босатып алу жөнінде Қалдын Серенмен арадағы ежелгі
дипломатиялық байланыстың пәрменін пайдаланбады.
Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандарға қоқан-лоққы
жасап, қысым көрсеткен жоңғар ханының үзілді-кесілді
талаптары мәлім болған соң, қазақ жерлерінен айырылып қалу
қаупі төнген кезде ғана, Ресей үкіметі 1742 жылы 2 қыркүйекте
Қалдын Серенге елшілік жіберді, басқа мәселелер қатарында
Абылайды тұтқыннан босатуды сұрады [1,244-256]. Алайда,
Абылай сұлтанды босатып, сый-сияпатпен қайтару туралы
Қалдын Серен Ресей делегациясы келместен бұрын-ақ,
Абылайдың өтеуіне жоңғар жағына аманат барып, мәселе
шешіліп қойған болатын [1,228,242,261,263,270,294]. Осыдан
былай, Абылай Ресей жағының адалдығына күмәнмен қарап,
өз өмірі үшін сақтық жасады, дипломатиялық байланыстардың
хабарласу, елшілік алмасу тәсілдеріне көшті. 1740 жылғы
келіссөзден кейін, өле-өлгенше, яғни 40 жыл бойы Ресейдің
бірде-бір қаласына ат ізін салған жоқ, патшалардың, биік шенді
әскербасылардың шақыруына барған жоқ және өзінің осындай
қызмет тәртібіне Ресейлік әріптестерін еріксіз көндірді.
1743 ж. көктеміне дейін, яғни екі жыл бір ай Қалдын
Сереннің қолында, [1,303] күзет астында, бірақ, бас еркі өзінде,
жақсы күтіммен өткен тұтқындық кезеңінде Абылай жоңғар
хандығының әскери жүйеге негізделіп, бір орталықтан, қатаң
тәртіппен басқарылған мемлекеттік құрылымын, қорғаныс және
ішкі экономикалық жүйесін мұқият зерттеген, ойрат тілін
үйренген. Қалдын Серенге өзінің жеке басының озық азаматтық
қасиеттерін мойындатып, тұтқыннан құрметпен босап, мол сый
және қалыңдық алып оралған [1,303,318,319,323-328]. Абылай
елге келген бетте Еділ қалмақтарының Аюке ханының тоқалы,
Қалдын Сереннің қарындасы Дармабалаға жазған құпия
хатында қазақ-жоңғар қатынастарының бұдан былай тату-
көршілік арнасында дамитынына сендірген.
Орта жүздің сайламышты ханы Әбілмәмбет, өз заманы
өтіп бара жатқанын мойындап, жаңа сипатты геосаяси
жағдайда жауапкерлікті жігерлі де дарынды қолбасшы, інісі
Абылай сұлтанға артқан. Тиісінше Абылай да, адамгершілік
салтынан таймай, Әбілмәмбеттің ағалық, хандық абыройына
дақ салмаған, тіпті Ресей тарапынан өзін хандыққа тағайындау
туралы бірнеше ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартып, өзінің
ұстазы, әкесі ретінде сыйлайтын жанның көзі тірісінде мұндай
арандатуға бармайтынын мәлімдеген. Әр жағдайда ханмен
ақылдасып, келісіп отыратынын айтқанда, жатжұрттықтар
еріксіз таң қалған. Мансапқор емес, дүниеге қызықпайтын,
184
ұстанған
принципіне
берік
Абылайдың
мінез-құлқын
айғақтайтын басқа да жазба деректер жеткілікті.
Абылайдың тұсында елді басқарудың әкімшілік-аймақтық
жүйесі жаңаша тәртіптелді. Беделді билер мен батырлар тиісті
руларды басқарды. Олар өз қарауындағы ұлыстардың
әлеуметтік-шаруашылық жағдайына, қорғаныс қамына толық
жауапты болды. Мысалы, қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек
бидің,
алтай-арғынның
3000
отбасы
Нияз
батырдың,
қанжығалының 2000 отбасы Бөгембай батырдың, тарақтының
400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың, атығайдың 1000
отбасы Жәпек батырдың, қарауылдың 2000 отбасы Итқара
батырдың, тобықтының 1000 отбасы Қарпық бидің... билігінде
болды [1-528,529]
Абылай, төтенше жағдайларға икемсіз Хан кеңесінің
құзырын ықшамдап, дәстүрлі билер институтының өкілетін
тежеу арқылы мемлекеттік басқарудың тетіктерін тікелей өз
қолына алды.
Халықтың тұрмысын жақсартуды көршілерді тонау-
талаудан емес, бейбіт, жасампаз еңбекке бейімдеуден,
еларалық сауда қатынастарынан бастаған. Ресей мен Қытай,
Бұхара, Қоқан, Хиуамен, Жоңғар хандығымен айырбас сауданы
жөнге қойды. Ұрлық-қарлыққа қатаң тиым салды. Шетелдік
сауда керуендерінің аман келіп-қайтуын қатты бақылаған.
Алғашқы жылдардың өзінде Абылай. Шұбаркөл бекінісінде,
кейін Ор, Петр ағзам, Троицк, Семей, Кереку бекіністерінде,
Қытайдың Үрімші өлкесінде айырбас сауда орындарын ашуға
тікелей ынтагер болды.
1743-1752
ж.ж.
Жоңғар
хандығымен
және
Ресей
үкіметімен үш жақты тиімді әрі тату көршілік қарым-қатынаста
болуға күш салған [1,308,310].
Абылай
Ұлы
жүз
бен
Кіші
жүз
хандарымен,
сұлтандарымен, беделді ел ағаларымен үнемі ынтымақта
болып, қажет уақытта күш біріктіріп, жалпыұлттық мүддені бірге
қорғаған. Аймақтық, ру-тайпалық жіктелушілікке, алауыздыққа
жол бермеген.
Әбілқайыр ханның қазасы сияқты жалпықазақтық маңызы
бар төтенше қайғылы оқиға кезінде де Абылай ерекше ұстамды
әрі әділ саясат жүргізді. Абылай үшін бұл оқиғаи үлкен сын,
ауыр қасырет болғаны рас. Алайда, қандай да бір пенделік
оқыс қадам жасасау, бүкіл қазақ тағдыры үшін қатер еді.
Жалпыұлттық биіктен танылған Абылай, өзінің қазақ халқы
алдындағы зор жауапкерлік борышын саналы түрде түсінген.
Ол «аталас туысым» [2,358] деп сыйлайтын Әбілқайырды - хан,
185
ағам әрі қайынатам деп емес, оның ұлдары Нұралыны құрбым
әрі әріптесім, Ералыны досым әрі балдызым деп емес, басты
кінәгер Барақ сұлтанды бәсекелесім, бақталасым деп емес;
біреуін оздырып, екіншісін тізгіндемей – бәрін де қазақтың бір-
бір беделді азаматы, ет-сүйектен жаралған, өмірде ілгерілі-
кейінді орны бар, Алланың ұлы, Мұхамметтің үмбеті деп
сабырмен қабылдады. Ералыны Барақтан қаһарынан сақтады
[1,396], Бопай ханымға Жәнібек тарханды жіберіп, көңіл айтты,
кеуделеп барып, сұғынбады. Ойлап қарасақ, бұл Абылайдың
енжарлығы немесе «әліптің артын баққан» бейтараптығы емес,
көрегендігі. Қазақ халқының бүгінгі тұтастығының үлкен бір
жоралғы сорабын Абылай өз кезінде осылай тартқан деп
түсінген жөн сияқты. Орта жүз бен Кіші жүздің арасында
кездейсоқ шағылған шақпақтың жалғыз ұшқынын Абылай
қолдаса, аз қазақтан не қалар еді?
Басқа жүздердің билеушілері, атақты-абыройлы би-
батырлары туралы сыртынан Абылай айтыпты деген қаңқу сөз
немесе жазба құжат кездеспеуі де осыны дәлелдейді. Әлбетте,
оның төңірегіндегі би-батырлардың бәрі бірауызды болып,
әйтпесе қаһарынан қаймығып, Абылайдың қабағына қарап
отырмаған.
Мысалы,
башқұрт,
қырғыз,
қарақалпақ
мәселелерінде, Қытай, Ресей, Жоңғар, мұсылман әлемі туралы
бас батырлар мен еңселі билердің әрқилы ой-пікірлері, тіпті
қимыл-әрекеттері Абылайдың көзқарасымен үйлесе бермеген.
Осының әрқайсысын салмақтап, ертеңін болжай білген,
ықпалды сұлтандар мен батырлардың, билердің пікірін
бағалап, қолдап, бағыттап, өз ұстанымына қарай, сайып
келгенде, қазақ мүддесіне пайдаланған.
Сыртқы саясатта көрші мемлекеттердің бәрімен тең
дәрежеде көптарапты бейбіт дипломатиялық қарым-қатынас
ұстанған.
Жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында табиғаттың қатаң
сындарынан мал мен жанды шығынсыз алып қалу үшін көрші
Ресей, Қытай мемлекеттерімен мәмлеге келіп отырған. Бұл
жолда жеке басының мүддесі мен намысын құрбан етуге дейін
барған,
бірақ
Қазақ
хандығының
тәуелсіздігіне
сызат
түсірмеген. Ұлты қазақ азаматтардың әрбіреуінің тағдырына
Абылайдың бей-жай қарамағаны, әрбір қандасының өмірі мен
бостандығы
үшін
табанды
күрес
жүргізді
[1,269-
272,304,338,340,355].
Жоңғар ханы өлгеннен кейін, нояндардың тақ таласын
Абылай Қазақ хандығының стратегиялық мүддесіне шебер
пайдаланып, Ұлы жүз бен Кіші жүздің қарулы күштерін Орта
186
Достарыңызбен бөлісу: |