынан  зерттеу 
мәліметтері  аз.  Әлеуметтену  контекті-
сінде  қарастырылатын  екінші  аумағы 
қарым-қатынас  та  оның  іс-әрекетпен 
тығыз  байланыста  болғандықтан  әлеу-
меттенуді  кеңейту,  ұлғайту  жағынан 
қарастырады.  Қарым-қатынасты  кеңей-
ту ретінде адамның басқалармен байла-
нысқа  түсуін  ұлғайту  деп  түсіндіріледі, 
ал  осы  тереңдету  ретінде  монологтық 
қарым-қатынастан  диалогтікке  кӛшу, 
децентрация,  яғни  қарым-қатынас  жа-
саушыға  бағдарлана  алуы,  оны  нақты 
қабылдай  алу  мүмкіндігі  қарастырыла-
ды.  Әрине,  тұлғаның  ӛмір  сүру  бары-
сында  қарым-қатынас  ету  ерекшелігі 
оның  қоғамдағы  статусын,  жақында-
ғылары арасындағы орнын белгілейді. 
Біз  осылай  әрбір  балаға  тұлғаға 
тән  қасиет  ендіріп,  қалыптастыруымыз 
керек.  Себебі,  қоғамда  тұлғалық  ұста-
ным  қалыптаспайынша  мәдени  де, 
рухани  да  тіпті  әлеуметтік  тұрғыдан  да 
дами алмаймыз. 
Сондықтан,  субъектінің  іс-әреке- 
ті – жеке тұлғаның дамуы мен қалыпта-
суының  факторын  толық  зерттеуіміз 
керек.  «Жеке  тұлғаның  дамуының 
маңызды факторларын сӛз еткенде және 
бұл  процесте  тәрбиенің  орны  ерекше 
екенін  баса  айтқанда,  адамды  ортаның 
әсерімен  тәрбие  ықпалының  пассивті 
объектісі деп қарастыруға болмайды»,  - 
дейді ғалымдар. 
Кей  кездерде  педагогиканың  тәр-
бие  туралы  кейбір  еңбектерде  балаға 
сыртқы  педагогикалық  әсерлердің  әр 
түрлі  формалары  мен  әдістері  туралы 
айтылып,  осы  әсерлердің  арқасында 
пайда  болатын  баланың  ішкі  дүниесі 
ескерілмей  келетіні  туралы  мағына 
жатыр.  Жеке  тұлға  ӛзінің  калыптасу 
барысында  ӛзіндік  дамуының  объектісі 
ғана  емес,  сонымен  катар  субъектісі  де 
екенін  ескеру  керек.  Сана  мен  іс-
әрекеттің 
тұтастығы 
материалистік 
диалектика  мен  психологияның  ең 
маңызды  заңдылығы  болып  есептеліне-
ді.  К.Маркс  адам  жағдайдың  пассивті 
жемісі  емес,  ол  қоршаған  ортасын, 
жағдайларды  және  ізін  белсенді  түрде 
ӛзгерте  алады  деп  жазған  болатын. 
Демократиялық педагогиканың классик-
тері  де  (И.Г.Песталоцци,  Я.А.Комен-
ский,  К.Д.Ушинский,  Ы.Алтынсарин, 
т.б.)  жеке  тұлғаның  ӛзінің  белсенділі-
гіне,  оның  шығармашылық-қайта  құру 
іс-әрекетіне  үлкен  мән  берген.  Белсен-
ділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі 
болып табылады. Психологияда белсен-
ділікті  іс-әрекет  деп  атайды.  Жеке 
тұлғаның  белсенділігі  оның  қажеттілік-
терінен туады (материалдық және руха-
ни,  жеке  немесе  қоғамдық  қажеттілік-
тер).  Адамның  белсенділігінің  жануар-
лардан  айырмашылығы  оның  қажетті-
ліктері  сәби  жасынан  бастап-ақ  қоғам-
дық 
қажеттіліктермен 
реттелінеді. 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
71 


         
31           
Адамның  белсенділігі  (немесе  оның  іс-
әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат 
пен  міндеттерін  дұрыс  қоя  білуімен, 
оларды  орындау  құралдарын  дұрыс 
таңдай  алуымен  байланысты.  Белсенді-
ліктің  ӛзіне  және  жеке  тұлғаның 
қоршаған  орта  мен  тәрбиелік  (сыртқы) 
әсерлерге  қатысты  ішкі  ұстанымдарына 
байланысты  ол  әр  түрлі  бағыттарда 
қалыптасуы  мүмкін.  Егер,  оқушының 
осы  әсерлерге  деген  кӛзқарасы  теріс 
болса,  ол  тәрбиешісі  қалағанынан 
қайшы  бағытта  дамиды.  Мысалы, 
мұғалім  оқушылардың  білімін  тексеру 
кезінде  оқушының  бағасын  тӛмендетіп 
қойса  да,  оқушы  оған  ренжіп  қалады. 
