идеологиялық күресте панисламдық және батысшылдық
ағымдарды жақтағандарына қарамастан ұлтының азаттығы
жолындағы күресте бір тудың астына біріге алды. Осылайша
ұлттық зиялылардың үгіт-насихатының және олардың тікелей
араласуымен XX ғасырдың басында бүкіл қазақ даласында
азаттық жолындағы саяси күрес өрістеп дамыды. Қазақтардың
негізгі орналасқан жерлері жазғы жайылымдар мен үлкен
жәрмеңкелерде жиындар өткізіліп ресми билікке петициялар
жасалды.
Осындай
петициялардың
бірі
Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов және Ж.Ақпаевтар дайындаған «Қарқаралы
петициясы» болды, бұл құжатта Ресей үкіметінің алдына
экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік талаптармен қатар
алғашқы саяси талаптар да қойылды, атап айтқанда жергілікті
өзін-өзі басқару және қазақ даласындағы орыстандыру
саясатын айыптау.
Бірінші орыс революциясы жылдарында шақырылған I
және II Мемлекеттік дума жұмысына жергілікті ұлттан
сайланған депутаттар қатысып, азаттық жолындағы Алаш
идеясына дем беріп, күресті жаңа саяси деңгейге көтерді.
Мемлекеттік думаға депутат болып сайланған Ә.Бөкейханов,
Б.Қаратаевтар орталық билікке туған халқының мұң-мұқтажы
мен солақай саясаттың салдарынан тартып отырған қасіретін
ақиқатты түрде жеткізіп, ел сенімін ақтай білді [5, 67 б.]. Орал
облысынан II Мемлекеттік думаға депутат болып сайланған
Б.Қаратаев патша үкіметінің қазақ жеріне қоныс аудару саясаты
жөнінде былай деген: «Біз қырғыз-қайсақтар (қазақтар) біздің
бауырларымыз
шаруалардың
жерге деген тапшылығын
түсінеміз, біз оларға жер беруге дайынбыз, бірақ артық жер өте
аз, ал қазір жүріп жатқан қоныс аудару қырғыз-қайсақтарды
(қазақтарды) көшіруге әкелуде... қырғыздарды (қазақтарды)
жерлерден емес үйлерінен көшіріп жатыр». II Мемлекеттік
дума таратылғаннан кейін патшаның «3 маусымдағы заңы»
шығып,
қазақтардан
III
Мемлекеттік
думаға
депутат
сайланбайтын болды. Бұл оқиға жергілікті өлкедегі саяси
жағдайды одан сайын ушықтырып азаттық жолындағы күресті
шындай түсті. XX ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі азаттық
пен тәуелсіздікті пір тұтқан Алаш идеясының өрістеп дамуы
бүкіл әлемдегі азаттық қозғалыстар толқынымен қатар келіп,
ұлттық сана-сезімнің оянуына әкелді. Қазақ даласын түгел
қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысында
азаттық жолындағы күрес жаңа деңгейге көтерілді.
Алаш зиялыларының азаттық жолындағы идеологиялық
күресі саяси тұрғыдан әбден пісіп-жітіліп егемен елдің іргесін
213
көтеретіндей дәрежеге жеткенде ұлттық идеяға тірек болып,
оны іс жүзінде жүзеге асыратын ұлттық буржуазиялық
өнеркәсіптік топ қажетті шамада қалыптаспай, саусақпен
санарлы ғана адамдардан тұрды. Дегенмен, ат төбеліндей
азғантай ұлттық зиялы қауым өкілдері бастарына төнген қауіп-
қатерге
қарамастан
азаттық
жолындағы
күресті
асқан
айбарлықпен үздіксіз түрде жүргізді. М.Дулатовтың «Оян
қазағы» мен А.Байтұрсыновтың «Масасы» сияқты Алаш
белсенділерінің шығармалары халықтың сана-сезімін оятуда
үлкен рөл атқарып, патша үкіметінің озбырлық саясатын
әшкерелеп, халықтың мұң-мұқтажын жырлады. «Оян қазақ»
идеясының жаңа ұлттық идеяға айналуы 1917 жылғы Ақпан
революциясынан кейін іске асырылды. Ендігі жерде 1917
жылдан Алаш идеясы азаттық жолында ашық күреске түсіп,
нәтижесінде 1917 жылдың жазында Орынборда жалпықазақ
сьезінде Алаш партиясы құрылды. Он бөлімнен тұратын
партияның бағдарламасы 1917 жылғы қарашада «Қазақ»
газетінің бетінде жарияланды. Партия бағдарламасының
«Мемлекет қалпы» деген бөлімінде қазақ елі Ресейдің
құрамындағы автономия болып құрылу керек делінді. Сонымен
қатар баспасөз бетінде партия бағдарламасының басқа
бөлімдері де («Жергілікті бостандық», «Негізгі құқық», «Дін ісі»,
«Билік һәм сот», «Ел қорғау», «Салық», «Жұмысшылар»,
«ғылым
білім
үйрету»,
«Жер
мәселесі»)
кеңінен
жарияланылды. XX ғасырдың басында жанданған тәуелсіздік
үшін күрес жүргізген алаш идеясы, тек XX ғасырдың аяғында,
1991 жылдың желтоқсанында іске асырылды.
XX ғасырдың басындағы жергілікті баспасөз құралдары
идеологиялық күресті жүргізудің басты құралына айналды.
1913 жылдан шыға бастаған «Қазақ» газетінің редакторы
алаштың ардақты ұлы А.Байтұрсынов болды, оның басқа
басылымдардан ерекшелігі, ол ресми бағытты ұстанған
жалпыұлттық газет болды. 1905 жылғы патша манифесі сөзбен
баспасөз бостандығын жариялағаннан кейін бірқатар газет,
журналдар жарық көрді. 1911 жылы Тройцкіде қазақтың
алғашқы журналы «Айқап» жарық көрді, оның редакторы
белгілі ақын, журналист М.Сералин болды [4, 55 б.]. 1914
жылдан Омбы қаласында ағартушы Қошке Кемеңгерұлының
редакторлығымен «Балапан» қолжазбалық нұсқадағы журналы
және
1915
жылдан
Уфа
қаласында
Б.Майлин
мен
Ж.Тілепбергеннің
жетекшілігімен
қолжазбалық
нұсқадағы
«Садақ» журналдары шығып тұрды.
Қарастырып отырған кезеңдегі Алаш азамматтарының
214