Қазақстандық тарихшы Г.В.Кан өзінің «Корейцы Казахстана»
атты еңбегінде корей халқын күштеп қоныс аудару жекелеген
адамдардың сатқындығы үшін жазалау деп түсіндіреді. Кеңес
билігі 200 мың корейлікті жаппай көшірудің идеологиялық
негізін алдын ала дайындап, қоғамдық пікірді қалыптастыруға
күш салды. Корейліктер ісі бойынша негізгі үгіт-насихатты
КСРО
мемлекеттік
сыйлығының
лауреаты,
жазушы
П.А.Павленконың
«На
Востоке»
романы
атқарды.
(П.А.Павленко. На Востоке. Новосибирск, 1937.). Павленконың
еңбегінде болашақ екінші дүниежүзілік соғыс суреттелді. Соғыс
Жапонияның
Владивостокты
шабуылдауымен
басталады
делінген. Романда қоныс аударушы корейліктердің Жапония
пайдасына тыңшылық ету мәселесі көтерілді. Кітап өте үлкен
данамен баспадан шығарылды, тек 1937 жылдың өзінде ғана
400 мың дана шығарылған. [2: 13-14 б.].
Поляктарды қоныс аудартудың себептерін қазақстандық
ғалымдар КСРО-ның сыртқы саясатымен және әлемдік
тарихтағы жаһандық оқиғалармен байланыстырады. Яғни,
кеңес мемлекетіндегі 30-шы жылдардағы репрессиялар мен
екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Бұл мәселенің екі
негізгі аспектісін қарастыруға болады – КСРО аумағында
тұрып, оның азаматтығын қабылдаған поляктарды күштеп
қоныс аударту және 1939 жылы қыркүйекте Поляк мемлекетінің
бір бөлігін Кеңес Одағы аннексиялағаннан кейін ондағы поляк
азаматтарын
депортациялау.
Аталған
топтарды
депортациялаудың
себептері,
тұрмыс
жағдайы
мен
тағдырлары әр түрлі болып келеді. 1937-1938 жылдары КСРО-
да жаппай репрессия басталып, шамамен 118-123 мың поляк
тұтқындалып,
депортацияланды.
КСРО
поляктарының
көпшілігінде
Польшада
туыстық
қатынастар
сақталып
қалғандықтан, оларға Польша тыңшылық ұйымдарымен
байланыс жасады деген айып тағылды. Яғни этникалық белгі
репрессиялау мен депортациялаудың негізгі себебі болып
табылды. Ал 1939 жылы поляктарды депортациялаудың негізгі
себебі екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен түсіндіріледі.
Себебі жаудың майдан шебіндегі халықты өз жағына тартып,
соғысқа тарту қаупі өте жоғары болды және Польшаның
маңызды стратегиялық аймақта орналасуына байланысты еді.
[3: 4-5 б.].
А.Некричтің
пікірі
бойынша
Ұлы
Отан
соғысы
жылдарында
кеңес мемлекеті халықтар депортациясын
жазалау
шарасы
(шешендер,
ингуштар,
балқарлар,
қарашайлар, Қырым татарлары) және «сенімді» шекаралық
270
халық құруға бағытталған әскери-стратегиялық шара ретінде
қарастырды [4.]. Шындығында да халықтар депортациясының
қылмыстық істерін ешқандай әскери немесе басқа да
ниеттермен ақтауға болмайды. Депортацияланған халықтарға
тағылған негізгі айып «жаумен жаппай ынтымақтастықта болу»
болды. Бірақ бұндай тұжырым шындыққа жанаспайды. Себебі
бұл халықтардың ер-азаматтарының басым бөлігі Қызыл
Армия қатарына шақырылды және Ұлы Отан соғысы
майдандарында
өздерінің
ерліктерін
көрсетті.
НКВД
материалдары
бойынша
Шешен-Ингуш
республикасында
жүзеге асырылған үш мобилизация барысында 17413 адам
майданға аттанды. Ұлы Отан соғысының майдандарында 20
мыңнан аса қалмақ ұлтының офицерлері мен жауынгерлері
соғысты. Жалпы 91919 қалмақ депортацияға ұшырады.
Тарихшы Н.А.Абуовтың еңбегінде жаппай депортациялау
себептерінің бірі ретінде жаңа территорияларды репрессияға
ұшыраған адамдардың еңбегі арқылы игеру де қарастырылған.
1930-1932
жылдардағы
аштық
кезінде
демографиялық
шығынға ұшыраған Қазақстан адам ресурстарын қажет етті,
сонымен қатар Қазақстан КСРО-ның шығыс және батыс
шекараларынан алшақ орналасуы да жер аударылғандар үшін
таңдауға лайықты деп танылды. [5: 14 б.].
Т.Кульбаев пен А.Хегайдың «Депортация» атты еңбегінде
сталиндік «концепция» бойынша жекелеген топтар мен ұлттық
ұйымдардың әрекеттері үшін халықтың жауапкершілігі Ұлы
Отан соғысы жылдарында жаппай күштеп қоныс аударуға алып
келгені
айтылады.
Сталиннің
бұйрығымен
кейбір
сатқындардың қылмыстары үшін Поволжье немістері, қырым
татарлары,
шешендер
мен
ингуштар,
балқарлар
мен
қарашайлар жауапқа тартылып, ұлттық мемлекеттілігінен
айырылды және депортациялауға ұшырады. [6: 7 б.]
Кеңес Одағындағы халықтарды күштеп қоныс аударудың
себептерінің бірі ретінде «бесінші колоннамен» күрес амалы да
қарастырылады.
Бесінші колонна - әр түрлі елдердегі нацистік агентураның
атауы, тыңшылық және диверсиялық әрекеттермен айналысты,
мемлекет ішінде төңкерістер ұйымдастырды және неміс
әскерлеріне мемлекетті басып алуға көмек көрсетті. «Бесінші
колонна» термині 1936-1939 жылдардағы Испанияда болған
азамат соғысы жылдарында енгізілді.
Голландиялық зерттеуші Л.Ионг халықтарды күштеп
қоныс
аударудың
себептерін
«бесінші
колоннамен»
байланыстырады. Оның «Немецкая пятая колонна во второй
271