Мұндай  жағдайда  мұғалімнің  үлгерімді 
жақсартуға 
шақырған 
әрбір 
сӛзі 
оқушыда  жасырын,  кейде  тіптен  ашық 
қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның 
педагогикалық  әсері  ішкі  ӛрісте,  яғни 
тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң 
әсерін  тигізбесе,  барлық  жағдайларда 
әрдайым  осылай  болып  отырады. 
Осының  нәтижесінде,  жеке  тұлғаның 
дамуы  мен  қалыптасуында  кӛрініс 
табатын  барлық  әсерлер  мен  ықпалдар 
екі  топқа  –  ішкі  және  сыртқы  болып 
бӛлінетін  болды.  Ортаның  әсері  мен 
тәрбие  жеке  тұлғаның  дамуының 
сыртқы  факторларына  жатады.  Табиғи 
әсерлер  –  бейімділік  пен  әуестік, 
сонымен  қатар,  адамның  сезімдері  мен 
күйзелістері,  оның  сыртқы  әсерлердің 
ықпалымен  пайда  болатын  сылтаулары 
мен  қажеттіліктері  –  барлығы  ішкі 
факторларға  жатады.  Жеке  тұлғаның 
дамуы мен қалыптасуы осы екі фактор-
дың  ӛзара  байланысының  нәтижесі 
болып табылады. 
Егер,  тәрбие  жеке  тұлғаның  ӛз 
ӛзімен  жұмысы  кезіндегі  белсенділігіне 
деген іштей ықпалына әсер ететін болса, 
онда  оның  жеке  тұлғаның  дамуында 
шешуші  рӛл  атқара  алатыны  түсінікті. 
Осы  бейімділік  пен  ӛсіп  келе  жатқан 
адамның  жеке  тұлға  ретінде  жетілуіне 
деген ӛзіндік ынтасы ғана түбінде оның 
дамығанын  анықтайды.  Осылайша,  бұл 
шын мәнісінде, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеу 
сипатына 
ие 
болады. 
Л.Н.Толстойдың 
адамның 
дамуын 
жемісті  ағаштың  ӛсуімен  салыстыруы 
тегін  емес.  Ӛйткені,  сӛздің  тура 
мағынасында  оны  ешкім  ӛсірмейді,  ол 
ӛздігінен 
ӛседі. 
Адам 
тек 
қана 
топырағын  қопсытады,  тыңайтқыштар 
себеді,  артық  бұтақтарын  кеседі,  яғни 
оның 
ӛзіндік 
дамуына 
мүмкіндік 
беретін  қажетті  сыртқы  жағдайларын 
жасайды,  ынталандырады.  Ал,  ӛзіндік 
даму  ӛзінің  ішкі  заңдары  бойынша 
жүреді. Жеке тұлғаның ӛзіндік дамуына 
қоршаған  орта  мен  тәрбие  секілді 
сыртқы  факторлар  әсер  етсе  де,  бұл 
факторлар оның ішкі  дүниесіне оң әсер 
еткенде  ғана  және  оның  ӛз-ӛзімен 
жұмысы  кезіндегі  ӛзіндік  белсенділігін 
ынталандырған  жағдайда  ғана  жеке 
тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. 
Осы  бір  аса  күрделі  процесс  тәрбиенің 
персонификациясы (лат. тіл. ауд. - жеке 
тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің 
персонификациясы 
дегеніміз 
– 
ақпараттық  мазмұндағы, адамның тұтас 
модусын  (модус  –  қажеттіліктер,  мақ-
сат-мүдделер,  наным-сенімдер,  бағалау 
критерийлері,  ынта-ықыластар)  құрай-
тын саналық-психологиялық және идео-
логиялық  процестердің,  қасиеттермен 
қатынастардың  әр  алуан  түрлері  бар 
жеке  тұлғалық  факторлардың  мінез-
құлығын  әлеуметтендіріп,  реттейтін 
ӛзара  әрекет  күрделі  де  қарама-қайшы-
лыққа  толы  болады.  Персонификация 
әлеуметтенудің  антиподы  ретінде  оған 
қарама-қайшы  емес,  ол  әлеуметтенудің 
бар  болуыньщ  ішкі  механизмі  болып 
табылады.  Осылайша,  жеке  тұлғаны 
әлеуметтендіретін  сыртқы  факторлар, 
соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның 
ӛз  ӛзіменжұмысы  кезіндегі  ӛзіндік 
белсенділігінің  ішкі  механизмдерімен, 
яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдері-
мен,  мақсат-мүдделерімен  ӛзара  тығыз 
байланыста  болғанда  ғана  оның  дамуы 
мен  қалыптасуына  әсер  етеді.  Баланың, 
оқушының  белсенділігі  іс-әрекеттің  әр 
алуан түрлерінде кӛрінетіні психология-
да дәлелденген. Ӛмір барысында қарым-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
72 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау