атындағы мешіт ғимараты мен «Автогордок» аталатын
аудандағы мешіт ескі қазақ мешіті сол замандардан сақталған
ғимараттар. Әрине көптеген ғимараттар заман ағымына қарай
бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Қаладағы православ шіркеуі де
ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылады. Бүгінгі күнге
дейін сақталған ағаш ғимараттар қатарына: бұрынғы В.
Куйбышев музейі болған қала мұражайы, уезд начальнигінің
үйі. Мәлік Ғабдуллин мұражайы орналасқан көпес үйі. 1895 ж.
Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Қазақтың жер-суы
Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланып (1891), қоныс
аудару қозғалысы салдарынан, тек 1885-1893 ж. Ақмола
облысында (Көушетау аймағы соның құрамында) қазақтардан
252 мың гектардан астам жер тартып алынып, 24 селоға 11
мыңдай ер адамы бар отбасылар қоныстандырылды. 1894 ж.
орыс ұлтының саны 1868 жылға қарағанда 75 мыңға көбейді.
Сондықтан да отарлық езгінің күллі экономикалық, әлеуметтік,
рухани қыспағын Көкшетау өңірінің көзі ашық азаматтары
бірден сезінді. Көкшетау мешітінің молдалары Науан хазірет
пен Ш.Қосшығұлов 1903 ж. қазақ елінің беделді азаматтарына
(соның ішінде Абайға да) хаттар жолдап, ел басына түскен
ахуалды талқылайтын кеңес өткізуге шақырды.
Жергілікті өлкетанушы ғалым профессор Қ.Әбуовтің 2011
жылы Астана қаласында басылып шыққан «Науан Хазірет»
зерттеуінде Науан Хазіретті қазақтың жаңа замандағы ірі дін
реформаторы ағартушы ғұлама деп көрсеткен [4: 32].
Ал профессор Ө. Озғанбайдың «Ресей Думасындағы
қазақтар» монографиясында жерлесіміз Ш. Қосшығұлов
алғашқы қазақтан сайланған парламент мүшесі екендігі
дәлелденген [5: 47].
Төңкеріске дейін қалада кірпіштен салынған тұңғыш ғимарат
1904 жылы қала орталығында салынған шарап жасау
зауытының иесі Смуровтың үйі, сондай – ақ қазіргі Әуезов
кошесіндегі Өнер және әдебиет мұражайы орналасқан
ғимараттар болып табылады. Смуров салдырған ғимаратта
1920 жылы тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырылған. Ол
Қазақстандағы көне ағарту мекемелердің бірі. 1904 жылы
салынған ХІХ ғасырдың тарих және архитектура ескерткішінің
ғимаратына жатады. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану жөніндегі орталық» директоры Ыбраев Талғат
Қайыркенұлының айтуы бойынша облыс аумағындағы тарихи
ескеркіштерді қорғау және пайдалану үшін арнайы мемлекеттік
орталық құрылған.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі
200
орталық» МКҚК облыс әкімінің 2001 жылғы 29 қарашадағы №а
7/43 қаулысы негізінде құрылды. Орталықтың мемлекеттік
меншіктік құқықтық субьекті ретінде міндеттерін атқарушы
құрылтайшысы болып Ақмола облысының әкімдігі табылады.
Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № А-8/264
қаулысы негізінде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану
орталығы»
ММ-сі
оперативтік
мемлекеттік
коммуналды кәсіпорын құқығы бойынша Ақмола облысының
мәдениет басқармасы жанындағы «Тарихи-мәдени мұраны
қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесі болып
құрылды [6].
Қаламызда
әртүрлі
тарихи
кезеңдерден
сақталған
ғимараттар саусақпен санарлықтай ғана. Ғимараттар қандай
заман өтсе де оның кенйбір үлгілері келесі ұрпақтар үшін
сақталып отыруға міндетті.
Мәселен 1963 ж. қазіргі кезде облыстық филормония
орналасқан
ғимарат
теміржолшылдар
сарайы
салынып
пайдалануға берілді. Ол ұзақ уақыт бойына қаладағы халық
шығармашылығының ірі орталығы болып келді. Нарыққа көшу,
реформалардан соң тарихи ғимарат мемлекет иелігіне өтіп
сақталып
қалды.
