жүздің әлуетті сұлтаны Абылай 1765 жылы жартылай
отырықшы шаруашылық бастады. Петропавл бекінісінің
қарсысындағы жайлаулар соған қарайтын... Абылай Қылшақты
өзенінен 7 шақырым жердегі қыстауында өзіне қысқы тұрғын-
жай салып беруді сұраған. (ООММ, 1-қор, 1-тізбе, 133-іс, 10-10-
сырт. пар.) Абылай үшін салынатын қысқы үйлер татарлардың
«шұбалма пешімен» жылытылған.
Қосымша ретінде айтарымыз, аталған жаңа қоныстың
орны Петропавл бекінісінен 250 шақырым жердегі Қылшақты
өзеншесінің өткелінен өткен соң, 7 шақырым жерде. Сол
жылдан бастап «Жаңа қыстау» аталған хан ордасы қазіргі
Көкшетау қаласынан 35 шақырым жердегі «Кенесары ауылы»
деген елді мекеннің оңтүстігіндегі шоқылардың арасына
салынған.
1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін,
қазақтың үш жүзінің беделді өкілдері «марқұм ханның өз
кіндігінен тараған ұлдарының мұрагерлік құқы бола тұрса да,
өзге сұлтандардың ішінде ең таңдаулысы ретінде» (Шоқан),
Түркістан қаласында Абылайды «үш алаштың» ханы етіп,
бірауыздан сайлаған [2,357-359,361,365]. Бірақ, Абылай хан
патша құзіретімен биік лауазымға бекіту рәсімін тілемеген және
тәуелсіз елдің билеушісі ретінде Ресейге бодандық шартынан
бас тартқан. Тек, арада 7 жыл өткен соң ғана Қазақ
даласындағы өз ықпалын сақтап қалуды амалдап, Ресей
патшалығы 1778 жылғы 4 мамырда А. «Орта жүздің ханы
лауазымына бекіту туралы» құзырхат жіберуге мәжбүр болған
[2,367-374,377]. Алайда, тәуелсіз көрші мемелкеттің ішкі
істеріне араласу болып табылатын халықаралық құқық
нормаларына қайшы бұл құжатты Абылай хан заңсыз деп
таныды. Ресей императорының жарлығын мойындамады,
мансап куәлігінен ашық бас тарттты, көрші мемлекет билігі
ұсынған сый-сияпатты, хандық жора-рәсімерді қабылдамады.
[2,386,392]. Абылайдың бұл ұстанымын әр саққа жүгірткен
Ресей генералдары мұндай «варвар, түз тағысын» тақтан
тайдыру, тіпті ыңғайы келсе тұтқындап, көзін жоюдың
амалдарын қарастырғаны туралы құжаттар баршылық [2,375-
388].
Енді сол құжаттардан кейбір үзінділер берсек: «...Орта
жүзді түгел қозғап, қарауындағыларды Абылайға қарсы қою
керек», [2-393]. «Өз қарауындағы елдерде ғана емес, қазақтың
басқа да жерлерінде Ресейдің көптеген адамдарын тұтқында
ұстап отыр. Қанша талап етсек те, қайтармайды» [2,384].
«Елінде және өз ауылында көптеген орыс адамдарын тұтқынға
189
ұстап отыр, оларды қайтару туралы біздің талабымызды
орындаған жоқ...орыстарға нешетүрлі жамандық жасаудан
тайынбайды» [2,388], Орта жүз ішінде Абылайдың беделін
түсіретіндей іс ойластырып, оған «бақталас» болатын
мансапқор біреуді іздеп тауып, ондай адамды үкімет тарапынан
қолпаштап отырған жөн [2,388].
«...Әзірше, Орта жүзде жағдай осындай болып тұрған
кезде қазақ жеріне орыстардың қатынауына тыйым салу қажет.
Өйткені, бұл «жыртқыштан» қауіп күшті. Сондай-ақ, бүкіл
шегара бойында қазақтардың шапқынынан сақтанып отыру
қажет, ондай жағдай бола қалса, мейлінше бетін қайтарып,
қуып, барымталап жіберу керек [2,388].
«Осынау бұзық ниетті Абылайға бәсекелес, одан қысым
көріп, наразы болып жүргендердің арасынан: Ресейге адал
қызмет ететін Әбілпейіз сұлтан, ағайынды Бекболат пен
Кенжебай сияқтылардың арасы қазір қандай екенін білу үшін,
нақты барлау жүргізу жөнінде Огарев мырзаға мынадай нұсқау
берген едім: «Егер олар Абылайдың Ресей жөніндегі қылық-
әрекеттерін жек көретін болса, Орта жүзді түгел азғырып,
Абылайға қарсы көтеру керек. Мұнымыздың орайы келсе,
Абылайға қарсы шығушыларды патша ағзам тарапынан
қолпаштап, шенін өсіреміз деп дәмелендірген жөн болар еді.
