103
білімділігі мен беделділігіне тікелей байланысты. Кәсіптік бағыттылық
студенттердің пәндік білімді меңгеруге ынталандырады және кәсіптік
сапалардың қалыптасуының маңызды тәсілі ретінде әсер етеді. Демек,
маманның кәсіптік бағыттылығы жалпы базалық білім беретін пәндерден, оның
ішінде кәсіптік пәндерден бастап қалыптасуы тиіс. Кәсіптік пәндер, біріншіден,
кәсіптік білімнің ажырағысыз бөлігі болып табылады, екінші жағынан,
студенттердің өз мамандықтарының ғылыми-техникалық даму барысында
алатын орны мен рөлін ұғынуына септігін тигізеді.
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері даярлық
деңгейі мен өндіріс бағыттарының сәйкес келмеуімен тығыз байланысты. Сол
себепті кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бағытында іргелі және
қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Ең әуелі осы Отандық техникалық кәсіптік
білім беруді жаңарту терең түсіну мақсатында білім берудің шетелдік
модельдерін салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы арқылы жүргізу керек.
Кәсіптік білім беру көптеген елдердің стратегиясында басшылыққа алатынын
атап өту қажет. Әсіресе, бұл Европалық кеңестің, АҚШ-тың, Жапонияның
стратегиясынан анық көрінуде.
Зерттеу университетінде кәсіптік оқыту барысында төмендегідей
дидактикалық мақсаттар анықталады:
- негізгі пәндерді оқып-танысуға, әрі қарай арнаулы пәндерді меңгеруге
қажетті кәсіптік пәндер негіздерін оқыту;
- оқыту үдерісінде студенттерді кәсіптің бүгінгі өмірде, ғылым мен
техникадағы рөлімен таныстыру;
- қолданбалы ғылыми зерттеу дағдыларының қалыптасуы – нақты
міндеттерді, зерттеудің оңтайлы әдістерін таңдау, нәтижені өңдеу және дәлдігін
бағалау әдістері;
- міндеттің шешімін табуда тәжірибе мақсаттарына сай нәтижеге жеткізу
дағдысын қалыптастыру;
- логикалық және алгоритмдік, шығармашылық ойлауын дамыту;
- оқу және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс істеуге үйрету.
Зерттеу нәтижелерін талдау негізінде болашақ мамандарға кәсіптік
оқытудың дидактикалық мүмкіндіктерін былайша көрсетуге болады:
1. Болашақ мамандарды кәсіптік білім саласындағы жетістіктер мен
біліктерді меңгерте отырып, кәсіптік даярлау- болашақ маман үшін әлеуметтік
жағынан да, кәсіптік тұрғыдан да маңызды міндет болып табылады.
2. Болашақ маманның кәсіптік оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін
пәнді оның қажеттіліктеріне және кәсіптік бағдарына сәйкес құрастыру қажет.
3. Болашақ маманның кәсіптік оқыту мен кәсіптік дайындығын
ықпалдастыру арқылы білімін жетілдіру.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, білім
алушылардың білімі мен еңбек нарығының сұранысы тиісінше деңгейге сәйкес
келе бермейтінін көрдік, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің бірі ретінде
педагогикалық шеберлікті жетілдіру қажеттілігіне көз жеткіздік.
104
Зерттеу университеті түлегінің моделі инженерлік кәсіптік құзыреттіліктен
және тұлғалық даму деңгейінен тұрады. Аграрлық саладағы зерттеу
университеті студентінің болашақ маман ретінде кәсіптік құзыреттілігінің
құрамына:
- өзекті квалификация (кәсіптікке байланысты білім, білік, дағдылар);
- когнетивті дайындық (қызмет барысында жаңа білімді, технологияларды
меңгеруге, оқуға және оқытуға деген біліктілік);
- коммуникативті дайындық (өз ана тілін және шетел тілдерін білу,
ұжымды басқара алу, дискуссия жүргізуге, ынталандыруға, өз шешімдерін
қорғауға);
- креативті дайындық (белгілі мәселелерді шешуде жаңа жолдарды іздеп,
табуға, кәсіптік және өзге салалардағы жаңа туындаған мәселелердің шешімін
табуға);
- кәсіптік саладағы және жалпы әлемдегі технологиялық, кәсіптік даму
алғышарттары мен негізгі бағыттарын түсіну;
- тұрақты және ұдайы дамытылып отыратын кәсіптік маңызды тұлғалық
сапалар [163].
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге
қабілетті мамандар даярлау педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіріп
отыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті маман даярлауда педагогогикалық
шеберлік - жоғары оқу орны студенттерін оқыту мен тәрбиелеу өнері. Жоғары
оқу орны бәсекеге қабілетті педагогы – бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің
шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар,
әртүрлі ғылым саласынан хабардар заманауи маман.
Қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мұндай жағдайда қоғамның әр
мүшесінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру қажеттілігі айтарлықтай
артады. Сонымен қатар, инновациялық үдерістер, басқару мәселесі
педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйін болып табылады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде бәсекеге қабілетті мамандар
даярлаудағы педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөліп қарастыруға
болады:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіптік білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Ғылыми әдебиеттерді зерттей келе, аграрлық саладағы зерттеу
университеті бәсекеге қабілетті мамандарының психологиялық сапаларын
анықтадық.
Бәсекеге қабілетті мамандардың психологиялық сапалары:
- аттракция – педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды
баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі;
Достарыңызбен бөлісу: |