30
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ
ҚҦНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ
Г.Абдықалықова
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Мұғалімнің кәсіби дамуын
педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедра аға оқытушысы
Мектеп – білім ошағы, тәрбие
ортасы, тағылым табалдырығы. Осы
ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттар-
дың ең құндысы рухани-адамгершілік
тәрбие берудің ошағы «Ӛзін-ӛзі тану»
пәні десек ӛте орынды. Ал, ӛзіңді алға
қарай жетілдіру және бойына жақсы
мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен
ӛзін-ӛзі танудан басталады. Ӛйткені,
ӛзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді
білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай
бағытта жүретінін және қандай мінез-
құлық қалыптастыру қажеттігін білу
қиын.
Еліміздің бірінші ханымы Сара
Алпысқызы бастамасымен білім үрдісі-
не енгізілген рухани-адамгершілік тәр-
биеге күш берген «Ӛзін-ӛзі тану»
бағдарламасы осы рухани-адамгершілік
тәрбиеден бастау алып, жан-жақты
жетілген
тұлғаны
қалыптастыруды
қолдайды.
«Ӛзін-ӛзі тану» пәні арқылы әрбір
оқушы бойында мейірім мен рақым-
шылдықты, адамгершілікті, әділдікті,
шынайылықты дамытуға болады. Әр
баланы керемет рухани күш иесі деп
қарап, оның шетсіз шексіздікті үйрен-
сем деген ұмтылысына уақытында кӛңіл
бӛліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ
жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын
шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі
мол, үнемі талпынып тұратын, ӛз елін,
жерін, тілін, отбасын сүйетін, еңбекқор,
адал адам тәрбиелеп шығарымыз сӛзсіз.
«Ӛзін-ӛзі тану» пәні рухани-
адамгершілік білім беру мен жалпы-
адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеуге
бағытталған. Осыған байланысты оқу-
дан тыс іс-шаралардың мазмұнына
жалпыадамзаттық құндылықтарды енгі-
зу арқылы сыныптар арасында, сынып-
ішілік т.б. түрлі спорттық шаралар, ата-
аналармен бірлескен дӛңгелек үстел,
сайыстар, қайырымдылық акцияларын,
кӛрме, дискуссия, драма үйірмелерін,
пікірсайыс, ақындар бұрышын, саяхат-
тар тағы да басқа кӛптеген іс-шаралар-
ды ұйымдастыруға болады.
Оқудан тыс шаралардың маңызы:
- оқушылардың
бойына
ізгі
қасиеттерді дамытады;
- балалардың қоғамдағы әлеумет-
тік-мәдени ортамен үйлесімді байланы-
сын қалыптастырады;
- балаларды мәдениетті адамдар-
ға тән адамгершілік нормалармен
таныстырады;
- жеке
тұлға
ретінде
әр
оқушының жеке ой-пікірімен санасып,
шығармашылық іс-әрекеттер арқылы
ӛзін-ӛзі
айқындауға
басшылық
жасайды;
- табиғат байлықтарына жауап-
кершілікпен қарайтын тұлға қалып-
тастырады;
- оқушылардың
патриоттық
қасиеттерін арттырып, отанын, отбасын,
достарын, мектебін сүюге тәрбиелейді;
- оқудан тыс шаралар арқылы
құндылықтарды енгізеді;
- спорт арқылы ұжымға, бірлікке,
қамқорлыққа үйренеді;
- дискуссия
– дұрыс шешім
қабылдау, татулыққа, сыйлауға, тыңдай
білуге баулиды;
- кез келген құндылықты ала
отырып, драмалық үйірмелерде оқушы-
ларға жазуға, рӛлдерге бӛлуде ішкі
сұлулығын кӛрсетуге ықпал етеді;
- қайырымдылық акциясы. оны
қабырға газеті, сайт арқылы жүзеге
асыруда қайырымдылыққа үйретеді;
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
67
30
- клубтар (сурет, қолӛнер) ұйым-
дастыру. бұйымдарды сыйлық түрінде
сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді;
- ақындар бұрышы ұйымдастыру
арқылы жалпыадамзаттық құндылық-
тарды ӛлеңдер, шығарма түрінде кӛрсе-
туге үйретеді.
Қайырымдылық акциясы мектеп
аясында ӛткізіледі және ұжым мүшеле-
рінің бір-біріне игі ықылас білдіріп,
ӛзара рухани және материалдық кӛмек
кӛрсетуіне бағытталады. Ол күнкӛрісі
тӛмен, кӛпбалалы және жағдайы жоқ
отбасылардан шыққан балаларға, жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлы-
ғынсыз қалған балаларға тек материал-
дық қана емес, рухани қолдау кӛрсетуді
кӛздейді. Сонымен қатар, оқушылар
мен мұғалімдер ұжымының біртұтас
тілектестік, сыйластық, жанашырлық,
қамқорлық сезімдерін оятып, бір-біріне
кӛмек кӛрсету, құрметтеу белсенділігін
арттырады.
Қайырымдылық акциялары жүргі-
зілетіндігі жӛнінде ақпарат алғашқы
күндері мектептің сайтында немесе
стендтерде хабарланады. Сыныптарға
үлестірме материалдар таратылады.
Сынып сағаттарында сыйлықтар-
ды кім үшін жинап жатқанымыз және
акция қалай ӛткізілетіні туралы фильм-
дер кӛрсетіледі. Балалармен қоса
мұғалімдер де сыйлық және қаражат
жинайды. Сонан соң, жетім балалар,
қарттар үйлеріне немесе ауруханаға
таратылады.
Ешқандай
мәжбүрлеу,
ешқандай бәсекелестік болмауы керек.
Акция аяқталғаннан кейін міндетті
түрде акцияға қатысқан қатысушыларға
ризашылық білдіріп, қайырымдылық
акциясы жӛнінде фильм немесе фото-
стенд кӛрсетіледі.
Онда:
Балалар да, ата-аналар да, мұға-
лімдер де, әкімшілік те тең дәрежеде
қатысатын ортақ істің атмосферасы
қалыптасады;
Біздің не істеп жатқанымыздың
себебін, барлық қыр-сырын түсіндіру
(не үшін, неліктен, кімге т.б.)
Қайырымдылық акциясы жӛнінде
фильм немесе фотостенд кӛрсетіп
қорытындылау ӛте маңызды.
Біріншіден, мұндай акцияны бір
рет қана жүргізудің еш маңызы жоқ.
Қайырымдылықпен саналы түрде таң-
дау жасап, бір-ақ рет жомарт және
қайырымды болу мүмкін еместігін
терең түсінгенде ғана айналысуға
болады.
Екішіден, әр акцияның мәресі,
яғни қорытындысы болуы керек: сый
тарту кезінен бейне және фото кӛрсе-
тілімдер, балалар үйінен жауап хаттар
және т.б. Бұның маңызы ӛте зор.
Спортпен айналысу командамен
жұмыс істеу. Бірлік және ӛзара кӛмек
сияқты қасиеттерді дәріптеу үшін
жүргізіледі.
Оқушылардың ненің жақсы, ненің
жаман екенін ӛздері шешуі үшін
моральдық аспектілер қамтылатын ӛзек-
ті мәселелерді пікірсайыстың тақырыбы
етіп алуға болады.
Драмалық үйірмеде оқушылардың
белгілі бір құндылықтар туралы кӛрініс-
тер жазуларын, рӛлдерге бӛліп, ойнап
берулерін ұйымдастыруға болады.
Сабақтан тыс іс-шараларда мұға-
лімнің жеке басы үлгісі ӛте маңызды.
Олар балалар үшін тәлімгер және
шабыт кӛзіне айналуы керек, сол
сияқты кез келген жағдаятты құндылық-
тарды енгізуге ықпал ететін құрал
ретінде пайдалану үшін мейлінше
шығармашыл және зерделі болуы керек.
Мұғалімнің әр сӛзі ісімен дәлел-
деніп жатса, моральдық-адамгершілік
тақырыбына айтылған кез келген әңгіме
ӛз жалғасын тауып жатса, онда айтыл-
ған сӛз балалардың жадында сақталып
қалатыны ақиқат. Жалпыадамзаттық
құндылықтар негізіндегі сабақтан тыс
іс-шаралар
жобасын
үлгі
ретінде
ұсынамын.
Жауапкершілік туралы пікірсайыс.
Мақсаты: оқушыларға адамгерші-
лік құндылықтар негізінде жауапкерші-
лік туралы түсініктерін дамыту.
Жауапкершілік туралы аңыз.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
68
Достарыңызбен бөлісу: |