Ғимарат
кеңестік
дәуірдегі
кеңестік
архитектуралық стилде салынған. Болашақта ХХ ғасырдың
тарихи-монументальді ескерткіші ретінде қорғауға алынуға
тиісті. Әуезов көшесіндегі «Юнность» кинотеатры, «Истоки»
славян орталығы орналасқан ғимарат та кеңестік дәуір
тудырған тарихи ескерткіштер.
1965 жылы Бұқпа тауда қаламыздың эмблемасы тәрізді
болған 180 метрлік телемұнара да бір дәуірдің қайталанбас
ескеркіші болып табылады, назар аударатын нәрсе шынында
телехабарларды қабылдау үшін биік нүкте керек болды соған
қарамастан
құрылыс
жүргізгендер
табиғатқа
мейлінше
жанашарлықпен зиян келтірмей осы аса күрделі жалпы қоғамға
керек құрылысты сәтті жүзеге асырған.
1971 ж. қаламызда қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан
Уәлихановтың ескерткіші Копа көліне таяу қазіргі қалалық
әкімдік алаңында бой көтерді . Ескерткіш авторлары
көкшетаулық мүсінші Төлеген Досмағамбетов пен архитектор Қ.
Абдалиевтер болды. Елімізде Ш. Уәлихановқа Алматыда,
Алтын Емелде қойылған ескерткіштер бар, көп адамдардың
айтуынша соның ішіндегі ең сәтті шыққаны осы Көкшетау
қаласындағы ескерткіш болып табылады.
Ол кезеңдегі қала халқының құрамында қазақтардың үлес
салмағы өте төмен болып қалада бір ғана толық қазақ мектебі
201
облыстық қазақ мектеп – интернаты жұмыс істеді. Оның
ғимараты да 1960-шы жылдардың құрылыс нысаны болып
саналады. Бұрынғы қалалық қазақ мектебінің тек жоғары
сыныптары қалдырылып қазақ кластары жабылды.
Осы жылдары Көкшетау қаласының Орталық бөлегінің
архитектуралық
жобалануы
аяқталып
қазіргі
бейнесіне
сәйкестендірілді. 1977 жылы Қазіргі Көкшетау мәдениет сарайы
салынып онда орыс драма театры ашылды. Архитектор
Земляковтың жобасымен Бас пошта үйі салынды, сол жылы
алматылық архитекторлар Т.Жәнібеков пен қарағандылық
мүсінші А.Билыктың авторлығымен «Мәңгі алау мен белгісіз
қазақ жауынгерінің» ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіште басқа
емес, қазақ жауынгерінің бейнесінің бейнеленуі де сол кездегі
облыс басшысының тікелей ұсынысымен жасалынған.
1981 ж. сол кездегі Қазақ Республикасының бірінші
хатшысы Д. Қонаевтың қатысумен Республикамыздағы ең
тамаша өз заманы үшін керемет құрылыс болған теміржол
вокзалы ашылды.1982 жылы Орталық универмаг ғимараты
салынып ол туралы хабар КСРО-ның орталық теледидары
арқылы берілді [7:5 ].
Егер 1970 жылдың ортасында қонақтар үшін Көкшетауда
лайықты қонақ үй болмаған болса енді интуристік деңгейдегі
«Достық» және 1987 жылы «Көкшетау» қонақ үйі дүниеге келді.
Ал келесі жылы арнайы жобамен тұңғыш рет бүкіл Солтүстік
Қазақстан өңіріндегі жалғыз жабық базар салынды. Мұның
сыртында
осы
жылдары
Көкшетау
пединституты
мен
ауылшаруашылық институттарының ғимараттары бой көтерді
[8: 328].
Қорытындылай айтқанда Көкшетау қаласы бұған дейін де
кейін мұндай архитектуралық «бумды» басынан өткермеген
болатын
Кеңес
дәуірінің
архитектуралық
монументалдық
құрылыстары сөзсіз өткен тарихымыздың бір бөлшегі, қазіргі
қаламыздың қазіргі ажар келбеті де негізінен сол заманда
қалыптасқаны шындық. Қаламызды жаңарта отыра, жаңғыртып
қайта салумен қатар оның біртіндеп қалыптасқан тарихи
бөлегін, айшықты ескерткіштерін өте ұқыптылықпен сақтай
білуіміз қажет.
Өткенге осындай көзқарас барлық дамыған өзін-өзі мен
өткен тарихын, халқын құрметтейтін барлық халықтарға тән
қасиет
көрінеді. Тек сондай халық қана болашағына
жасмпаздықпен, сеніммен қарай алады.
202
Достарыңызбен бөлісу: |