Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет113/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   156

противоисламская  миссия»  құрылды. Миссионерлік орыс-қазақ 

аралас  мектептері  салынды.  1897  ж.  қыркүйекте  Архиерей 

тарапынан  православие  дінін  мұсылмандар  арасында  тарату 

жолдарын қарастыру туралы арнайы нұсқау берілді.

Патша  бодандарының  барлығы  патшамен  бір  дінде  болу 

қажеттігі  идеясын  үкімет  те  қолдады.  1902  ж.  22-ші  наурызда 

арнайы  «Ереже»  бекітілді,  онда  мұсылмандарды  христиан 

дініне аудару, біріктіру, біртіндеп, күштеусіз, айламен іске асыру 

көзделді  және  жаңа  дінді  қабылдау  өз  еріктерімен  болып 

жатқандай сипатта өткізілуге тиісті болды.

Осылайша  жергілікті  жерде  жаңа  тәртіптің  негізін 

нығайтып  алып,  қазақтарды  жаңа  дінге  сендіру  үшін  христиан 

миссионерлерін  жіберді,  оларды  өздерінің  ақ  патшасы 

ұсынатын  дұрыс  ақиқат  дін  ғұрыптарын  орындауға  көндіру 

қажет, – деп нұсқау берді.

Отаршылық  саясат  жергілікті  халықтың  наразылығын 

тудырмай  қоймады.  Сондай  қарсылық  күрестің  бір  түрі 

петициялар  мен  шағымдар  жазып,  жоғарғы  әкімшілікке, 

императордың  өзіне  дейін  талап-арыз  айту  еді.  Мұндай 

петицияларда  рух  еркіндігі  мен  қатар  жер-су  мәселелері  де 

өткір қозғалып отырды.

Ғасырлар  тоғысында  шығыстық  дәстүрдегі  ағартушылық 

идеясы  үлкен  маңызға  ие  болды.  Осыған  байланысты  халық 

арасында шығыс әдебиет үлгілері, араб жазуы, Ресейдегі түркі 

халықтары тағдырларының бірлік идеясы кең тарады.

Науан  Хазірет  ұлттық  дәстүрлерді  сақтау  ісіне  халықты 

топтастыру 

үшін 


қазақ 

даласының 

беделді, 

белгілі 


адамдарынан  көмек  сұрады.  Оның  өзі  және  көмекшісі 

Шәймерден  Қосшығұлов  Абай  Құнанбайұлына  ұлттық  мәдени 

тәуелсіздігі  үшін  күресті  басқаруға  ұсыныс  жасады.  Үкімет 

Науан  Хазіреттің  және  оның  көмекшісі  Ш.Қосшығұловтың 

әрекеттерін  заңға  қайшы  деп  тауып,  жауапқа  тарту  жолдарын 

қарастыра бастады.

1901 жылғы 20 мамыр күні ояз бастығы келіп, Таласовтың 

қызметіне  тыйым  салынады  деп,  іс  қағаздарын  алып  кеткен. 

Көкшетау 

уезінің 


бірінші 

учаскесінің 

крестьян 

бастығы 


подполковник  Троицкий  1903  жылғы  2  сәуірде  Ақмола 

облысының  әскери  губернаторы  атына  жазған  мәліметінде 

былай деп жазады: «2-ші сәуірде молла Таласовтың мешітінде 

тінту  жүргізілді.  Тінту  кезінде  цензура  рұқсат  етпеген  164  кітап 

пен  қолжазбалар  табылды.  Оның  біразы  мектептікі,  өзгесі 

оқушылардікі екені анықталды, ал Таласовтың өзінен 108 кітап 

пен  жазған  хаттары,  қырғыз  тіліндегі  гектограф,  баспа 

287



әріптерінің 

қалыптары 

табылды». 

Онан 


әрі 

Троицкий 

Шаймерден 

Қосшығұловтың 

столынан 

гектограф 

пен 

сиясорғыш, 



Ботовскідегі 

С.Шормановқа, 

Зайсандағы 

Кенишовқа,  Семейдегі  Құнанбаевқа  почта  арқылы  хаттар 

жолдағандығы  туралы  қолхат  қағаздар  адрестерімен  бірге 

табылғанын  хабарлайды.  Сонымен  бірге  Троицкий  1903 

жылдың  3-ші  сәуірінде  Ш.Қосшығұлов  оның  бұйрығымен 

тұтқынға алынып, түрмеге қамалғандығын да мәлімдеген.

Болған 

жай 


туралы 

Ақмола 


облысының 

әскери 


губернаторы  дереу  дала  губернаторына  телеграф  соғып, 

Көкшетау  оязының  бастығына  мынандай  нұсқау  берген:  «Тез 

арада 

Көкшетаудағы 



мешіт 

жанынан 


заңсыз  ашылған 

интернатты жауып, ондағы оқушыларды таратып жіберу, молла 

Таласовтың үстінен жансыз бақылау жасау қажет».

Кейіннен  генерал-губернатор  Семей  облысының  әскери 

губернаторына  Ш.Қосшығұловтың  Шыңғыстау  болысының 

тұрғыны Ибрагим Құнанбаевқа жазған екі хаты туралы тексеріс 

ұйымдастыруды  тапсырды.  Әскери  губернатор  генерал-майор 

Галкиннің  тапсыруымен  Семей  уезінің  бастығы  Навродский 

істің  мән-жайын  тексеріп  анықтауға  Абай  ауылына  өзі  келген. 

Архивте  уезд  бастығының  мәліметі  сақталған  екен,  онда  ол 

былай  деп  жазған:  «Қыстау  мен  кигіз  үйді  тексеру  барысында 

Құнанбаевтың  атына  жазылған  хаттар  табылды.  Екі  куәгердің 

көзінше  А.Құнанбаевтың  барлық  қолжазбалары  алынып, 

ерекше  папкаға  салынып,  Әскери  губернаторға  тапсырылды». 

Ояз  бастығы  Құнанбаевтан  Көкшетаудан  хат-хабар  алып 

тұрасыз  ба,  деп  сұрағанда,  ол:  «Осыдан  екі  күн  бұрын  Зеит 

Башировтың атына жазылған арнайы хат алдым» – деп жауап 

берген.  Хатта  белгісіз  адам  Құнанбаевтан  құрметті  қазақ 

ретінде  үкімет  орындарынан  қазақ  мұсылмандары  үшін  жеке 

муфтият  ашып  беруге  жәрдемдесуді  сұрағандығын  айтқан. 

Одан  хаттарды  маған  беруді  талап  еткенде,  Құнанбаев  ол 

хаттарды осыдан 2 күн бұрын өз баласы Тұрағұлға бергендігін 

айтқан. 

Ал 


ол 

хаттарды 

Шыңғыс 

болысы 


Рызықпай 

Құдайбердиевке  бергендігін,  хат  тінту  кезінде  болыстың 

бешпетінің 

қалтасынан 

табылғандығын, 

бұл 


хаттардың 

Құнанбаевтың 

басқадай 

хаттарына 

қосып 

тігілгенін 



хабарлайды.

Бұл  оқиғада  екі  елеулі  нәрсе  байқалады:  біріншісі,  бұл 

хаттардың  Ш.Қосшығұловтың  атынан  жазылғанымен  шын 

мәнісінде  хат  иесі,  авторы,  жазушысы  Науан  Хазірет  екендігі. 

Осындай  тұжырымға  осы  жолдардың  авторы  хат  мазмұнын 

талдау барысында келіп отыр. Архивте екі хаттың біреуінің ғана 

288



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау