мировой войне» атты еңбегі соғысушы жақтардың майдан
шебіндегі халықтарды тыңшылық және диверсиялық әрекетке
тартуды көздегені растайды. [7: 447 б.] Сондықтан КСРО-ның
халықты
алдын
ала
депортациялап,
шекараларын
қауіпсіздендіруге ұмтылуы неміс агентурасына қарсы қолданған
шара ретінде қарастыруға болады.
Бірақ халықтар депортациясы қандай да себептермен
түсіндірілгеніне қарамастан, Сталин мен Берияның халықтарға
жасаған қылмыстарын ақтауға болмайды. Сталиндік террор
жылдарында Кеңес елінде адам құқығы туралы заңдар
бұзылды, адам бостандығы аяққа тапталды, адамдардың тегі
моральдық жағынан қорланып, сан мыңдаған түріктердің,
славяндардың, корейлердің, немістердің және басқа да
халықтардың құқығы мен ұлттық қадір қасиеті бұрмаланды.
Күшпен көшірілгендер тұрмыс-жағдайының ауырлығынан, ауру
мен аштықтан өліп жатты. Өзге хадықтар өкілдерін бұлайша
қорлау ондаған жылдар бойы Кеңес мемлекетінде әр түрлі
қылмыскерлерді қатаң жазалай отырып, баршаның мүддесі
қорғалады, олардың тыныштығы сақталады деген желеумен
жүргізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Известия ЦК КПСС. 1989, № 3, с. 145-152.
2. Кан Г.В. Корейцы Казахстана: Ист. очерк. – Алматы:
Казахстан, 1994. – С.240+8 с. илл.
3. Из истории поляков в Казахстане (1936-1956 гг.)
Сборник документов: Архив Президента Республики Казахстан
/ Отв.редактор Л.Д.Дегитаева. – Алматы: ТОО «Издательский
дом «Қазақстан», 2000. – 344 с.
4. Некрич А. Наказанные народы. - Нева, 1993. - № 10.
5. Абуов Нурболат Аскерович. Депортация народов в
Казахстан
в
1936-1957
гг.
(на
материалах
Северо-
Казахстанской и Кокчетавской области). Караганда, 2008. – 24
[6] с.
6. Кульбаев Т., Хегай А. Депортация.–Алматы «Дәнекер».
2000. – 274 с.
7. де Ионг Л. Немецкая пятая колонна во второй мировой
войне. — М.: ИИЛ, 1958.
272
«
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ РӨЛІ
»
секциясы
Секция
«
РОЛЬ ЛИЧНОСТИ В ИСТОРИИ СТАНОВЛЕНИЯ КАЗАХСКОЙ
ГОСУДАРСТВЕННОСТИ
»
ПОТАНИН Г.Н. ҚАЗАҚ-ОРЫС МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ
МЕН ҚЫЗМЕТТЕСТІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ
Абдрахманова С.А., Идрисов Р.А., Жапарова К.Г.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Көкшетау қ.
аbdraxmanova_s@mail.ru
Григорий Николаевич Потанин турасында сөз бастамас
бұрын оның шыққан тегі, өскен ортасы туралы айта кету керек.
Потаниндердің әулетінің Ертіс өңіріне орнығуы, Ресей
империясының Ертіс бойында подполковник
И.Д. Бухгольц
тің
1715 ж.
Ертістің оң жағалалауында Ямышев тұзды көліне таяу
жерде осы аттас бекініс іргесін қалау оқиғасынан бастау алады.
1716
ж. Бухгольцтің отряды сәтсіздікке ұшырағаннан кейін,
бекіністі жоңғарлар қиратқан болатын. Ресей өзінің бастапқы
жоспарынан бас тартпай 1717 ж. подполковник Матигоровтың
жаңа отрядының күшімен Ямышев қайта қалпына келтіріліп,
273
Ступин отряды бекіністі нығайту жұмысын жүргізген соң,
Ямышев Батыс Сібірдегі орта Ертістегі орыс үстемдігінің
маңызды тірегіне айналды [1: 55]. Осы бекініске әскери
қызметке бекітілген Илья өзінің шаруақорлығы мен пысықтығы
арқасында байып, жылқы өсіріп, Ертіс өңірінің ықпалды
адамдарының бірі ретінде танылады. Шекара бойындағы
қазақтармен тығыз байланыста болған Илья жаңа көршілермен
бейбіт-қатар
өмір сүруге тырысты. Сондықтан шекара
бойындағы орыс-қазақ қатынастарына қатысты құжаттарда
оның есімі жиі кездеседі. Потаниндер отбасында Абылай
ханның Ильяға жазған хаты отбасылық құнды жәдігер ретінде
ұзақ уақыт сақталып келді. Г.Н. Потаниннің әкесі Николай
Ильич Сібір корпусының белгілі казак офицері, Баянауыл округі
аға сұлтаны Шорман Күшіковке қызмет етіп, орыс-казак әскерін
басқарған. Кейін Мұса Шорманов та өзінің қырдан жазған,
жинаған материалдарын осы Николай Ильичтің баласы
Г.Потанинге
жіберіп
тұрды.
Г.Потаниннің
Шормановтар
әулетімен қарым-қатынасы ертеден басталған болатын.
Николай Ильич Ресей үкіметінің жауапты тапсырмаларын
орындап, Қоқан елшілерінің Петербор қаласына сапарында
жолбасшы қызметін атқарды. Кейін әлдебір себептерге
байланысты жала жабылып, Николай Ильич Потанин барлық
атақ-дәрежесінен айрылып, әкеден қалған байлығы да сот
дауларында құртылып, тақыр кедей болып қалады. Николай
Ильич ұлы Григорийді өзінің досы бригада командирі
Эллизендер отбасына тәрбиеге беруге мәжбүр болады.
Г.Н.Потанин кадет корпусында оқып жүрген кезінде Ш.
Уәлихановпен
танысып,
екеуі
өмірлік
досқа
айналды.
Г.Потаниннің дүниетанымы мен тұлғасының қалыптасуына
өскен ортасының тәрбиесі, жасынан естіген тарихи-аңыз
әңгімелері, Шоқанмен достығы орасан зор әсер етті. Олар
Омбыда «Палластың саяхатын», «Н. Рычковтың күнделік
жазбаларын» қызыға оқып, болашақта саяхатшы-ғалым
болуды бірге армандап, екеуі де осы қиын да қызықты жолға
бірге түсті [2: 37]. Екеуі де Ресей шығыстану ғылымы
тарихында елеулі орынға ие болып тарихта қалды.
Кейінгі ұрпаққа Г.Н. Потанин шығыстанушы-этнограф,
энциклопедиялық болмыстағы ғалым ретінде танылды. Алайда
Ресей мен Қазақстандағы ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ.
басындағы рухани-саяси ойдың дамуына зор әсер еткен тұлға
ретінде әлі күнге дейін шын мәнісінде толық танылмай келе
жатқандығы шындық. Дегенмен бұл бағытта ХХ ғ. соңғы
ширегінде
Қазақстанда,
өткен
ғасырдың
тоқсаныншы
274