Жоспар:
«Нұрға бөлену»
1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері .
Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек , тату дос – сол шарасы
Қ.Шәкәрім
- Өлең шумақтарын қалай түсінесіздер?
- Таза жүрек дегеніміз?
- Жүрегі таза адам қандай әрекет жасайды?
Гадецкий «Сыртқы дүниенің көптігі сонша…»
Әдемі үйлеріміз көп, бірақ іші бос.
Жағдайымыз бар, бірақ уақытымыз жоқ.
Жоғары дәрежелі ғалымдар көп, пайдасы жоқ.
Мамандардың саны бар да, сапасы жоқ.
Дәрі-дәрмек көп, денсаулық жоқ.
Айға да ұштық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп көршіміздің кім екенін білмейміз.
Ақпараттарды өңдеп, сақтайтын компьютерлер ойлап таптық, бірақ бір-бірімізбен сөйлесетін уақытымыз жоқ.
Тез тамақ ішеміз, бірақ ол бойымызға толығымен сіңбейді.
«Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп Сократ айтқандай бала көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасындағы әр түрлі ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза жүрекпен, кірленбеген ар-ожданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адам баласы өзінің таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның бастауы тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.күнделікті өмірде тыныштық, жауап кершілік,үйлесімділік,шыдамдылық,жанашырлықжетіспейді.Адамзаттың бұл жаһанданудың басты мәселесі.Неге әлемде экологиялық төнкерістер, әлеуметтік-нарықтық дағдарыстар, суицидттер, нашақорлық, маскүнемдік, ұлтаралық қақтығыстар, террористік шабуылдар болып жатыр? Осының барлығы адамдардың рухани –адамгершілік құндылықтарының жоғалтуының зардабы. Сондықтанда әр азамат рухани кемелденуі қажет.Әр адам өзінен бастау керек. Ең бірінші адамның жан дүниесі өзгеруі керек.
2.Өзін-өзі тану рухани - адамгершілік бағдарламасының аксиологиялық негіздері .
Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылық категориясын зерттейтін философия саласы.
«Өзіңді-өзің танысаң –істің басы».
Шәкәрім Қудайбердиев(1858-1931)
Нақыл сөзді қалай түсінесіздер?
Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді - өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!»,- деп шақырған. Өзіңді танысаң өзгені танисың.
Адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты және де, өзінің мәңгілік рухани негізінен айырылса, тұрақсыз болады. Тәрбиелеуден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Рухани - адамгершілік - адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды.Өзін – өзі тану рухани – адамгершілік бағдарламасының аксиологиялық негіздерін алғашқы рет Сократ көтерді. Сократ бұл мәселені өз философиясының негізі етіп алды және оны игілік тұрғысында қарастырды .
Өз бойыңдағы адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады.
Олар: Ақиқат, дұрыс әрекет,тыныштық, сүйіспеншілік,қиянат жасамау.
Ақиқат : өз сөзіңізді қадағалаңыз ( шын сөйлеңіз, көп сөйлемеңіз, өзгелерді жазғырып, сынап мінемеңіз,сүйіспеншілікпен сөйлеңіз)
Адамның шынайы болмысы,өмір энергиясының өнбойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғат туралы ғылым. Ол тығыздала отырып материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Дұрыс әрекет: жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін, және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Іс –әрекетіңізді қадағалаңыз (ар-намысқа сәйкес, ұят болмайтындай әрекет етіңіз, көмектесіңіз,зиян келтірмеңіз, мемлекеттің заңына сәйкес әрекет етіңіз)
Ішкі тыныштық: ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды. Ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Ой-ниетіңізді қадаңалаңыз ( тек жақсылық ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ болыңыз.) Сүйіспеншілік: ол шынайы, риясыз, жүрегімізде гүл ашатын сүйіспеншілік , өмір беруші және демеуші қуатты энергия. Мінез –құлқыңызды қадағалаңыз (өзіңіздің шынайы табиғатыңыз болып табылатын мейірімділікпен бақытты көрсетіңіз.
Қиянат жасамау: не оймен, не сөзбен, не іспен қиянат жасамау . Жүрегіңізді қадағалаңыз (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз.)
Құндылықтар бәйтерегі: Адам Ақиқатты танып, Дұрыс әрекетті Сүйіспеншіліктен нәр алып жасаса, оның жан дүниесінде Ішкі тыныштық хош иісті гүлі шешек атады Адам жанына Ішкі тыныштық орнаса,ол еш уақытта Қиянат жасамайды.
Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.
Сол сияқты, сананы тазарту ол:
1 Күн сайын жағымды көңіл – күй.
2 Күні бойы адамдарға нұр сыйлау .
3 Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңе есеп беру .
Өкінішке орай, біздің және біздің балаларымыздың санасы жағымсыз ақпараттармен толы.Оның барлығы теледидар, интернет желісінен, т.б жерден келіп жатыр.Біздер оның барлығын алып тастай алмаймыз. Бірақ, біз әр баланың бойына табиғатпен берілген құндылықтарды аша білсек, сонда әр бала жаман мен жақсыны айырып, өмірден өз орнын табар еді.
Белгілі педагог С.Соловейчик келтірілген статистика бойынша ата-аналар баласының тәрбиесіне күніне он жеті минут қана арнайды екен.
Осы он жеті минутта қандай тәрбие бере аламыз?
«Отбасында мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасында сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз , берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!».
С.А.Назарбаева
3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі.
«Ашумен емес, ақылмен үйрету керек»
Б.Момышұлы
Нақыл сөзді қалай түсінесіздер?
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.
Халық даналығы
Баланың бас ұстазы –ата-ана. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Бала дүниеге келген бастап, ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Бала-ата-насының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет.
«Отбасы адамның өте маңызды , өте жауапты ісі. Отбасы бақыт әкеледі,өмірді кемеліне келтіреді, бірақ әрбір отбасы ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады», - деп анықтама берген А.С Макаренко болатын.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Бала өміріндегі ананың рөлі. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Ана – үйдің берекесі. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, "адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған"-деген құламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндеті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Бала өміріндегі әкенің рөлі.Әке отбасында ең басты орынды иеленеді.Әке–білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.Әке- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әркезеде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.
« Ана махаббаты » аңыз әңгіме.
Бір күні балалары келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
Анашым , сіз біздердің қайсымызды ерекше жақсы көресің?
Анасы үндеместен шырақты жағып былай дейді:
Мынау – шырақ , ол – мен!
Оның жалыны сендерге деген сүйіспаешілігім. Осыдан кейін анасы тағы да бір шырақты алып , өз шырағы арқылы жақты.
Бұл менің тұңгышым,оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім.
Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым , сүйіспеншілігім азайды ма?
Жоқ!
Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...
Аналардың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
-Отбасының нұры кімнен тарайды?
-Нұрлы адамның жүрегі қандай?
-Ол қандай әрекет жасайды?
|
Ш.Амонашвили
"Три главных совета по воспитанию детей".
Видео: «Ана мен бала»
|