Дәріс жоспары: - Дәріс жоспары:
- Кіріспе сөз.
- Бенджамин Блум туралы өмірдерек.
- Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.
- Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
- Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны.
- Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар.
- Оқушыларға (үйренушілерге) қойылатын сұрақтар (мысалдар).
- Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың білімін бағалау балын бөлу жобасы (танымдық қабілеттерінің даму деңгейі).
- Күнделікті сабақ жоспарының жобасы.
- Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау кестесі.
Мақсат қою туралы - Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы
- білуі керек.
- * * *
- Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.
- * * *
- Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра
- алады.
- * * *
- Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың
- керек.
Таксономия түсінігі - Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
- Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
- Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Блум таксономиясы - Бенджамин Блум
- (1913-1999)
- Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу». - 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді. - ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.
Блум таксономиясы - Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі - І. Білу.
- Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
- Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
- Шәкірт:
- Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
- Нақты фактілерді біледі;
- Жұмыстың орындалу ретін біледі,
- Негізгі ұғымдарды біледі;
- Ережелерді, қағидаларды біледі.
- Тапсырмалар түрі:
- Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну. - ІІ. Түсіну.
- Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
- Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді
- атқаруды атауға болады:
- Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
- мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген
- мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
- Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
- Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
- болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
- Шәкірт:
- Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
- Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
- Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
- Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
- Тапсырмалар түрі:
- Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара
- байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз;
- графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
- ІІІ. Қолдану.
- Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
- Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
- Шәкірт:
- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
- Тапсырмалар түрі:
- Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті
- бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
- ІV. Талдау.
- Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
- Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
- Шәкірт:
- Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
- Тапсырмалар түрі:
- Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
V. Жинақтау. - V. Жинақтау.
- Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
- Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
- Шәкірт:
- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
- Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
- Тапсырмалар түрі:
- Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз,
- бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
- VІ. Бағалау.
- Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
- Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын
- білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
- жеткізуді меңзейді.
- Шәкірт:
- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны - Білу түрінің мазмұны:
- Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi:
- жабық тест тапсырмалары;
- қалдырып кеткен белгiлердi қою;
- жатқа айту;
- анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Түсіну түрінің мазмұны: - Түсіну түрінің мазмұны:
- мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру;
- есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау.
- ұқсастықтарды анықтау;
- айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.
- «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
- Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау:
- ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену;
- ”Салыстырыңыздар”,
- ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.
2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: - 2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру:
- формуланы сөзбен айтып беру;
- графиктi оқып беру;
- суреттi түсiндiру;
- мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.
- 3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.
- 4. Анықтамалар:
- атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу;
- таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).
- Қолдану түрінің мазмұны:
- Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру;
- оқушы/студент мұғалiмнiң/оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек;
- ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.
- Талдау (анализ) түрінің мазмұны:
- зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу;
- оқушы/студент әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.
- Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.
- Талдаудың түрлерi:
- 1. Негiзiн тану;
- 2. Астарлы мағынаны ажырату;
- 3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау.
1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту. - 1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
- 2. Астарлы мағынаны ажырату – екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
- 3.Мотивация – себептердi айқындау. Оқушы /студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
- Синтез түрінің мазмұны:
- жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру;
- болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
- Жұмыс және нәтиже түрлерi:
- шығармашылық жанрлар.
- жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу.
- абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.
- Бағалау түрінің мазмұны:
- даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдейді;
- оқушылар /студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздейді;
- оқушылар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.
Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар мазмұны - Білу
- Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау.
- Түсіну
- Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеп беру, мәлімдеп беру, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау
- Қолдану
- Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау (рөлді орындау), практикада қолдану, иллюстрациялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу.
- Талдау (анализ)
- Бөліп шығару, талдау, бөлу, баға беру, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, категорияларға бөлу.
- Жинақтау (синтез)
- Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, құрастыру/ретімен қою, жинақтау, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру.
- Бағалау
- Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру.
Таным мен ойлау деңгейі бойынша: - Таным мен ойлау деңгейі бойынша:
- білу шкаласын «төменгі» деп бағаланады;
- түсіну мен қолдану шкаласын «орта» деп бағалаймыз;
- Талдау (анализ), синтез және бағалау шкалаларын «жоғарғы» деп бағаланады.
Оқушыларға (үйренушілерге) қойылатын сұрақтар (мысалдар) - Білу
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- Бастауыш деген не?
- Жай бөлшектер қалай жазылады?
- Египеттiң астанасы қай қала?
Түсіну - Түсіну
- 1. Түсiндiрме:
- Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?
- Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.
- 2. Аударма:
- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
- Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
- 3.Мысалдар:
- Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер.
- 4.Анықтамалар:
- 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;
- Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.
- Қолдану
- оқушыларда /студенттер де метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
- “Қалай қолдануға болады? Жасап көр. Не бiлгiң келедi? Таблица, график жаса” тапсырмаларына сәйкес.
Талдау (анализ) - Талдау (анализ)
- 1. Негiзiн тану:
- әңгiме бөлімдерінің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз;
- теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
- 2. Астарлы мағына:
- зейнетақы реформасының мәнi қандай?
- “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?
- 3. Мотивация:
- Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?
- жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?
Синтез - Синтез
- 1. Шығармашылық жанрлар - эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
- 2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
- 3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
- Бағалау
- «Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс /бұрыс, маңызды ма/ емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
1-2.Пәндер бойынша тапсырма түрлері - 1.Білу
- 1.Зат есімге анықтама беріңіз.
- 2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?
- 3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
- 4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.
- 5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.
- 2.Түсіну
- 1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
- 2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
- 3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
- 4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.
- 5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?
3-4.Пәндер бойынша тапсырма түрлері - 3.Қолдану
- 1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
- 2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
- 3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
- 4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
- 5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз.
- 4. Жүйелеу (Талдау)
- 1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған?
- 2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы.
- 3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.
- 4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.
- 5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.
5-6.Пәндер бойынша тапсырма түрлері - 5.Жинақтау (синтез)
- 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз.
- 2.И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.
- 3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
- 4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
- 5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.
- 6.Салыстырмалы бағалау
- 1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?
- 2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
- 3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
- 4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
- 5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?
Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың білімін бағалау балын бөлу жобасы (танымдық қабілеттерінің даму деңгейі) | | | | | | - Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіру.
| - Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар.
| - Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
| | | - Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы.
| - Өз ойларыңды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер.
| - Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
| | | | | | | | - Ережелерді, әдістерді, заңдарды, ұғымдарды, қағидаларды, теорияны қолдану. Оқушы жаңа жағдайларда ұғымдар мен қағидаларды пайдаланады, әдісті немесе әрекетті дұрыс қолдануын көрсетеді.
| - Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар.
| - Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблеме шешеді.
| | | - Біртұтастың бөліктерін белгілеу: олардың өзара байланысын айқындау; тұтасты ұйымдастыру қағидаларын түcіну. Оқушы қисынды ойланудағы қатерлері мен кемшіліктерін көрсетеді.
| | - Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.
| | | | | | | | - Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға).
| - Құрайық, ойланайық (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін.
| - Ойланып табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады. Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
| | | - Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылғын, керектігін анықтау, пайымдау.
| - Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар.
| - Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
| | С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбындағы сабақ мақсатының алгоритмі - Білу
- Түсіну
- Қолдану
- Жүйелеу (талдау)
- Жинақтау
- Бағалау
| - Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.
- «Адам болу» дегенді қалай түсінесің? Ақынша «адам болуға» қандай қасиеттер кедергі жасайды? Қандай қасиеттер оған жақындатты?
- Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өздеріңе әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.
- Қалай ойлайсыңдар, ақын арманына жетті ме? «Адам болу» мақсаты орындалды ма? Ойларыңды ақын өмірі, соңғыға қалдырған мұрасы арқылы дәлелдеңдер.
- «Ақын арманы» немесе өз қалауларың бойынша ат қойып, шағын шығарма-толғау жазыңдар. «Адам болу - мұратым» атты ауызша сұхбат жүргізіп, пікірлесіңдер.
- Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өзіне әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.
| Мақсат пен баллдық көрсеткіш арасындағы эталондық қатынас | - Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері
| | - Білу:
- Мақсаттың бұл категориясы оқыған материалды есте сақтауды қайталап беруді білдіреді.
| - Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді біледі.
- Нақты фактілерді біледі.
- Негізгі ұстанымдар мен ережелерді біледі.
| | - Түсіну:
- Берілген материалды өз сөзімен басқа формада жеткізе алады.
| - Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді түсінеді.
- Мәтінді басқа (графикалық, диаграмма) формада жеткізе алады.
- Нәтижеден туындайтын затты, құбылысты немесе нәтиженің келешегін болжай алады.
| | | - Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері
| | - Қолдану:
- Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану біліктілігін көрсетеді.
| - Әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану.
- Нақты жағдайларда ілімді, заңдылықты орнынша пайдалану.
- Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді жаңа жағдайға пайдалана алады.
| | - Жүйелеу (талдау):
- Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу.
| - Жасырын болжамды айқындау.
- Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді көре білу.
- Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырата білу.
| | | - Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері
| | - Жинақтау (пайымдау):
- Кешегі білімі мен бүгінгісіне сүйене отырып, ойды жинақтап түйін түю.
| - Болжам жасау.
- Эксперимент жоспарын құру .
- Проблеманы шешу проектісін жасау.
| | - Бағалау:
- Оқыған материалдың құндылығын бағалау.
| - Материалдың қажеттілігін айқындай білу.
- Жасалған қорытындының жарамдылығын бағалай білу.
| | | | | - Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?
| | - Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?
| | - Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?
| | - Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?
| | - Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?
| | - Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.
| | | - Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.
| | | - Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.
| | | - Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.
| | | - Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.
| | | - Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?
| | | - Пайдаланылатын етістіктер
| | - еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу
| | - қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау
| | - көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу
| | - ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу
| | - тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау
| | - жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау
| | | | | | | | - Проблема, ситуация
- тудыру арқылы оқушыға ой салу.
| - Өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді.
| | | - Ынтасы қызығушы-
- лығы
- артады.
| | - Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді,
- ұйымдастырады.
-
| - Қойылған проблемаға өзіндік көзқарасын қалыптастырады
| | - Бірін-бірі бағалау
- 4 балл
| - Танымпаз-
- дық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
| | | | | | | | - Көмек нұсқау, т.б.
- дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
| - Білімді терең, жете меңгеру үшін өзінің барлық іскерлігін пайдалану.
| - Қосымша
- Материал-дармен жұмыс
| | - Оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі қалыптасады
| | - Топ жетекшілері , консультант оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады.
| - Өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
| | | - Өзін топта ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады.
| | | | | | | | - Жеке оқушылар ойын жинақтап түйін түю әректін жасайды.
| - Өз жауаптары-ның жоспар тезисін жасай отырып, өз ойын мәнді жеткізуге тырысады.
| - Қойылған проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасаттыру.
| - Өзіндік
- қорытынды
- баға
- 10 балл
| - Өз білімін бағалауға дағдыланады, сыныппен арадағы ынтымақтастық
- пайда болады.
| | - Қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу.
| - Қойылған проблеманың ақ-қарасын ажырата білу.
| - Жеке жұмыс
- өмірлік мәні бар ситуация тудыру.
| | - Алған білімін
- өмірде
- пайдалануға
- дағдыланады
| Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау кестесі - Мектеп N..... Сынып ........... Пән .............. Мұғалім ........................
- Мерзімі «.......»...............
Ескерту: Бірінші бағанға оқушының тегі, аты-жөні жазылады. Одан әрі + белгісімен осы оқушының бақылауға (диагностикалау) алынған кездегі танымдық қабілетінің деңгейі көрсетіледі. - Ескерту: Бірінші бағанға оқушының тегі, аты-жөні жазылады. Одан әрі + белгісімен осы оқушының бақылауға (диагностикалау) алынған кездегі танымдық қабілетінің деңгейі көрсетіледі.
- ІІІ деңгей тапсырмалары – «білу» және «талдау» деңгейіне;
- ІІ деңгей тапсырмалары – «қолдану» және «талдау» деңгейіне,
- І деңгей тапсырмалары – «топтау» және «білімін бағалау» деңгейіне сәйкес келеді.
-
- Егер оқушының шамасы тек қана ІІІ (жеңілдетілген) деңгей тапсырмаларына жететін болса, оның танымдық қабілеттерін даму деңгейі ең төменгі талап деңгей - «білу» және «түсіну» ауқымында. ІІ деңгей тапсырмаларын орындайтын оқушы «топтау» және «білімін бағалау» деңгейінде.
- Зерттеу жүргізілгенде диагностиканы оқу жылының басында және соңында 3-4 жыл бойына өткізуге болады. Бұл жеке оқушының да, сыныптың барлық оқушыларының да танымдық қабілеттерінің даму динамикасы анықтауға мүмкіндік береді.
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |