Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет71/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   156

айналады. 

Бұл 


қағида 

үнді 


дүниетанымының 

күре 


тамырларының бірі және арқауы.

Ведалардың  үнді  қауымындағы  маңызы  мен  рөлін  жан-

жақты  қарастырғаннан  кейін  барлық  үнді  философиялық 

мектептерінің  осы  Ведаларға  байланысты  екі  үлкен  мектепке 

бөлінетіндігін  айтсақ  түсінікті  шығар.  Ведаларды  басшылыққа 

алған  өздерінің  философиялық  жүйелерін  солардан  шығарған 

немесе 

керісінше 



бейімдеуге 

тырысқан 

философиялық 

мектептерді-ортодоксальдық  деп  атаймыз.  Оның  өзі  6  мектеп: 

веданта,  миманса,  санкхья,  йога,  ньяя,  вайшешик.  Керісінше, 

ведаларды  басшылыққа  алмайтын  мектептер  де  бар,  оларды 

ортодоксальдық  емес  деп  атап  жүр;  олар 3 мектеп: джайнизм, 

буддизм, чарвака-локаята.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Дж.Неру, «Открытие Индии», М.,1955 г, стр.10.

2.  А.Н.Чанышев,  «Курс  лекций  по  древней  философии», 

М.,1981 г., стр. 26-27.



АБЫЛАЙТАНУДЫҢ ТАРИХИ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, 

Этномәдени ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 

Петропавл қ.

zarkyn-42@mail.ru

Атасы  Абылай,  одан  Уәли  (шежіреде  «Көркем  Уәли  » 

атанған). Жас кезінде жетім қалып,  нағашысы   Қайып ханның 

ордасында,  немере,  шөбере  туыс  ағалары  ағалары    Сәмеке 

ханның,  Болат  хан  мен  Әбілмәмбет  сұлтанның  ордасында 

өскен.  Хандар  әулеті,  ақсүйек  дәстүрінде  тәрбиеленген,  білім 

алған,  соғыс  өнеріне  ерте  машықтанған.  Аңыз-әпсаналарда 

айтылатын  «Сабалақ»  лақабы  оған  қайратты,  ержүрек,  амал-

айлалы  батырлығы  үшін  қарсыластары  тарапынан  берілген. 

«Сабалах»,  яғни  моңғол  тілінде,  сабаушы,  жауынгер,  батыр 

[Монгол-казах толь, Өлгий-1984,403-бет] дегенді білдіреді. Киімі  

жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.     

Ал,  жетім  қалып  «Ораз  аталықтың  тәрбиесінде  болуы»  -

181



Аралдың    Мұса  ханы  1712  жылы  қаза  болғанда  оның  Сәтемір 

деген  ұлын  Оразалы  деген  аталық  (ханның  құлы)  жасырып, 

аман  сақтап  қалыпты»  деген  аңызға  [«История  Казахстана  в 

русских источниках ХҮІ-ХХ веков», ІІІ том. Алматы 2005, С. 104.] 

ұқсас,  ауыз  әдебиетіндегі  ежелгі  ұйқастыра  дәріптеу,  айтулы 

тұлғалар  төңірегіндегі  мифтік  әсірелеудің  тағы  бір  мысалы. 

«Әбілмансұр» деген есім Абылайға қатысты жазба деректерде 

кездеспейді,  бұл  да  аңыздарға  кейін  қосылған  –  арабша 

«Жеңімпаз»  дегенді  білдіретін  лақап.  Шын  мәнінде толық аты-

жөні - «Абылай-Мұхаммед Баһадүр сұлтан».

Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодандық шартына қол 

қойғаннан  кейін,  жаңа  геосаяси  жағдайда,  солтүстік  және 

шығыс  шегараларды  бекіту  мәселесі  тұрды.  173З  жылы 

Сәмеке  хан  қазақ  даласын  билеудің  жаңа  тәртібін  енгізіп, 

әкімшілік-аймақтық 

бөліктерге 

бөліп, 

оларға 


сұлтандар 

тағайындап, 

 

тайпа-руларды 



белгілеп 

берген 


[2,347-

348,352,353,356].  Мыс.  Абылай  сұлтанға  солтүстіктегі  уақ-

керей,  атығай,  қарауыл;  Құдайменде  сұлтанға  қыпшақ; 

Әбілмәмбет 

сұлтанға 

қуандық, 

керей; 

Барақ 


сұлтанға 

шығыстағы 

найман; 

Абылайдың 

немере 

ағасы 


Сұлтанмұхаммет 

сұлтанға 

Ертістің 

Жәміш, 


Железин 

бекіністеріне  қарсы  аймақтарды...  басқартқан.  А.  1733  жылы 

Көкшетау өңірін басқаруға тағайындалып [2,353], немере ағасы 

Сұлтанмұхаммет  (ауызекі  Сұлтанбет,  Сұлтанбек,  орысша 

Солтанмамет  аталған)  екеуі  отбасымен,  нөкерлерімен    келіп, 

билік  қызметіне  кіріскен.  Түркістаннан  қоныс  аударғанда, 

қасында, әдеттегідей, аталығы, ақылшы-күтушісі болуы заңды.

Ел  аузында  «Абылай  20  жасында...  билікке  ие  болыпты» 

деген жорамалдың шығу тегіне үңілсек те, осы 1732-33 жылдар 

екеніне  негіз  бар.  Сақталған  құжатта  1731  жылдың  қысында 

«Сәмеке хан жоңғар қоңтайшысына  соғыспен бару үшін 6 мың 

қол жинап отырғаны, оны Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет сұлтан 

және Жәнібек батыр  қолдайтыны» айтылған. [1,91]. Жоңғарлар 

мен қазақтардың арасында, атап айтқанда, «...1732 жылдың 16 

тамызда    қазақтар  қалмақтармен  соғысып  жатыр,...қалмақ 

қолының  саны  7  мыңнан  асады.  Олар  20-дан  аса  киіз  үй  мен 

біраз  жылқы-қой  әкетіпті».  Тағы  бір  хабарда,  «қоңтайшы 

қалмақтары  200  түндікті  шауып,  6  мыңнан  аса  жылқы  мен  10 

мың қой әкетіпті» [1,101] деген деректер бар.

1737  жылы  шілде  айында  Қазыбек  би  бастаған    Хан 

кеңесінде  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің  шегарасында  екі  жүздің 

бірігу 


құрылтайына 

қатысып, 

Әбілқайырды 

ортақ 


хан 

сайлағанда  25  жасар  «Абылай-Мұхаммет  баһадүр»  атымен 

182



хаттамаға  түскен  [1,154].  Сол  жылы  Абылай    сұлтанды 

башқұрттар  хандыққа  шақырды,  бірақ,  бұл  шақыру  Ресейдің 

ішкі  шаруасына  араласу  болып  табылатындықтан,  жас  сұлтан 

хандықтан бас тартты. 

Абылай  1740  жылғы  28  тамызда  Әбілмәмбет  ханмен 

бірге  Ор  бекінісінде  Ресей  патшасы  деңгейдегі  келіссөзге 

қатысып,  рәсім  үстінде  Орынбор  комиссиясының    бастығы  В. 

Урусовпен  тең  дәрежелі  әріптес  ретінде  қазақ  қоғамының 

маңызды  мәселелерін  шешіп,  екі  жақты  қауіпсіздікке  кепілдік 

алды.    Осы  келіссөздің  барысында  Абылай  өзін  ханнан  кейінгі 

екінші ресми тұлға ретінде ұстап, ішкі мәдениеті бай, ой-пікірін 

айқын  және  батыл  жеткізе  білетін,  дипломатияның  қалтарыс-

бұлтарыстарын сергек танитын, әбден пісіп-жетілген мәмлегер 

тұлға  ретінде  Ресейдің  шенді  әкімдерін  таң  қалдырған.  Ресми 

әңгіме,  пікір  алысу  үстінде    партнердің  аңысын  аңдып,  дер 

кезінде 


ескертпе 

жасап, 


қажет 

десе 


жауап 

беруден 


тартынбаған жас Абылайды олар келешекте бірден-бір әріптес 

ретінде  мойындағаны  сол  жерде  қағазға  түскен  [1,  180-206]. 

Осы  кездесудің  қорытындысы  бойынша  патша  сарайына  1740 

жылғы  8  қыркүйекте  жазған  хатында  генерал  Урусов 

қазақтардың келіссөз мәдениетінің мұнша жоғары болатынына 

өзінің  таңданысын  жасыра  алмаған.    «...Сыртқы  істер 

алқасынан 

маған 


биылғы 

30 


мамырда, 

Орта 


жүздің 

билеушілері  Әбілмәмбет  хан  мен  Абылай  сұлтанға  тапсыру 

үшін  грамота  жіберілген  еді.  Грамотада  олар  ел  ағалары 

(старшины.-З.Т.)  деп  аталыпты.  Ал,  ежелгі  хан  тұқымынан 

шыққан  Әбілмәмбет  пен  Абылай  дәстүр  бойынша  сұлтан  деп 

аталатын  көрінеді.  Мына  Әбілмәмбет  бұл  күнде  халықтың 

сайлауымен Орта жүздің шын мәніндегі ханы болып отыр... Хан 

мен  сұлтанға  грамоталарды  тапсырарда  «ел  ағалары»  деген 

жазуды  «сұлтан»  деп  түзеттім.  Және  Әбілмәмбет  ханға:  «мен 

С.-Петербургтен  шыққанда  сіздің  хан  екеніңізді  білген  жоқ 

едім», деп түсіндірдім... [1,206]

1741  жылғы  қаңтар-наурыз  мезгілінде  кезекті  бір  қазақ-

ойрат  соғысында  Жоңғар  ханы  Қалдын  Сереннің  бас  батырын 

өлтірген  Абылай  сұлтан,  Шідерті  өзені  бойында  екіжүздей 

шағын  қолмен  жоңғар  әскерінің  қоршауында  қалып,  қолға 

түскен [1,214,216].

Ресей тарабы  1740 жылы тамыз-қыркүйек айларында қол 

қойылған  екі  жақты  ынтымақ,  сыртқы  жаудан  бірлесе  қорғану 

жөніндегі  одақтастық  шартын  сақтамай,  бір  жылға-жетпес 

мерзімде  жоңғар  шабуылына  ұшыраған  Орта  жүзге  қарулы 

көмек  бермеді,  тұтқынға  түскен  Абылай  сұлтанды  [1,214,216] 

183



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау