Әлихан Бөкейханов, Мәмбетәлі Сердалин, т.б. пікірлерінде
ерекше тұлға, қоғам қайраткері, ғұлама ұстаз, имандылық иесі
ретінде көрінеді. Халқымыздың жадында да дәл осындай
тарихи тұлға ретінде сақталуда.
Соңғы кезде Науан Хазірет тарихына қызығушылықтың
артқаны байқалады. Оның айғағы ретінде мына авторлардың
туындыларын айтуға болады: көкшелік белгілі жазушы,
публицист Сарбас Ақтаевтың «Науан Хазірет кім?», «Науан
Хазірет және оның шәкірттері» атты очерктері. Өмірзақ
Озғанбаевтың «Рух күрескері» кітабінің «Хазіреттен – қарым,
ақыннан – ақыл алғанда…» атты тарауы, жақында Көкшетау
газетінде жарық көрген Айдос Әбутәліпұлының «Науан
Хазірет» атты көлемді мақаласы.Бұл еңбектер Науан Хазірет
тарихын зерттеу жұмысына қосқан қомақты үлес деп атауға
болады. Сонымен бірге осы жолдардың авторының екі
очеркімен Астана қаласында «Ақ арман» баспасынан жарық
көрген «Науан Хазірет» атты кітабын айтудың да артықтығы
болмас.
Осынау зерттеулерді жазуға ғылыми негіз болған
деректер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
архивінін (ҚРОМА), Омбы облысының мемлекеттік архивінен
(ООМА) алынған материалдар. Міне, сөз етіп отырған
тақырыптың ғылыми тарихнамасы мен деректері осындай.
Ал енді Наурызбай Таласұлының өмірбаянына, атқарған
қызметіне көшелік. Ол соңғы дерекке, атап айтқанда, қабыр
басына қойылған құлпытастағы жазбаға қарағанда, 1843 жылы
Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген қарағай-қайың
басқан нулы да сулы өңірінде Талас Құтболат ұлының
отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі Қарауыл руының
Есембай-Шұңғырша тармағынан.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, әкесі Талас
ауқатты, ағайын арасында беделді кісі болған. Жасынан зерек
Наурызбай ауыл молласынан хат танығаннан кейін, баласының
қабілеттілігін аңғарған әкесі оны Қызылжар медресесіне оқуға
берген. Медресені үздік оқып бітірген соң ол ерекше дарынды
түлек ретінде сол кездегі діни жоғарғы оқу орны болып
саналатын Бұхар медресесіне жолдама алады. Еліне келіп,
Баратайға жақын Бесқарағай деген жерде мешіт салу жұмысын
ұйымдастырып, бірер жыл сонда имамдық жұмысын атқарады.
Әйткенмен білімге, оқуға деген құштарлық талабы Науанды
одан әрі жетелейді. Ол азын-аулақ қаржы жинап, Бұхарға бара
жатқан керуенге ілесіп, Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Кезінде
Ломоносов Мәскеуге қалай барса, бұл да Бұхарға солай
282
барады».
Бұхар медресесі өткен ғасырда Орталық Азиядағы
бірден-бір жоғарғы оқу орны болатын. Мұнда көптеген ғұлама
оқытушылар болған. Бұхарда оқып жүрген кезінде Наурызбай
діни
Хадистермен
қатар
Шығыстың
бай
әдебиетін,
философиясын игеріп, көне түрік, парсы, араб, өзбек, татар
тілдерін жетік меңгерді.
Он бес жыл оқып, Бұхар медресесін үздік бітірген
Наурызбайдың үлкен дарын иесі екендігін таныған медресе
ғалымдары оны бүкіл мұсылман дінінің орталығы болған
Бағдат
шаһарына
жібереді.
Ол жерде білімін сонша
тереңдеткен Наурызбайды Бұхар медресесі өз қабырғасында
ұстаз етіп қалдырады. Бірақ Көкшетаулық мұсылмандар
қауымы
Бұхарға
арнайы
делегация
жіберіп,
Солтүстік
Қазақстан өңірінде мұсылмандықты уағыздайтын бірде - бір
жоғары
білімді
имамның
жоқтығын
тілге
тиек
етіп,
Наурызбайды еліне қайтаруды өтінді. Осы жағдайларды
ескерген медресе басшылары көкшетаулықтардың талабын
орынды деп тауып, Наурызбайды еліне қайтарады.
Бұл жөнінде Әлихан Бөкейханов былай деп жазған:
«Науан 15 лет учился в Бухаре, кончил там высшую школу и
сделал блестящую карьеру, исключительно благодаря своему
необычайному дарованию. В Бухаре Науан занимал место
преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали
кокчетавские киргизы (казахи – К.А.), послав особых
делегатов».
Шығыс өркениетінің орталықтары болып саналатын
Бағдат пен Бұхар жоғарғы оқу орындарын тәмәмдап елге
оралғанда Науан Хазірет жан-жақты білімдар, ғұлама ғалым,
тәжрибелі ұстаз болып қалыптасумен қатар жәдиттік бағытты
ұстанған қоғамдық қайраткер де болып үлгерген. Міне, енді сол
оқып-білгенін, өз қызметін ел игілігіне жарату, халқын
отаршылдық бұғаудан азат ету жолдарын ойластырады.
ХІХ
ғасырдың
екінші
жартысында
түркі
тектес
халықтардың барлығы дерлік (Анатолия түріктерінен басқасы)
отарлық езгіде болды. Түркі халықтарына отарлық құрсауын
кигізген сол тұстағы екі алып империя – Қытай мен Ресей
мемлекеттері болды. Бұлардың біріншісінде сол тұста отарлық
езгіге қарсы қарулы көтеріліс жүріп жатса, екіншісінде ұлт-
азаттық күрестің ондай түрі аяқталып, енді екінші кезеңі
басталған - тын. Бұл кезең жәдиттік қозғалыстың дүниеге
келуімен сипатталады.
Жәдиттік қозғалыстың негізін қалап, басқарушылар
283
қатарында Ресей қол астындағы түрік халықтарының ұлтжанды
зиялылары болды. Олар – Шаһабуддин Багауиддинұлы, Каюм
Насири,
Исмағұл
Гаспаралы,
Садриддин
Айни
сынды
ғұламалар еді.
Аталған
қайраткерлердің
жәдиттік
көзқарастарының
қалыптасуына ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында бүкіл әлемде ұлт-
азаттық қозғалыстың өрістеуі, Ресейдегі билеуші монархияға
қарсы бағытталған демократияшылдық үрдістің етек жаюы,
орыс емес халықтарда зиялы топтардың пайда болуы сияқты
қоғамдық
құбылыстардың
зор
әсері
болды.
Көптеген
аймақтарда
саяси
партиялармен,
қозғалыстармен
бірге
жәдиттер (жаңашылдар) деп аталған мәдени – ағартушылық
бағыттағы қозғалыс та пайда болды. Бұл қозғалыстың түпкі
мақсаты түрік халықтарын отарлық езгіден азат ету еді. Ал оны
іске асыру үшін дін-исламдағы жәдитшілдікті түрікшілдікпен
ұштастыру, түрік ұлтшылдығын насихаттау, жаңа тәсілмен
оқытатын мектептер ашу көзделді.
Сөз етіп отырған кезеңде Бұхар қаласы жәдиттік
қозғалыстың негізгі ошақтарының бірі болып саналған.
Сондықтан жәдиттік идеяны көзі ашық, көкірегі ояу Наурызбай
бірден қабылдап, оны іске асыру жолындағы күреске дайын
болды. Сол себепті де ол Көкшетауға оралсымен бұл іске қызу
кірісті.
1886 жылы көпшілік қауымның сұрауымен облыстық діни
басқармасы Науан Хазіретті Көкшетау мешітіне имам қылып
тағайындады.
Жаңа
имам
халық
арасында
оқу-ағарту
мәселелерімен айналысып, діни әдет-ғұрыптарды ретке
келтіреді, көршілес ояздардағы мешіттермен тығыз байланыс
орнатады. Ол кісінің беделінің қандай жоғары болғандығын
мына бір дерек дәлелдей түссе керек. Халықтан жиналған
қаржыға Көкшетау қаласында жаңа мешіт салынады. Мешітте
неке қию, жаңа туған нәрестелерді тіркеу сияқты дәстүрлер
кеңінен
енгізіледі.
Архивтік
бір
деректе
ояз
бастығы
Костырконың тұсында, ал кейін басшылар Туполев, Коновалов,
Селицкий, Кельцев тұсында да осы тәртіп сақталды делінген.
Заманының өте білімді адамдарының бірі Науан Хазірет
халық ағарту саласына көп көңіл бөлді, атап айтқанда, қазақ
балаларының білім алуын үнемі қадағалап отырды. Мешіт
жанынан қырдан келген моллалардың білімдерін одан әрі
жетілдіру үшін оқу ұйымдастырып, халықтан түскен қаржыға
интернаты бар медресе ашады. Өзіне мектеп жұмыстары
бойынша көмекшілікке бұрынғы шәкірті, Қотыркөл болысының
тұрғыны Шаймерден Қосшығұловты алады.
284
Достарыңызбен бөлісу: |