Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет112/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156

Медреседе  діни  дәріспен  қатар  зиялы  білім  беру  ісі  де 

айтарлықтай  деңгейде  болды:  шәкірттер  оқу  мен  есептеуді, 

араб тілі мен орыс тілін қатар үйренді, Абай өлеңдерін жаттап, 

Біржан мен Ақан әндерін айтты. Әсіресе шығыс әдебиетін оқып 

үйренуге көп ден қойылды. Ол туралы мына бір деректі келтіріп 

кетуге  болады:  мысалы,  ояз  бастығының  бұйрығымен  мектеп-

интернатта  жүргізілген  тінту  кезінде,  оқушылардан  шығыс 

ғұламалары  Фирдоуси,  Науаи,  Саади,  Низами  және  т.б. 

кітаптары тартып алынған.

Бір  айта  кететін  жәйт,  ата-аналар  балалардың  оқуы  үшін 

ешқандай  ақы  төлемеген,  себебі  медресе  жанында  қосалқы 

шаруашылық  болып,  шәкірттер  қажетті  азық-түлікті  өздері 

дайындаған. 

Мұғалімдік 

қызметті 

Науан 


Хазірет 

пен 


Шаймерден  Қосшығұловтан  басқа  Ташкенттен  келген  өзбек 

Ингам  Қари  мен  саяси  жер  аударылған,  қазақ  тілін  жақсы 

меңгерген  Петр  Гарлишев  атқарды.  Науан  Хазіреттің  қызмет 

атқарған  тұсы  Ресейдің  Қазақстанда  толық  саяси  үстемдігін 

орнатып,  енді  шаруашылық  жағынан  игеруге  кіріскен  кезеңіне 

дөп  келеді.  Осы  мақсатта  қазақстанда  бірқатар  әкімшілік,  сот 

реформалары жүзеге асырылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың 

қалдығы  жойылып,  жер,  оның  қойнауы,  ормандар  мен  өзен-

көлдер Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды.

Өзінің  үстемдігін  нығайту  үшін  патша  үкіметі  қазақ 

даласына 

орыс-казактарды, 

шаруаларды, 

чиновниктерді 

жаппай қоныстандыру науқанын жүзеге асырды. Мысалы, 1896 

ж.  Ақмола  облысында  99399  жаңа  қоныстанушылар  тұратын 

132  село  болды,  ал  1900  ж.  селолардың  саны  200-ге,  көшіп 

келушілердің саны 160090-ға жетті.

Бұл  әрекеттер  маңызды  іс-шаралар  болғанымен,  қазақ 

даласында  түпкілікті  билік  орнатуға  жеткіліксіз  деп  саналды. 

Сондықтан  патша  үкіметі  Қазақстандағы  өз  саясатының  басты 

мақсаты  етіп  жаңа  бодандардың  бойына  Ресей  азаматтығы 

идеясын сіңіруге тырысты.

Іс  жүзінде  бұл  саясат  қазақ  халқын  орыстандыру, 

христиан  дініне  шоқындыру  әрекеттерінен  көрініс  берді.  Ол 

үшін білім беру-ағарту ісіне қатаң бақылау орнатылды. 1874 ж. 

үкіметтің  шешімін  оқу-тәрбие  ісі  мұсылман  діни  мекемелер 

құзырынан алынып, отарлық әкімшілік қарауына берілді.

Шоқан  Уәлихановтың,  Салық  Бабажановтың  үлгісінен 

орыс  оқуының  пайдасын  көрген  қазақтардың  бірқатары  өз 

балаларын  Омбының,  Орынбордың  т.б.  қалалардың  оқу 

орындарына  бере  бастады.  Қазақ    жұрты  балаларын  орыс 

тілінде  оқуға  ынталандырудың  шараларын  ойластырады. 

285



Мәселен,  Мұса  Шормановтың  (Баянауылдың  аға  сұлтаны) 

баласы Сәдуақас Шорманов 1887 ж. 25 ақпанда Г.Н. Потанинге 

жолдаған  хатында  былай  деп  жазған:  «Қазіргі  уақытта  қазақ 

балалары  әртүрлі  оқу  орындарында  оқи  бастады.  Гимназияда 

19 адам, кадет корпусында – 5, мұғалімдер семинариясында –

4, техникалық училищеде – 2 тәрбиеленуші оқып жүр. Барлығы 

Омбының  оқу  орындарында  30  қазақ  баласы,  біреуі Петербург 

университетінде білім алуда».

Сонымен  бірге  үкімет  қазақ  балаларының  ана  тілінде 

білім  алуына  түрлі  шектеулер  қоя  бастады,  тіпті  қазақ 

чиновниктерінің  балаларын  орыс  оқуына  беру  туралы  арнайы 

нұсқау  да  шығырылды.Жергілікті  ақсүйектер  бұл  әрекеттен 

секем  алып,  қарсылық  білдірді.  Кейде  тіпті  патша  үкіметінің 

мынадай  жағдайларға  дейін  барғандығын  белгілі  орыс 

зерттеушісі,  публицист,  Шоқанның  досы  Н.М.  Ядринцев  өз 

шығармасында  былай  деп  жазады:  «Қырғыз  даласындағы 

бұратаналар 

кейбір 


интернаттар 

мен 


мектептерге 

өз 


балаларын  беруге  мәжбүр  болғандықтан,  одан  қорқып,  кедей 

балаларын  сатып  алып  жіберген.  Орыстандыру  мәселесі, 

ұлттардың  өткір  проблемасына айналды, бұл саясатты дөрекі, 

ойластырмай күшпен қолдану бұратаналар арасында керісінше 

қарысылық  пен  жиіркеніш  тудырды»,  – дейді.  Ядринцев  орыс 

тілін  зорлап  оқыту  саясатын  сынай  отырып,  «бұратаналардың 

өз  тілінде  білім  алуы,  ғылымдармен  танысуы  білімді 

бұратаналарды  орыс  тілінен,  ұлтынан  бездірмейді»  – деп 

сенді. 

Үкіметтің  арнайы  шешімімен  жергілікті  әкімшіліктің 



рұқсатынсыз  ауылдық  мұсылман  мектептері  мен  қалалық 

мектеп-интернаттарды ашуға қатаң тыйым салынды.

Мектеп  ашуға  басты  шарт  –  ол  мектептерде  орыс  тілінің 

оқылуы  еді.  Сондықтан  қазақ  мектептерінің  көпшілігі  жасырын 

жұмыс  істеді.  Үкімет  саясатының  рухани  саладағы  тағы  бір 

бағыты  мұсылман  дінін  шектеу  болатын.  Патша  үкіметі  діннің 

маңыздылығын  ескере  отырып  және  халық  наразылығын 

туғызбау 

мақсатымен 

қазақ 


жерінің 

түгелдей 

Ресей 

империясының  құрамына  енуі  аяқталғанша,  яғни  ХІХ  ғ.  60-шы 



жылдарына  дейін  ислам  дініне  ілтипатпен  қарады.  Қазақ 

даласына сенімді татар молдалары жіберілді, мешіттер салуға 

қамқорлық 

жасалып, 

қажылық 

Меккеге 


баруға 

кедергі 


келтірілмеді. Алайда ХІХ ғ. ақырғы ширегінде үкіметтің исламға 

көзқарасы өзгерді, бұл жалпы отаршылық саясаттың күшеюінің 

нәтижесіне  байланысты  туындады.  Қасиетті  (Святейший) 

Синодтың  рұқсатымен  1881  ж.  Омбы  қаласында  «Киргизская 

286



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау