Г.Н.Потанин үшін жергілікті тұрғындар арасынан шыққан
ғалымдардың өз мәдениетіне деген қызығушылығы жақсы
таныс еді, ол «терең ойлай алатын адам өзін-өзі тануға
ұмтылады, сол арқылы өз халқына деген этникалық
тамырластығын ұғынып, өткен тарихына деген мақтанышы
оянады» деп білген еді [8: 46]. Одан әрі зертеуші өз еңбегінде
Қазақ
зиялыларының
көшбасшысы
Ә.Бөкейханов
Г.Н.
Потанинге үлкен алғыспен, тамаша жүрек жылуымен қараған.
Оның өмірбаянын жаза отырып, оған ғалым ретінде терең
толғаныспен, шынайы сезіммен сипаттама берген деп жазады.
Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы болып
танылған Ш. Уәлиханов сияқты Г.Н.Потанин де қазақ халқының
арасынан білімді, зерделі азаматтардың қатарының көбейгенін
қалады, Шоқаннан басталған жаңа рухани жылғаның үзілмей
қайта кең арналы ағысты өзенге айнала бастағанын өз көзімен
көріп те кетті, большевизмнің ызғар лебінен жақсылық күте
алмады,
қайта
бұрындары
отаршылдық
салдарынан
болашағына қауіп төнген халықтардың ендігі тағдырына зор
апат болатынын жан- тәнімен сезінді. Г.Н.Потанин шын
мәнісінде де ұлы гуманист еді, ол Ресейдегі «түземдік»
халықтардың соның ішінде қазақ халқының өз тарихын, тілін,
дәстүрін ұмытпай сақтай білгенін, ол халықтың жоғарғы
топтарында өз халқының тарихына, ауызша әдеби мұрасына
қызығушылығын үнемі тудырып отыру қажет деп санады.
Қазақтың
рухани
байлығы
оның
болашақта
зайырлы,
мәдениетті халық ретінде орнығуының берік негізі деп санап,
қазақ халқы туралы: «Бұл халық өміршең-оптимист, еті тірі,
дені сау халық, қызықты, ойын- тойды жақсы көретін, киім
кигенде де ашық түрлі түстерді ұнататын, даңғой мақтангерлігі
де бар, бұл жөнінен француздарға ұқсайтын халық. Жалпы
жаңалық атаулыға көне Афиндіктер тәрізді жаңа хабарларға
жаны құмар халық. Егерде олардың өздері осы рухани мол
мұрадан теріс айналмаса, бұл халықтың табиғи болмысында
дамыған халық болуға жетерлік зор рухани күш пен қайрат тән»
деп сипаттаған болатын [9: 330, 332, 334]. Бұл жерде
Г.Н.Потаниннің ой-тұжырымдарының бүгінгі тәуелсіз Қазақстан
үшін
де
өзектілігін
аңғарамыз.
Бүгінгідей
діни-мәдени
экспансияның өрістеп тұрған заманында Г.Н.Потанин көтерген
қазақ қоғамының мәселелері ерекше өткір мәселеге айналып
отырғандығы бүгінгі замана шындығы. Ол өмірінің соңына дейін
ғылыми ізденіс жолында болды. 1913 ж. Қарқаралы уезіне
сапар жасағаннан кейін, «қырғыз комиссиясының» құрылуына
қол жеткізіп, қазақ және орыс тілінде тарихи ескерткіштерді
277
қорғауға арналып жазылған анкеталарды дайындатты. Бұл іс
тұңғыш рет қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштерді мемлекет
қорғауына алудың бастамасы болатын. Ғұлама ғалым,
шығыстанушы-этнограф, фольклорист, Қазақстан мен Ресейдің
ХІХ-ХХ ғғ. ірі қоғамдық-саяси қайраткерінің есімі қазақ-орыс
халықтарының рухани-мәдени тарихындағы ерекше феномен
болып қала бермек.
Г. Потанин есімімен Тянь-Шань тауындағы жота, Моңғол
Алтайындағы мұздық аталған. Г. Потаниннің заңғар тұлғасын
тану, зерттеу бүгінгі күнде өз жалғасын табуда. 2005 ж. Г.
Потаниннің 170 ж. орай Павлодар облыстық өлкетану
мұражайы мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің
ғалымдары
бірлесіп
оның
таңдамалы
шығармаларының үш томдығын шығарды және халықаралық
ғылыми конференция өткізілді. Г. Потанин мұрасын зерттеу
мақсатында павлодарлық зерттеуші ғалымдар Омбының,
Томскінің, Мәскеудің мұрағаттарын зерттеп, жаңа деректерді
ғылыми айналысқа енгізді. Г.Н Потанин екі елге де ортақ тұлға,
оның ғылыми және рухани мұрасы Қазақстан мен Ресей үшін
ортақ қазына. Жиһангез жерлес ғалымға бүгінгі Тәуелсіз
Қазақстанда Павлодар қаласында бюст ескерткіш қойылған
болса,
Алматы,
Павлодар,
Көкшетау
қалаларында
Г.
Потаниннің құрметіне көшелер аталған.
Әдебиеттер тізімі:
Абуев К.К. Хан Абылай и его время. Астана, 2006. 55 с.
Стрелкова И.И. Шоқан. Алматы, 1985. 37 б.
Толочко А.П. Омское историческое краеведение
накануне 300-летнего юбелея города на Иртыше. «Шоқан
тағылымы-17»
Халықаралық
ғылыми-практикалық
конференция материалдары. Көкшетау, 2013. 289 б.
Потанин Г.Н., Васильева М.Г. «Мне хочется служить
Вам, одеть Вас своей любовью». Переписка. / Сост. Н.В.
Васенькин,
Г.И.
Колосова.
–
Томск:
изд.
Томского
университета, 2004. – 418 с.
Марғұлан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч.
Валиханова // Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. в 5 т.– Алма-Ата, 1984.
- Т. 1. 9-79 с.
Масанов Э.А. Труды Г.Н. Потанина важный источник по
этнографии казахского народа. - Известия АН Казахской ССР.
Серия истории, археологии и этнографии, I960, вып. 3. 70-79 с.
278
Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен
тағдыры (ХVІІІ-ХХ ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. -
400 б.
Автореферат на соискание докт. ист наук. Танатарова
Ж.Т. Потанин и казахская интеллигенция: исторический анализ
политико-духовных взглядов. 2007. 46 с.
9. Потанин Г.Н. В юрте последнего киргизского царевича
(из поездки в Кокчетавский уезд) // Валиханов Ч.Ч. Соб.соч.: в 5
т. – Т.5. –Алма-Ата, 1985. 330, 332, 334 с.
НАУАН ХАЗІРЕТ – КӨКШЕТАУЛЫҚ ТАРИХИ ТҰЛҒА
Абуев Қадыржан Қабиденұлы
д.и.н., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасында тәуелсіз мемлекеттіліктің
қалыптасуы күн тәртібіне қазақ халқының тарихының көптеген
өзекті мәселелерін шығарды. Солардың бірі – халқымыздың
тарихи және мәдени қайраткерлерінің өмірбаяны, атқарған
қызметі
жөнінде
ғылыми
зерттеулердің
болмауы.
Тарихымыздың өзекті мәселелеріне тоқтай келіп, академик М.Қ
Қозыбаев былай деген: «Қазақстан тарихнамасының тағы да
бір аз зерттелген бөлігі - өткен кезеңнің көрнекті
қайраткерлерінің тарихи портретін жасау».
Қасиетті Көкше жерінде небір ел бастаған көсемдер, күміс
көмей шешендер, ақын-жыраулар, батыр-билер, ақылгөй-
даналар дүниеге келмеп пе еді! Ендеше дәл сондай тарихи
тұлғалардың бірі – Наурызбай Таласұлы. Оқымысты ғұлама
болғандықтан, ол әдебиетте де, халық арасында да Науан
Хазірет деп аталып кеткен. Науан Хазірет – рухы биік, жан-
жақты білімдар, ағартушы, халқының қамын жеп, болашағын
болжаған, оған мұсылмандықтың шапағатын жаюға бүкіл өмірін
арнаған қайраткер.
Науан Хазірет турасындағы әдеби нұсқаларға, құжаттар
мен деректерге тоқталсақ, ондай дүние баршылық. Солардың
ішіндегі ең құндыларының бірі -–Ақан Серінің Науан Хазіретке
арнаған 28 шумақтан тұратын толғауы. Ақан ағаның бұл
шығармасы үлкен әңгімеге арқау боларлық дүние, бұл ретте біз
бір-екі-ақ мәселеге тоқтала кетейік. Біріншісі – Ақан сері өз
шығармасында Науан Хазіреттің мұсылман дінінің шапағатын
279
Достарыңызбен бөлісу: |