Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет77/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156

Дуан  ашылғаннан  кейін  үйлердің  барлығы  да  ағаштан 

қиылып  салынатын  болған.  Соған  байланысты  Көкшетауды 

кезінде «ағаш қала» деп те атаған. Егер де қазіргі күнде қалада 

құрылыс  жүргізгендер  қаланың  оңтістігі  мен  солтүстігіндегі 

қыраттарды  үңгіп  бүлдіріп  жатқан  болса,  сол  кездегі  патша 

өкіметінің  адамдары  аяусыз  тегін  қарағайлы  орманды  қирата 

қырып  ағаш  үйлерді  тұрғызған.  Көкшетаудың  табиғатының 

азып-тозуы сол уақыттан бастау алған.

Көкшетау  қаласы  екі  жүз  жылға  жуық  тарихында  кішігірім 

бекініс  –  қоныс,  сонан  соң  уезд  орталығы  қаладан,  кеңес 

кезеңінде  облыстық  дәрежедегі  қалаға  айналды,  қаланың 

қазіргі  жобасы  мен  негізгі  инфрақұрлымы  әйгілі  жерлесіміз 

Көкшетаудың  тумасы,  мемлекет  қайраткері  Еркін  Нұржанұлы 

Әуелбековтің хатшы болып тұрған 1969-1979 жж. қалыптасқан.  

Көкшетау  қаласында  сол  жылдары  аэропорт,  теміржол 

вокзалы,  пед  институттың  бас  ғимараты,  ауылшаруашылық 

институтының  ғимараттары  тағы  басқа  нысандар  бой  көтеріп, 

белгісіз сарбаз ескерткіші ашылды.

Көкшетау  1989  жылғы  санақ  бойынша  157  мыңнан  астам 

тұрғыны бар ірі қалаға айналды. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң 

қала 1990- шы жылдардың ортасында әлеуметтік-эконмикалық 

қыйындықтарды  басынан  кешірді  1997  жылы  облыстық 

орталық  статусынан  айырылып  біршама  құлдырауға  ұшырады 

халқының  саны  132,9  мың  адамға  дейін  азайып  кетті.  1993 

жылы Қала мен тарихи аймақтың отарлық кезеңде бұрмаланып 

келген  атау  транскрипциясы  өзгертіліп  ол  енді  (Кокчетав) 

Көкшетау қаласы, Көкшетау облысы деп түзетілді. Қаламыздың 

қайта қалпына келіп, көркеюіне зор серпін берген оқиға ол 1999 

жылы  Кокшетау  қаласы  Президент  жарлығымен  астаналық 

облыстың  орталығына  айналуы  болды.  Қаланың  орталық 

көшелері қайта реконструкциядан өтіп, қазақ елінің ел иесі, жер 

киесі  болған  алаштың  ардақты  ханы  Абылай  ханға  арналған 

тамаша  ескеркіш  ашылды,  2000  жылы  жеңіс  аллеясында 

Талғат  Бигельдиновке  бюст  орнатылды.  Қала  орталығына 

қаланың  негізі  қаланған  дата  жазылған  белгі  тасқа  зер  жазу 

жазылды.


Содан  бергі  уақытта  Орталық  алаңнан  Ленин  ескерткіші 

алынып  ол  алаң  Абылай  хан  алаңы  деген  жаңа  атауға  ие 

болды.  Ленин  ескерткіші  қалалық  саябаққа  ауыстырылып 

орнатылды.  2012  жылы  Лениннің  серіктерінің  бірі  төңкерісшіл 

В.  Куйбышевтің  ескерткіші  Бұқпа  таудың  етегендегі  орнынан 

түсіріліп, қала музейінің жанына жайғастырылды.

Қаламызда  патша  дәуірінен  сақталған  қарағайдан  қыйып 

198



салынған: уезд бастығының үйі, саудагер Балтыққан сарттың үі, 

Науан  Хазірет  мешіті,  Михаил  –  Архангель  православ  шіркеуі, 

өлкетану  мұражайы  орналасқан    көпес  Смуровтың  үйлері 

сақталған.  Сондай  –  ақ  қалада  Сталиндік  дәуір  мен  Хрущевтік 

кезеңде  салынған  тұрғын  үйлер  көптеп  сақталған.  2011  жылы 

облыстық  сот  ғимараты  алдында  қазақтың  үш  биіне  арналған 

ескерткіш  тұрғызылған.  Қаламызда тәуелсіздік жылдары басқа 

да  әсем  ғимараттар  мен  ескуерткіштер  тұрғызылды.  Қазақ 

жерін  отарлай  бастаған  Ресей  империясы  19  ғ-дан  бастап 

Көкшетау  жеріне  орыс  шаруаларын  біртіндеп  қоныстандыруға 

кірісті.  Сібір  генерал-губернаторы  болып  қызмет  істеген  (1819-

1821),  Ресей  империясының  Мемлекеттік  кеңесі  және  Сібір 

комитетінің 

мүшесі 


М.М.Сперанскийдің 

(1772-1839) 

басшылығымен  1822  ж.  «Сібір  қазақтары  туралы  жарғы» 

жасалып,  Орта  жүзде  хандық  билік  жойылды.  1824  ж.  29 

сәуірде  Көкшетау  сыртқы  округі  құрылды,  аға  сұлтандыққа 

Уәлидің  үлкен  ұлы  Ғұбайдолла  тағайындалды.  Оcы  жылы 

күзден  бастап  округтің  орталығы  ретінде  бұрынғы  Көкшетау 

қонысының  орнына  Көкшетау  бекінісі  салына  бастады.  [2:303]. 

Абылай  ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ 

хандығын 

қайтадан 

қалпына  келтіруге  ұмтылған  қазақ 

халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде 

бастау  алды.  1824  жылы  тұңғыш  аға  сұлтандыққа  Ғұбайдолла 

сайланды.  1853  ж.  Көкшетау  сыртқы  округінің  аға  сұлтаны 

болып  Шоқанның  әкесі  Шыңғыс  Уәлиханов  тағайындалды. 

Көкшетау  қаласының  тарихына  арналған  тұрақты  экспозиция 

Көкшету 


қалалық 

әкімдігі 

ғимаратының 

фойесінде 

орналастырылған  онда  Көкшетау  дуаны  мен  қаланың  алғаш 

басқарған азаматтардың тізімдері берілген.

Көкшетауда  қазақтың  белгілі  өнерпаздары  (Орынбай, 

Зілғара,  Шөже,  Ақан  сері,  Біржан  сал,  Балуан  Шолақ,  Үкілі 

Ыбырай,  т.б.)  өмірге  келді.  1868  ж.  Көкшетау  сыртқы  округі 

таратылып,  оның  орнына  Ақмола  облысына  бағынатын 

Көкшетау  уезі  құрылды.  1882  жылы  жарық  көрген  «Сібірдегі 

қалалар  мен  кенттердің  экономикалық  жағдайы»  деген 

басылымда  жарияланған  мынадай  мәліметтер  бір  сәт  үңілсек. 

Онда  былай  деп  жазылыпты:  «Көкшетау  үлкен  станица  мен 

соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны 

қаладағыдан  төрт  есе  көп.  Сондай-ақ  онда  шіркеу,  көпшілік 

орындар,  училище,  жәрмеңкелер  мен  базар  бар.  Станицада 

300-ге  жуық  үй,  1800-ден  астам  адам  тұрады.  Қалада  небәрі 

60-70  үй  және  450  мещан  мекен  етеді.  Қалада  екі  көше  ғана 

болса,  станицада  жетеу…»  [3:36].  Қаладағы  Науан  Хазірет 

199



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау