жүз әскеріне қосып алып [1,544,546], Лама Доржы, Дауашының
басқыншылық шабуылдарын батыл тойтарған [1,446-448,450].
1752-1757
жылдары
бірнеше
қарымта
жорық
жасап,
жоңғарлардың жаугершілік қуатын мейлінше әлсіреткен.
1756 жылдың жазында «жоңғар нояны Әмірсананың
соңына түстік» деген желеумен қазақ жеріне қалың қолмен екі
бағыттан, басып кірген Қытай-манчжур әскерлеріне қарсы
қорғаныс
амалдарын
алдын-ала
ұйымдастырған
[1,502,503,508,509]. Басқыншылар Ертісті кешіп өткен бетте-ақ,
Бөгембай, Қожаберген, Аралбай, Жауғаш батырлар бастаған
қарсы ұрыс бастап, қатары қалың, қару-жарағы бекем жаумен
екі ай бойы қаша соғыса отырып, Баянаула, Желтау, Арқалық-
Едірей, Қу-Боқты, Қарқаралы-Кент сияқты өңшең таулы
аймақта кескілескен айқас ұйымдастырды. Нәтижесінде, 1756
жылдың қазан-қарашасында, жат жұрттың жасақтарын көп
шығынға ұшыратып, қуып шыққан [1,507,508,512]. Осы
майданда өзі қатты жараланып, өлім аузынан қалды. Келесі
1757 жылы 14 маусымда қазақ жеріне қайта кірген қытай
жасақтарымен Абылай қолы Айдынсу тұсында кездесіп, тағы
бетін қайтарды [1,490]. Аса қуатты және қауіпті көршімен
болған қақтығыстарды асқындырмай, олардың салдарын
шебер реттеп, Цин империясымен бейбіт қатынас орнатты
[1,494].
Абылайдың ұстанған сыртқы саясаты және сол дәуірде
Орта жүздің көрші мемлекеттерден тәуелсіз болғаны жөнінде
А. И. Левшиннен бері қарай көптеген авторлар жазды. Мысалы,
Ресей генералы И. Крафт былай мойындаған: «Орта жүз орыс
бодандығына
Кіші
жүзбен
бір
мезгілде
мойынұсынды
дегенімен, жырақта жатқан Орта жүзге орыс билігінің қолы
жете бермеді, қазақтарға қойындап кіре алмады. Орта жүздің
бас билеушісі Абылай сұлтан өзінің шебер саясаты мен айла-
амалының арқасында өле-өлгенше мүлде тәуелсіз болып қала
берді. Ол уақыт пен кеңістіктегі саяси ауанды аңдып, бірде
Ресейге, бірде Қытайға, бірде Жоңғарға берілген сияқты болса
да, шын мәнінде, ешқайсысына тізгін берген жоқ. Орайы келсе-
ақ, үшеуін де шауып, өз халқы үшін пайда табуға ұмтылды...
Абылай Жоңғар хандығын жоюда Қытайға көмектесті» [2,389].
Абылай сұлтан жоңғар хандығы жойылғаннан кейін,
ежелгі қазақ жерлерін қайтарып алуға күш салды. Осы
мақсатта және баянды сауда қатынастарын орнату үшін 1757-
1760 ж.ж. бастап, Цин сарайымен тікелей мәмлеге келген,
стратегиялық әріптес ретінде Ресейден қол үзген жоқ, оның
өктем наразылығын еңсере отырып, келешек үшін шығыс
187
тарапта қазақ-қытай байланыстарын нығайтқан [2,372]. Қытай
императоры Цянлунь Абылайдың жігерлі дербес саясатын
мойындап, Қазақ хандығының іс жүзіндегі тәуелсіздігін таныды,
тіпті «қазақтардың ішкі ісіне араласпайтынына жазбаша
кепілдік беруге» [1,497] мәжбүр болған. Қытай мемлекетімен
тұрақты сауда орнатты, тарихта «жылқыға-жібек» айырбасы
түрінде басталған екі жаққа да тиімді байланыс тікелей
Абылайдың күш-жігерімен орныққан [1,518].
Абылай хан өмірінің соңына дейін Ресей және Қытай
мемлекеттерімен, Орталық Азия хандықтарымен теңгерімді әрі
тұрақты, екіжаққа да тиімді, дипломатиялық және сауда
қатынастарын
нығайтып,
Қазақстанның
саяси
және
экономикалық
тәуелсіздігін,
мемлекеттік
шегарасының
беріктігін қамтамасыз еткен. 1759 жылы ақпанда немере інісі
Жолбарыс сұлтан бастатып 12 кісіні Петербургке [2,48] және
тағы бір туысы Орыс сұлтанды 14 кісімен Пекинге [2,49,52]
аттандырды.
Ресей үкіметі Абылайдың «шектен тыс дербестігінен»,
әсіресе Қытаймен жақындасуынан сескеніп, оны өз жағына
тарту үшін «жем тастады» -1759 жылы жылдық жалақы
тағайындады [2,60], 1760 жылдан бастап жылына 200 пұт
астық беріле бастады [2,125]. Қызылжар бекінісінен 250
шақырым жердегі, Қылшақты өзені бойында қыстау салып
беруге көндіріп, қолынан қағаз жаздырып алды. Осылайша,
біріншіден, өз халқы алдында Абылайдың абыройына шіркеу
түсіруге (көрші елден бағалы сыйлық алған ретінде), екіншіден,
қазақтың «сыйға – сый, сыраға –бал» салтымен, бауырға тарту
ниетін көздеді. Алайда, мұндай «жол, жоралғы» Абылайды
адалдық ниетінен тайдыра алмады.
Аңыздағы «Абылайдың ақ үйіне» барып тірелетін бұл
әңгімені Сібір әскер шебінің бастығы генерал И. Веймарн 1761
жылы 22 қыркүйекте бастаған: «Қазақтарды тыныштандырып,
ежелгі салтынан айыру, мінез-құлқын жұмсарту, олардың негізгі
байлығы болып табылатын малын бірте-бірте азайту...»
жоспары үкімет деңгейінде қолдау тапқан. [2,155-157]. Абылай
сұлтанға Қылшақты өзені бойынан үй-жай салып беру мәселесі
1765 жылдың 1 мамырында қайта қозғалды. 13 мамыр күні
Қызылжар (Петр ағзам) бекінісінен, барлығы 21 адам, оның 16-
сы балташы, екі айға мөлшерлі ас-суымен, капрал Абдуловтың
бастауымен, Абылай сұлтанға генерал-майор Девиц атынан
жазылған хатты алып, 8 арбамен оңтүстікті бетке алып,
аттанып кетті [2,221,222]. Зерттеуші Н. Г. Аполлова мұрағат
құжаттарын негізге ала отырып, былай деп жазады: «Орта
188