туралы деректер сақталған. Екеуінде де Абылайдың қырғыз
жеріне немесе байлығына қызығып, басқыншылық ниет
көздемеген [1,532,], керісінше, тегі бір, дін қарындас қырғызды
қытайланудан сақтап, кейбір рубасыларының қарсылығын баса
отырып, Қазақ хандығына қосуды мақсат еткен.
Абылай хан 1780 жылғы қыркүйек соңы, қазанның
басында Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Қазақтың үш
жүзінің өкілдері ұйғарып, атаулы зират-қорымы болып
табылатын Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне
жерленді.
Қазақ арасында Абылайдың туған жылы туралы кезінде
қалыптасқан 1711 жылы, 1713 жылы деген екі пікір бар. Жазба
дерек жоқ және Абылай 70 жасап еді деген сөз аңыз-
әфсаналарда кездеспейді. Демек, қолда бар деректерге
жүгінсек, Абылай қазақ күнтізбесі бойынша 1712 жылдың
аяғында, орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында
туған және 1780 жылдың күзінде 68 жасында қайтыс болған.
Мұрағатта Абылайдың хатшысы Жағда Усмановтың
айтқандары сақталған. Яғни, 1780 жылғы 25 қыркүйекте
Көкшетауға «Абылай ханның қасынан (оңтүстіктен) оның
ұлдары Шыңғыс сұлтан мен Есім сұлтан, Дат батыр бастаған
біраз адамдар келген. Олар ханның жорықтағы жеңістерін
айтқан. Келер көктемде, яғни, «1781 жылдың басында Абылай
сұлтан Көкшетаудағы ордасына қайтып келеді» деген.
Түркістаннан Көкшетауға дейін салт атпен кемінде бір апталық
жол екендігін ескерсек, Абылай хан 1780 жылғы 19-20
қыркүйекте тірі [2,394-397] Демек, Абылай 1780 жылғы 20
қыркүйектен кейін қайтыс болған. Мұны бекітетін тағы бір
құжатта, Ресей тыңшысы, Есет провинциясының башқұрты
Қазаққұл Қазанбаев жоғарыда аты аталған Дат батырдан:
«Абылай ханның былтыр, 1780 жылы күзде ауырып, өз
ажалынан қайтыс болғанын» естіген [2,410].
Үшінші
құжат
Петропавл
бекінісінің
коменданты
С.В.Сумароковтың генерал Н.Г.Огаревке жазған хаты. Онда
«...1781 жылғы 9 ақпанда Абылай хан өлді деп хабарлаған
екенсіз. Шынында дәл осылай ма, Құлыбек батырды шақыртып
алып, біліп беріңіз, анық-қанығына жету – біз үшін өте қажет.
Барлық күш-жігеріңізді салып, Құлыбек батырды Абылайдың
өлген жеріне жіберіп алыңыз. Абылайдың өлгені рас па, неден
өлгенін анықтасын. Құлыбек кісі жіберемін десе, жол шығынын
толық
өтейміз,
оған
қам
жемесін».
(Омбы
облыстық
мемлекеттік мұрағаты. 1-қор, 1-тізбе, 226-іс, 52-пар. Бұрын
жарияланбаған.)
192
Бұл ресми түрде қағазға түскен алғашқы хабар,
хатталған әзірше тұңғыш құжат. Демек, Абылай хан «1781
жылы қайтыс болды» деген дерек негізсіз.
Уәли сұлтанның Ресей әкімшілігіне хат жазып, әкесінің
қазасын 1781 жылғы мамыр айында ғана, яғни кеш
хабарлауының мәнісі де нақты деректермен анықталып отыр.
Абылай ханның қазасы туралы генерал-майор Н. Г. Огаревтің
1781 жылғы 21 наурызда жазған мәлімхатында «Абылайдың
ұлы Шыңғыс сұлтан қазақтарға әкесінің өлімі туралы жаздағы
бас қосуға дейін орыстарға айтпаңдар, деп тыйым салыпты»
[2,402] деген сөздер ханның қазасы жылы таяп, ас бергенше
құпия ұсталғанының тағы бір дәлелі...
Әдебиеттер тізімі:
Тайшыбай З. Қазақтың ханы – Абылай, екі томдық,
«Ел-шежіре», Алматы, 2011. 1-том.
Тайшыбай З. Қазақтың ханы – Абылай, екі томдық,
«Ел-шежіре», Алматы, 2011. 2-том.
XV-XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА КӨЗҚАРАС
Ташетов Т.Т.
Көкшетау қ., № 21 орта мектебінің тарих мұғалімі
shkola_d21@mail.ru
Халықтың игілігі жолында ғажайып істер тындырған ұлы
перзенттер сапынан Мұстафа Кемал Ататүрік, Франклин
Делано Рузвельт, Шарль де Голь, Ли Куан, Дэн Сяопин,
Махатхар Мохаммед мәңгі орын алды. Қазақстан халқы, сондай
–
ақ
бүкіл
әлем
жұтшылығы
Қазақстан
президенті
Н.Ә.Назарбаевты тәуелсіздік архитектурасы сәулетшілерінің
және қазіргі тұрақтылық заман жасампаздарының шоғырына
жатқызады. Ел президентінің тәуелсіздік негізін қалау, іргесі
берік
Қазақстан
болашағының
басым
бағыттарын
айқындаудағы алуан қырлы қызметінің мазмұны мен мәні
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевты
Қазақстанның
қазіргі
заманғы мемлекеттілігінің негізін қалаушы, бүкіл халық таныған
көшбасшы ретінде бағалаудың алғышарты болып табылады.
Қазақстандықтар
ең
басты
нәрсені
–
халықтар
арасындағы бірлік пен мызғымастықты сақтап, демократиялық
193
басым бағыттарға негіздеоген жоғары экономикалық және
әлеуметтік ілгерілеуге қол жеткізді. Қазақстанның қазіргі
заманғы тарихы алуан түрлі оқиғаларға аса бай. Қазақстанның
бүгінгі тарихы мемлекеттіліктің жоғары сапасы жаңа деңгеймен,
тәуелсіздіктің ақиқатымен және бүкіл қоғамдық – саяси жүйенің
өзгеріске түсуімен орайлас келді. Тәуелсіздік жолына қадам
басқанда Қазақстан халқы ел болашағының архитектурасын
жасауда өзінің Тұңғыш президентіне сенім артты. Сол бір
тарихи сәтте Қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық,
қоғамның және мемлекеттің көшбашысы ретінде жасампаздық
дарынына шек келтірген жоқ. Жалпыхалықтық таңдаудың
дұрыстығын уақыт дәлелдеді.
Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамын жаңғыртудың және
жаңа дүние жағдайында еліміздің мемлекеттілігін нығайтудың
негізінде Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде баяндалған
тәуелсіздік стратегиялары жатыр. «Қазақстан дамуының 2030
жылғы дейінгі стратегиясы» барша халыққа кеңінен танылды.
Онда былай делінген: «Отыз жылға жоспарлау көкжиегін
таңдау басты екі фактормен белгіленді. Біріншіден, отыз жыл
бір буынның белсенді өмір кезеңін көрсетеді. Екіншіден,
Қазақстанда мұнай қорын бағалау мен балама энергия
көздерін енгізу мүмкіндігі бойынша, сондай – ақ ұзақтығы 30 –
40 жылдық дайын бөлік болды. Тәуелсіздік жағдайында
Қазақстанның
халықаралық
мәртебесі
жөніндегі
сәселе
алдыңғы
орынға
шықты.
Тәуелсіз
республикада
қоғамтанушылардың жаңа ұрпағының қуатты тобын құрып,
жұмылдыру, қоғамдық сананы қалыптастыру, гуманитарлық
зерттеулердің бағыт – бағдарларын, олардың тақырыптарын
айқындау, қиындықтарды еңсеру қажет болды. Мына жайттарп
Қазақстанның саяси тарихының айқындаушы факторына
айналды.»
Президент Н.Ә.Назарбаевтың экономикалық игілікке
сілтеген жолы бойынша кезең – кезеңдік саяси реформаларды
жүргізудің шартын алдын ала айқындап берген Қазақстан
халқына жолдауларының әлеуметтік саяси мәнділігі. Жаңа
экономикалық қауымдастық ретінде емес, түрлі ұлттар
азаматтарының азаматтық өзін – өзі билеуі негізіндегі
Қазақстандық социумның құрылуы. Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі
және сыртқы талаптарын объективті түрде көре біліп, оларға
дер кезінде ден қою.
Қазақстанның халықаралық аядағы жаңа геосаяси ақиқат
пен әрекет етуші фактор субъектісі ретінде қалыптасуы. Біздің
отандық тарихымыз ол Қазақстан тарихы «Дүние жүзі
194
Достарыңызбен бөлісу: |