Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет70/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156

заманы  тұрғысынан  баға  беру  дұрыс  болмас  еді.  Жалпы 

Шығыс  тарихы  мен  мәдениетіне  батыс-еуропалық  тұрғыдан 

баға  берудің  өзі  үлкен  қателікке  ұрындыратындығын  тағы  да 

еске  саламыз.  Осыған  байланысты  А.Н.  Чанышевтің  «Курс 

лекций    древней  философии» М.1981 г. деген еңбегіндегі көне 

қытай 


және 

үнді 


философиялық 

мектептерін 

грек 

философиясымен  салыстыра  зерттеп,  оларды  соңғыдан  кем 



санауы  жалпы  Шығыс  философиясынң  табыстарын  ашықтан-

ашық елемеу деп түсіну керек. 

Үнді философиясы дамудың ұзақ жолын басынан кешірді. 

Ең алдымен үнді философиясының мифологияның емес, діннің 

қойнауында  пайда  болып  дамығанын  және  діни  мазмұн  мен 

сарыннан  арылмағанын  назарда  ұстауымыз  керек.  Арыла 

алмады ма, әлде үнді философиясы діннен біржолата қол үзуді 

мақсат  тұтпады  ма,  екеуі  екі  мәселе.    Үнді  философиясы  мен 

үнді  діні  бірін-бірі  толықтырып  ұштаса  дамиды.  Және  екеуі  де 

этикалық  бағытта,  сипатта  дамиды.  Біздің  осы  айтқанымыз, 

жазғанымыз кәдімгі еуропалық тілмен берген бағамыз және бұл 

үнді  көзқарасының  шын  табиғатына  сай.  Айырмашылық  тек 

мынада:  біздің  философия,  дін,  этика  деп  салалап  үшке  бөліп 

жібергеніміз  үнді  жұрты  үшін  бір  нәрсе.  Бұл  әсіресе  буддистік 

және 

индустік 



жүйелерден 

жақсы 


байқалады. 

 

Осы 



көзқарастарды  басшылыққа  алған  үнді  халықтары  үшін  олар 

дін  де,  философия  да,  этика  да  болып  табылады.  Бұл  үнді 

рухани  дүниесінің  ең  басты  ерекшелігі  және  өз  басым  осы 

елдің 


басқа 

ел 


мен 

мемлекеттермен, 

халықтармен 

салыстырғанда  артықшылдығы  да  дер  едім.  Себебі  шын 

мәнінде  Рух  та,  Қасиет  те-біреу,  Бір.  Шынында  дүниетаным 

және  одан  туған  көзқарас  сан-салалы  болып  келмейді,  ол  сол 

дүниенің өзі сияқты тұтастықты, бірлікті қажет етеді.

Үнді  философиясы  дейік,  үнді  діндері  дейік,  бұлардың 

екеуінің  де  назары-адамда  және  адамның  жеке  басында.  Үнді 

көзқарасы  грек  мифологиясы  мен  грек  философиясы  сияқты 

адамдарды  алыптармен,  тіпті  құдайлармен  де  тайталасуға, 

мемлекетті 

басқаратындай 

даярлыққа, 

білімділікке 

де 


шақырмайды; 

египет 


діндері 

сияқты 


о 

дүниеге 


де 

итермелемейді,  қытай  философтары  сияқты  қоғамға  қызмет 

етуге  де  баулымайды.  Үнді  ғұламаларының  мақсаты  рухани 

жетілген  адамды  тәрбиелеу,  денені  рухқа  толық  бағындыру. 

Бірақ  бұл  тахуалық  та  емес,  адами  сезімдерді  жою  да  емес, 

қайта  адамның  өзін-өзі  толық  меңгеруі,  ұстауы,  тануы.  Олай 

болса  гректерден  бұрын-ақ  үнділер  «өзіңді  таны»  қағидасын 

басшылыққа  алған  адамдар.  Үндінің  рухани  дүниесінде  оған 

179



жетудің  де  жолдары  мен  әдістері  жан-жақты  зерттеліп 

қарастырылған.  Ол  жай  мінез-құлықтан,  қоршаған  ортамен 

байланыс-қатнастан  бастап  арнаулы  әдістер  арқылы  тән  мен 

рухты  теңестіретін  жағдайға  жеткізе  алатын  жолдар.  Жалпы 

алғанда  бұл  әрбір  қалаған  адам  жүре  алатын  жол  және  шын 

ниет қойса жете алатын меже.

Үндінің  рухани  дүниесінің  негізінде  арийлер  енгізген 

ведалық  жүйе  жатыр.  Ведалардың  ең  көнесі,  тілі  және  әдеби 

жағынан  маңыздысы-РигВеда  (гимн-ұрандар  жинағы),  ол  1028 

жырдан тұрады, онда көптеген құдайлардың есімдері аталады, 

барлық  жырлар  10  бөлімге  (мандалға)  бөлінген.  Әрбір  жыр екі 

шумақтан тұрады, олар шлок деп аталады. Ригведа арийлердің 

көне  туындылары  қатарына  жатқызылады.  Ригведадан  басқа 

веданың 


тағы 

үш 


бөлігі 

бар: 


Самаведа, 

Яджурведа, 

Атхарваведа. 

«Самаведа»-мелодиялар 

ведасы 

деп 


те 

аталады, 

ондағы 

өлеңдер 


мен 

дұғалар 


(құдайларды 

мадақтауға  арналған)  бірінші  бөлімдегі  идеяны  қайталайды. 

Үшінші  бөлім  «Яджурведа»  да  діни  сарында  жазылған,  онда 

негізінен  діни  салт-дәстүрлер  насихатталады.  Төртінші,  соңғы 

бөлім  аңыз  бойын  Атхарван  деген  абыздан  тараған  700-ден 

астам  жыр  жолдарынан  тұрады,  жазылу  әдісі  алдыңғы  үш 

бөлімге  ұқсас  болғанымен  мазмұны  бөлектеу.  Соңғы  бөлім 

адамның  жеке  басына  арналған.  Осы  төрт  бөлім  біріктіріліп 

«Самхит» деп аталады және Ведалардың негізін құрайды.

Аталған  Ведаларға  толықтырулар,  тіпті  өзгерістер  де 

болуы  мүмкін,  яғни  қалған  кітаптар  үнді  жерінде,  яғни  арийлер 

жаңа  жерге  қоныстануды  қызу  бастаған  кезде  жазылған  деп 

ұққан  шындыққа  сәйкес  келеді.  Себебі  «Ведаларға»  қосымша 

деп  саналатын  «Брахмандар»  кітабы  б.з.б.  800-600  жылдар 

арасында, одан кецінгі ірі жинақ-«Араньяки» б.з.б. 600 жылдан 

бастап  жазыла  бастаса,  үндінің  көне  тарихына  қатысты  және 

оны  аяқтайтын  соңғы  кітабы-«Упанишады»  б.з.б.  600-300 

жылдар арасында жазылып болды. Бірінші қосымша жинақтың 

«Брахмандар»  аталуы  да  біздің  бірінші  сұраққа  байланысты 

айтқан ойларымызды тағы да растап отыр. 

Тек 

«Упанишадтар» 



кітабы 

ғана 


негізінен 

этико-


философиялық  шығармаға  жатады.  Оның  негізгі  мәселесі-

әлемдік  жан,  рухтың  табиғаты  туралы  ілім,  брахман  мен 

атманның  бірлігі  туралы.  Брахман-ең  жоғарғы  объективтік 

шындық,  реальдылық,  абсолюттік  рухтық  бастау  (ал  үнді 

діндерінде  брахман  құдай  деп  ашық  мойындалады).  Ал  атман 

болса  ол  субъективтік  рухани  бастау.  Брахман  өзін-өзі  тану 

жолына  түсуге  тиісті  және  ол  өзін-өзі  таныған  кезде  атманға 

180



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау