Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет110/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   156

жаюдағы 

қызметін, 

адамгершілік 

қасиетін 

өте 

жоғары 


бағалағанын байқаймыз.

Екіншісі  –  Науан  Хазірет  пен  Ақан  серінің  бажа  екендігі. 

Хазірет  екі  рет  некелі  болған.  Алғаш  қарауыл  Тінәлі  қажының 

үлкен  қызы  Бәтимаға  үйленген,  бірақ  ол  жастай  дүние  салған. 

Ал Тінәлінің екінші қызы Ұрқияға Ақан сері үйленген…

Сөз  етіп  отырған  тақырыпқа  жазылған  екінші  өте  құнды 

дүние  –  ол  халқымыздың  ардақты  ұлы,  алаш  қозғалысының 

көсемі  Әлихан  Бөкейхановтың  1910  ж.  Санкт-Петербургте 

жарық  көрген  «Киргизы»  (Қазақ  –  А.К.)  атты  еңбегі.  Бұл 

еңбегінде  Әлекең  Ресей  патшалығы  тарапынан  қазақ  жерінде 

отарлау  саясаты  жүргізіліп  отырғанын  айта  келіп,  әсіресе 

орыстандыру,  қазақтарды  мұсылман  дінінен  аластатып, 

христиандандыру  әрекетін  әшкерелейді.  Осындай  езгіге  қарсы 

оянған  халық  наразылығы  көптеген  беделді  адамдар  қол 

қойған прокламация атты құжатта жарияланған.

Осы бір күрделі тарихи жағдайда мұсылмандық факторға 

үлкен  қауіппен  қарап,  оның  отаршылдыққа  қарсы  күш  екенін 

түсінген  патша  өкіметі  мектеп-медреселерді  құрту  мақсатында 

үлкен  шаралар  қолданған.  А.Бөкейханов  бұл  еңбегінде  Науан 

Хазіретке  арнаған  бірер  ойларын  жазған,  оған  кейінірек 

тоқталамыз.

Келесі  әдеби  деректі  Шығыстың  жарық  жұлдызы  атанған 

Мағжан 

Жұмабаевтың 



«Ақан 

сері» 


атты 

очеркінен 

кездестіреміз.  Онда  Ақан  серінің  Ұрқия,  Ақтоқты  уақиғаларын 

бастан  кешіп,  Құлагер  апатына  кездіккенін  айта  келіп,  оның 

дінге,  сопылыққа  ден  қойғанын  жазады.  «Сол  уақыттан  былай 

Ақанның  жанында  үлкен  өзгеріс  болады.  Бұқардан  оқып 

қайтып,  Көкшетауда  дәріс  айтып  тұрған,  белгілі  Науан 

Хазіретке  анда-санда  барып  сабақ  алады»,  - деп  жазады 

Мағжан Жұмабаев.

Сондай-ақ, Науан Хазіреттей тарихи тұлға ұлы жерлесіміз 

қазақ  әдебиетінің  іргетасын  қалаушыларының  бірі  Сәбит 

Мұқановтың  да  назарынан  тыс  қалмаған.  Оның  Шоқан 

Уәлиханов  жайындағы  «Аққан  жұлдыз»  романында  мынандай 

жолдар бар: «… Бір кезде Шұңғырша Қарауыл аталатын рудан 

Бұқара  –  Шәріпке  оқуға  жіберілген  Талас  баласы  Науан  табан 

аудармай  он  жыл  оқып,  «Он  екі  пәнді  тәмам  ғып»  туған  еліне 

қайтып келеді. Науан келгенге дейін «Хан мешітінде» имамдық 

құру,  бала  оқыту  міндеттерін  Ғалиақбар  есімді  татар  молдасы 

атқарған.  Ел  екеуін  салыстырып  қараса,  Науан  –  теңіз, 

Ғалиақбар  –  шұқанақ.  Сондықтан  Шыңғыс  имамдықты  да, 

мүдәрістікті  де  Науанға  берді…  Ол  «Көклән»  медресесінің 

280



үлгісімен  «Хан  медресесінде»  ұлдармен  қатар  қыздарды  да 

оқытуға ниет етті».

Сәбеңнің  кітабынан  алынған  осы  жолдарды  белгілі 

жазушы  Сарбас Ақтаев «Науан Хазірет және оның шәкірттері» 

атты  очеркінде  келтіре  отырып,  былай  деген:  «Жоғарыдағы 

жолдарға  қарағанда,  Көкшетау  дуанының  аға  сұлтаны  болып 

тұрған  Шыңғыс  (Уәлихановты  айтады  –  К.А.)  оқу  бітіріп 

келгенде  Науанды  әуелі  ауылында  молда  етіп  ұстап,  содан 

дуанның  бас  имамдығына  көтерген  сыңайлы.  Олай  болса, 

Хазіреттің  ұстаздық  жолы  алдымен  Сырымбетте,  Шыңғыс 

сұлтанның ауылында басталады емес пе».

Біздің  пікірімізше,  Сәкеңнің,  Сарбас  Ақтаевтың  бұл 

болжамы  негізсіз,  өйткені  Шыңғыстың  аға  сұлтандық  қызметі 

60-шы  жылдардың  орта  шенінде аяқталғаны белгілі. Ал Науан 

Хазіреттің  Бұхардан  оқу  бітіріп,  Көкшетауға  оралуы  одан  20 

жыл  кейін.  Бұл  -  біріншіден.  Екіншіден,  Сәбит  Мұқановтың 

шығармасынан 

алынған 


жоғарыдағы 

жолдарды 

көркем 

әдебиеттің  дәстүрі  ретінде  қараған  жөн  сияқты.  Өйткені 



Сәбеңнің 

романында 

Шоқан 

Науан 


Хазіреттің 

жер 


аударылғанын естіп, өкініш сезімін білдіреді. Іс жүзінде ол оқиға 

Шоқан  қайтыс  болғаннан  кейін  38  жыл  өткенде  болғанын 

Сәбеңнің  білмеуі  мүмкін  емес.  Олай  болса,  бұл  оқиғалардың 

хронологиясын  алмастыру  Сәбеңе  не  үшін  керек  болды  екен 

деген  сауалдың  тууы  заңды.  Біздің  ойымызша,  бұл  Сәбеңнің 

көркем әдебиеттік тәсілді қолдануы, Науан Хазіреттің тағдырын 

Шоқан өмірімен сабақтастыруы. Және бұл тектен тек емес. Ол 

Науан 


Хазіреттің 

реакцияшыл 

молла 

емес, 


керісінше, 

оқымысты,  артында  мол  мұра  қалған  қайраткер  ретінде 

сипаттау  үшін  жасалған  әрекет  болса  керек.  Осы  мақсатта 

автор  Хазіретті  теңізге  теңеген,  оның  түрлі  миссионерлердің 

әрекетіне батыл қарсылық көрсеткенін жазған.

Науан  Хазіреттің  бейнесі  қазақ  әдебиетінің  тағы  бір 

классигі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері-Ақтоқты» пьесасында, 

сондай-ақ белгілі  жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» атты 

дилогиясында 

да 


орын 

тапқан. 


Өкінішке 

орай, 


осы 

басылымдарда  сол  кездегі  солақай  саясат  пен  большевиктік 

идеологияның  салқын  талабына  сәйкес  Науан  Хазірет  халық 

арасында  қара  түнек  сепкен  реакцияшыл  молла  ретінде 

сипатталған.  Әрине,  бұл  ретте  біз  атағы  халыққа  танымал 

ағаларымызға  кінә  қоюдан  аулақпыз.  Замана  талабы  мен 

таптық  тар  құрсаудан  шыға алмаған туындылардың белгілі бір 

жүйеге  қызмет  етуге  мәжбүр  болғаны  шындық  қой.  Дей 

тұрғанмен, Науан Хазірет оның замандас-тұстастары Ақан сері, 

281



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау