да мол, бұл мәселеге айрықша тоқталу қажет» [4: 24], - деп
жазған еді. Шындығына жүгінсек, 1916 жылғы ұлт бостандығы
жолындағы күресте көзі ашық, хат танитын адамдар да болған.
Бірақ халық арасына өлеңмен жазылған сәлем хат, қоштасу
өлеңдері тез тарап, келе-келе олардың авторлары да естен
шыққан. Бұл жағдайларды сол көтерілістің басында болып,
көсеміне айналған Аманкелді және Бекболаттардың халыққа
айтқан
арнауларынан
таныдық.
Алайда,
1916
жылғы
көтеріліске
қатысты
туған
тарихи
өлеңдердің
негізгі
қаһармандары ретінде Аманкелді мен Бекболат халықтың
ризашылығына бөленіп, олардың өлең-жырына арқау болған.
Кейіннен шағын өлеңдер бірте-бірте толысып, көлемді
эпикалық дастандарға айналған.
Сонымен, қорыта келгенде, 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліске қатысты туған тарихи өлеңдерден өткен тарихтың
ізін танып, халқымыздың поэтикалық ерекшеліктерінің жаңа
сарынға бай, сапалық жағынан жарқырай көрінетін тұсы деп
қарағанымыз дұрыс секілді. Тарихи өлең мәселесінде ең
көбірек қаралып, зиялы қауым өкілдері қызыға зерттегені
аталып отырған 1916 жылғы өлеңдер екенін аңғарамыз. Бұл
тұрғыда
Е.Ысмайылов,
Б.Кенжебаев,
М.Жармұхамедов
еңбектері қашанда өз мәнін жоғалтпайды.
Біз сөз етіп отырған тарихи өлеңдерде көбіне мұң мен
шер басым, сонымен қоса нақты тарихи оқиғаны дәл бере
алатындығы анық. Олай болса, бұл өлеңдерді таза лирикалық
дүние деп тұжырымдауға болмайды. Тарихи өлеңдердің тым
көне үлгілерінде де қоштасу, аманат өлеңдері молынан
ұшырысады. XVIII-XIX ғасырлардағы оқиғаларға қатысты туған
өлеңдерден де бұған дәлел жеткілікті. Мәселеге үңілсек,
өлеңнің негізгі идеясын ашатын басты ерекшелік болған
немесе болып жатқан тарихи жағдай екендігін түсінеміз. Бұл
тұрғыда болгар ғалымы Ц.Бодоровтың төмендегі пікірінің
қисыны бар: «Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес
өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, ол сипат
аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі
бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Сол
себепті тарихтың әр тұсында бір шығарманың өзі әр түрлі жанр
болып есептелуі мүмкін. Мұндай жағдайда басты роль
атқаратын нәрсе – шығарма табиғатының қай белгілері
мәндірек деп саналуында»[1, 136-б.]. Осы тұрғыдан алғанда
тарихи өлеңдердің ең басты белгісі, өзекті мәселесі тарихи
оқиға, болған немесе болып жатқан оқиға екенін ескерсек, біз
біресе эпикаға, енді бірде лирикаға жатқызып жүрген тарихи
299
өлеңдеріміздің негізгі арқауы тарихилық болып табылуы тиіс.
Салт-дәстүрге қатысты өлеңдердің дәстүрлі үлгілері поэзияның
барлық
түрлеріне
қатысы
барын
ескерсек,
жаңаша
қалыптасып, дамуына өзек болған тарихи өлеңнің негізгі
арқауында шын мәніндегі болған істің сыры мен сипаты жатыр.
Сондықтан тарихи өлеңді дәуір тудырған істермен өлшеп,
заман жағдайындағы қиын-қыстау кездегі халықтың арман-
тілегі, реніші мен қайғы-қасіретіне мән беру арқылы таразылау
қажет. Уақыт көшіндегі өмір атты ұлы керуен тарихы әр
халықта әр түрлі аласапыран дәуірлер мен кезеңдер арқылы
танылады. Қазақ халқы үшін халық поэзиясы өткен өмірдің
тарихы іспеттес.
Қазақ халқының жеке ел болуы, тәуелсіздік үшін күресі
сандаған ғасырлар бойы жалғасып келгендігін көрсете алатын
тарихи өлеңдер екендігіне әбден көз жеткізуге болады. Өзінің
дербес хандық құрған ХV ғасырдан бастап қазақ халқының
басына қара бұлт үйіріліп, қиын-қыстау кезеңдер туғандығын
тарих анықтап келеді.
Тарихқа жүгінсек ел басына қауіп төнген ірілі-ұсақты
тосын шабуыл, сұрапыл шапқыншылық, түрлі қақтығыстар
саны 300-ден асып кетеді екен. Оның бәрі айтуға оңай
болғанмен, өткен өмірдің өкініші мен күйініші екендігі шындық.
Дәл сол дәуірлер мен кезеңдердің елесі мен дерегін, жалпы
халықтың психологиясын болмысына сіңірген тарихи өлеңдер
болатын.
Халықтың басынан бақ тайып, түрлі қатерге тап келгенде,
елі мен жұртының назасы ең алдымен суырып салма өнер
өкілдерінің шығармашылығына арқау болды. Жалпы халықтың
мұңды әніне айналды.
Қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар
көптігі бүгінгі таңда жан-жақты бағасын ала бастады. Міне,
соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген
ашу-ыза,
көңіл-күйі
шағын
тарихи
өлеңдерде
сәулесін
қалдырған. Айтылу барысында тарихи өлеңдегі арман-тілек,
мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді
эпикалық жырлар туғызуға ықпал еткен. Оның нақты сыр-
сипатын ашып, поэтикалық болмыс-бітімін саралаудың ең бір
күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады.
Себебі шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы,
бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі екені анық.
Сондықтан тарихи өлең табиғатын тану – қазақ халқының
тарихын тану болмақ.
300
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. -Алматы, 1979.
- 312 б.
2. ОҒК қоры, -25 бума, -1 дәптер.
3. ОҒК. -114 бума, -6 дәптер.
4. Жармухаметов М. Көкейкесті әдебиеттану. Азаттық
идеясының қазақ әдебиетіндегі көрінісі: әдіснама, таным,
көркемдік. – Астана, 2006. - 437 с.
ЕРТЕДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕ
САЛАУАТТЫЛЫҚ ПЕН ӘСЕМДІК ТӘРБИЕСІНІҢ ДАМУЫ
Әліпбек А.З., Қойшиев Қ.Е., Оразымбетова К.Ш.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,
Шымкент қ.
alipbek_ardak@mail.ru
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы біздің
болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу, олардың
дүниетанымын қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты, білімді,
өнерлі етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі
екендігін заңдылық етіп берді. Осыған орай, ендігі кезеңде
жаңа адамды жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі, жеке
өмірінде
салауатты
өмір
салты
мен
эстетикалық
құндылықтарды сақтай алатын және оны бағалай алатын жаңа
адамды қалыптастыру мәселесі тұр. Алайда, бұл мәселе осы
заманның ұрпақ тәрбиесінде өзекті болып отырғанымен, өзінің
бастауын сонау сақ-ғұн дәуірінен алатындығына ерекше
тоқталып өткенді жөн көрдік.
Ғалымдардың
айтуынша,
Қазақстанмен
жапсарлас
жатқан Иран, Ауғаныстан, Пакистан, Үндістан сияқты елдердің
өмірінен сақтардың мәдени-рухани ықпалының ізін күні бүгінге
дейін аңғаруға болады. Сақ дәулетінің (мемлекеті (іргесін
қалаушы – Алып Ер Тұнға (Афрасияб) Діні-Тәңірлік дін. Яғни
көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды өмір сүрудің
кепілі, табиғилықты өмір сүрудің мұраты деп білген. Жазуы
қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі
жазуы болған. Бұл пікірлерден шығатын қорытынды, ежелгі Сақ
мемлекетінің аса құдіретті империя дәрежесіндегі азулы да
айбынды өзіндік жазуы, мәдениеті мен тәлім-тәрбие дәстүрі
301
Достарыңызбен бөлісу: |