Бұл ойымыздың орайын келтіру үшін ондай адамдарға пара
беріп, аузын алу керек. Генерал-майор Огарев өз тарапынан
ханға біз ойлағандай әлуетті бәсекелес таба алар ма екен, ол
жөнінде мен біліп отыруым керек қой. Осы жұмыс бойынша
оған өз қасымдағы тілмәш Бекчуринді жіберіп алғанмын. Осы
жоспарымыздан көңілдегідей нәтиже күтіп отырғанымда,
таяуда тілмәш Бекчурин де қайтып оралды. Тілмәш арқылы
Огарев маған мына жайларды хабарлапты:
«Қолынан іс келеді-ау, деген Әбілпейіз сұлтан қазір
Түркістан қаласында екен, әзір ол жақтан қайтатын түрі
көрінбейді. Арнайы адам жіберіп, шақырып алайын десем,
оның да ыңғайын таба алмай отырмын.
Ал енді, ағайынды екеудің біреуі - Бекболат Огаревтің
шақырғанына келмепті. Аурумын, денсаулығым жарамайды
десе керек. Оның үстіне, бізге шын берілген ел ағалары да
оның әлжуаз әрі тым кәрі екенін айтып отыр. Бекболаттың інісі
Кенжебай қолайлырақ болар еді, оны былтыр кездескенде
Огарев мырза да байқаған екен, алайда Кенжебай шегара
шебіне ұрымтал маңнан көрінбейді, қайда екені белгісіз. Демек,
бұл екеуінің де ыңғайы келмейтіндіктен, Огарев мырза Сібір
шебіне таяу қоныстанған Төре сұлтан мен Құлыбек батыр
190
екеуінің бірін таңдағанды жөн көретіндей. Төре сұлтан әуелден
Абылаймен жұлдызы қарсы, оның айтқандарын орындай
қоймайтын, өзін Абылайдан кем санамайтын. Ал, Құлыбек
батырдың бізге жақсы қызмет етіп келе жатқаны рас, десек те,
оныңыз біз ойлағандай нәтиже шығара алар ма екен?
Огаревтің осындай да күдігі бар. Өйткені Ертісті бойлап,
Омбы бекінісінен жоғарырақ аймақта отырған Абылайдың інісі
Сұлтанмұхаммет сұлтан мен немере інілері Орыс және Иман
сұлтандар бар, бұлардың балалары, туыстары, қарауындағы
қазақтары бар. Олар, әрине, Абылайдан сырт айналмайды»
[2,392,393]. Кезінде хатталған бұл сөздерге түсінік беру артық
болар.
Абылай мен орыс билігі арасындағы қатынастар туралы
Ресей бас штабының биік шенді офицері И. Красовский былай
деп жазған: «... дәл сол кездегі Орта жүзге алғыр да әлуетті
әскербасы, көрші державалармен қарым-қатынас жасап тұруға
шебер мәмілегер керек еді. Осы міндеттің екеуін де Абылай
абыроймен орындап шықты. Ол тек арғын тайпасын ғана емес,
басқаларын да биледі. Үш жүздің ортақ дұшпаны жоңғарларға
қарсы жеңісті күрес бастады. Аса өрнекті ептілік танытып,
Ресеймен де, Қытаймен де байланыс орнатты. Осындай
қасиеттерінің арқасында, Әбілмәмбет ханға қарағанда, Абылай
сұлтанның атақ-даңқы арта берді. Әбілмәмбет хан болса,
әскерді де, мәмлегерлікті де Абылайға өз еркімен беріп қойды,
билікке таласқан жоқ. Соның нәтижесінде Сібір даласындағы
Орта жүз сұлтандарының арасында алауыздық [болған] жоқ.
Мұндай ауызбірліктің екінші бір негізі, жоңғар мен қазақ арасы
тыныштанған соң, Абылай бүкіл қазақ аламанының қолбасы
атағынан өз еркімен бас тартты. Орта жүз тайпаларын
бұрынғыдай, бір шыбықпен айдаймын деп аптыққан жоқ...».
[Материалы для географии и статистики России, собранные
офицерами генерального штаба. Область Сибирских киргизов.
Часть 1. СпБ, 1868. С.39.]
Абылай
хан
Ресейдегі
Е.
Пугачев
көтерілісіне
байланысты ұстамдылық танытты. Ресейдің ішкі ісіне
араласқан жоқ, көтерілістің түбі шикі, мақсаты бұлыңғыр екенін
байқады. Қазақ халқын арандатудан, орынсыз қан төгуден
сақтап қалды [2.311,312]. Ескерте кетейік, «Абылай хан Е.
Пугачевті қолдады, тіпті 40 мың әскермен Ресей бекіністерін
шабуға дайын отыр»-мыс [2-313] деген жазбаша дерек сол
дәуірде насихат үшін таратылған жалған ақпар екені
дәлелденді.
Абылайдың қырғыздарға екі мәрте жорық жасағаны
191
Достарыңызбен бөлісу: |