Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет87/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   116

257 
 
дейін  əлі  құрылмаған.  Мысалы,  сандардың  үтірден  кейін  əр  түрлі 
белгілері  бар  жəне  кестені  жиектеу  жүргізілмеген.  Сондықтан, 
кестенің  сыртқы  түрін  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  форматтауды 
жүргізу керек. 
Excel 
бағдарламасы 
қолданушыға 
Формат 
мəзірімен 
шақырылатын,  форматтау  функцияларының  үлкен  жиынтығын 
ұсынады.  Жиі  қолданылатын  форматтау  операциялары  үшін, 
Форматтау  құралдар  панелінде  батырмалар  бар,  олар  кестені 
безендіру кезінде қажет болады. 
Форматтау  функциялары  көмегімен  біраз  операцияларды 
орындауға  болады,  мысалы,  баған  енін  немесе  жолдың  биіктігін 
өзгерту, ұяшықтың мəтіні үшін шрифт өлшемін жəне типін анықтау, 
сандардың  разрядтылығын  үлкейту  (кішірейту),  кестені  жиектеу  
жəне т.б. орындау. 
Форматтауды  орындаудан  бұрын,  ұяшықты  немесе  ұяшықтар 
тобын белгілеу керек, оларға команданың əрекеті таралады. Егер, сіз 
ұяшықтар  диапазонын  белгілеуді  ұмытсаңыз,  онда  форматтау  тек 
белсенді, яғни белгіленген ұяшыққа ғана жасалады. 
Форматтауды  кестенің  тақырыбынан  бастаңыз.  Тақырыпты 
безендіру  үшін,  оны  жартылай  жуан  шрифтпен  белгілеңіз.  Ол  үшін 
кесте  тақырыбы  жазылған  В1  ұяшығын  белгілеп  алыңыз,  содан  соң 
құралдар   панелінде   жартылай   жуан   
   батырмасын басыңыз. 
Тақырып  шрифтінің  өлшемін  үлкейту  үшін,  Өлшемі       
 
батырмасына  тышқанмен  шертіңіз  де,  жаңа  өлшем  таңдаңыз, 
мысалы,  14.  Шрифт  түсі  батырмасына  басып,  шрифтің  көк  түрін 
орнатыңыз. 
«Жалақыны есептеу кестесі» тақырыбын жеті бағаны бар барлық 
кестеге қатысты ортасы бойынша түзету керек. Бұл үшін кестенің A1 
жəне  G1  ұяшықтарын  кестенің  ені  бойынша  белгілеу  керек  жəне 
Біріктіру және ортасына орнату батырмасын 
 басу керек. 
Excel  бағдарламасында  үнсіз  келісім  бойынша  ұяшыққа  енгізуде 
барлық  сандық  мəндер  оң  жақ  шетімен,  ал  мəтін  сол  жақ  шетімен 
түзетіледі.  А  бағанында  орналасқан,  қызметкерлердің  реттік 
нөмірлерін    ортасы     бойынша     
    түзетеміз.  Әр  қызметкердің 
нөмірлерін бөлек, Ортасы бойынша түзету батырмасын қолданып, 
жеке  форматтау  жасамау  үшін,  əуелі,  тышқанмен  баған  нөміріне 
басып,  А  бағанын  толық  белгілеу  керек,  содан  соң  форматтауды 
қолданамыз. 
Сонымен қатар, бағанды толық белгілеу үшін, [Ctrl] + [Бос орын] 
пернелер  комбинациясын  қолдануға  болады,  бірақ  бұл  жағдайда  А 
бағанының кез келген ұяшығына курсорды орнатуды ұмытпаңыз. 


258 
 
Ұяшықтағы  мəтінді  көлденең  жол  бойымен  орналасқан 
белгіленген ұяшықтарының блогы ішінде түзетуге болады. 
Жолдарды  белгілеу.  Белгілеудің  басқа  түрлерін  қарастырайық. 
Егер,  толық  жолды  белгілеу  керек  болса,  онда  терезенің  сол  жақ 
бөлігіндегі  жолдың  нөміріне  тышқанмен  шертіңіз  немесе  [Shift]  + 
[Бос орын] пернелер комбинациясын басыңыз. 
Егер  бірнеше  жолды  белгілеу  керек  болса,  олардың  біріншісіне 
шертіңіз  де,  тышқанның  батырмасын  жібермей,  басқаларын 
белгілеңіз.  Барлық  жұмыс  бетін  белгілеу  үшін,  [Ctrl]  +  [A]  (лат.) 
пернелер  комбинациясын  қолданыңыз  немесе  жолдар  мен 
бағандардың қиылысындағы Бәрін белгілеу батырмасын басыңыз. 
Қою  және  өшіру.  Ұяшықтарды, жолдар немесе бағандарды қосу 
керек  болса,  Қою/Ұяшықтар...,  Қою/Жолдар  жəне  Қою/Бағандар 
командаларын  қолданасыз.  Белгіленген  бағандар  мен  жолдарды 
өшіру Түзету/Өшіру командасымен орындалады. 
Сөздер  бойынша  тасымалдау.  3  жолда  орналасқан  кесте 
бағандарының 
атауларына 
форматтау 
жүргізейік. 
Кесте 
бағандарының  атауларын  енгізгенде,  терілген  барлық  мəтін  көріну 
үшін, бізге бағанның енін кеңейтуге тура келді. Бұл кесте бағанының 
атауын  безендірудің  бұл  тəсілі,  мəтін  шағын  өлшемде  болса  ғана 
қолданылады.  Егер,  сөзді  тасымалдау  ұяшықтың  ішінде  орындалса, 
баған атаулары біршама əдемі көрінеді. 
Біздің  кестенің  бағандарының  атауларын  безендіру  үшін,  бұл 
тəсілді қолданайық: 
•  3 нөмірімен жолды белгілейік; 
•  Формат мəзірінен Ұяшықтар... командасын таңдап алайық; 
•  ашылған  сұхбат  терезесінің  Түзету  қосымша  терезесінен  
Сөздер  бойынша  тасымалдауды  белгілейік  (11.18-сурет).  Ортасы 
бойынша көлденең жəне тік түзету орнатуды ұмытпаңыз; 
Сандарды  форматтау.  Кестедегі  сандарды  форматтауды 
жүргіземіз.  Excel-де  үнсіз  келісім  бойынша  сандардың  мəндеріне 
Жалпы форматы беріледі. 
Көп жағдайда жалпы форматтағы сандар олар енгізілген тəсілмен 
ғана  көрінеді.  Алайда,  ұяшықтың  ені  барлық  санды  көрсетуге 
жеткіліксіз  болса,  жалпы  сандық  формат  санды  жуықтайды  немесе 
үлкен сандар үшін экспоненциалды түрде көрсетеді. 
Жалпы  форматтағы  мəндер  пернетақтадан  енгізілген  немесе 
есептеулер  нəтижесінде  алынған  түрде  көрсетіледі.  Сондықтан  да, 
біздің  кестеде  барлық  сандардың  үтірден  кейін  белгілер  саны  əр 
түрлі. Қаржылық есептеулерде, сандарда үтірден кейін екі белгі болу 
керек,  сондықтан,  барлық  сандарды,  оларды  қажетті  түрге  келтіру 
үшін, форматтау керек. 
Сандарды  форматтауды  əр  түрлі  тəсілдермен  жасауға  болады. 
Кестенің  əр  түрлі  бағандарын  форматтай  отырып,  олардың 
кейбіреулерін жеке қарастырайық 


259 
 
 
11.18. –сурет. 1 Сөздер бойынша тасымалдау тапсырмасы 
1. 
Формат  мəзірін  қолдану  арқылы  сандарды  форматтау.  Біздің 
кестедегі  С  бағанында  орналасқан  жалақы  көрсеткіштеріне  форматтау 
жасайық. 
Іс – əрекеттер реті келесідей: С4 -тен С12 – ге дейінгі ұяшықтар 
блогын белгілеу; 
• 
Формат/Ұяшықтар..., командасы арқылы форматтау терезесін 
шақыру; 
• 
Сан деп аталатын қосымша ішкі терезесіне ауысу (11.19- сурет); 
• 
Ақшалай форматын таңдап, 2-ге тең ондық белгілер санын 
орнату, 
 ақшалай бірлікті көрсетпей, ОК батырмасын басу. 
11.18. –сурет.  Сандық форматты таңдау 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау