260
Бұл əрекеттерді жүргізгеннен кейін, форматталған бағандағы сандар
үтірден кейін екі белгіге дейінгі дəлдікпен көрсетілетін болады. Бұл
Excel бағдарламасы есептеулер нəтижесін еске сақтайтынын, ал
қолданушы өзінің қалауымен олардың көрсетілуін таңдай алатынын
білдіреді.
2.
Жанама мəзір көмегімен сандарды форматтау. Мұндай
форматтауды біздің кестенің D бағанында орналасқан, сыйақы мəндері
үшін жүргізейік.
Бұл үшін, D4:D12 ұяшықтар блогын белгілейміз, курсорды
белгіленген ұяшықтар блогына əкелеміз жəне тышқанның оң жақ
батырмасымен басамыз (бұл жағдайда жанама мəзір ашылады), содан
кейін Ұяшықтар форматы командасын таңдаймыз.
Бұл əрекеттерді орындаған соң, Ұяшықтар форматы терезесі
ашылады да, онда үтірден кейін екі белгісімен қаржылай бірлікті
көрсетпей, Қаржылық форматты орнатамыз. Бұдан кейін D баған
сандарының мəні қойылған форматта көрсетіледі.
3.
Үлгі бойынша форматтауды қолдану арқылы сандарды форматтау
(Е бағанының сандары үшін). Қолданушылар бұл тəсілді сирек
қолдануы, оның жаман немесе ыңғайсыздығынан емес, үлгі бойынша
форматтау тəсілімен қолданушылардың бəрі бірдей таныс емес.
Ең əуелі бізге қажетті формат орнатылған ұяшықты белгілеу керек,
мысалы, D4 ұяшығын.
Енді құралдар панелінен
суретімен батырманы тауып, оны
басамыз. Бұл ретте, курсордың қасында қылқалымы бар сурет пайда
болады. Е4-тен Е12-ге дейінгі ұяшықтар блогын белгілеп алайық. Біз
белгілеуді аяқтап, тышқанды жібергенде, көрсеткіштер D4
ұяшығындағы сияқты түрін қабылдайды.
4.
Құралдар панеліндегі батырмалар көмегімен сандарды
форматтау. Ұяшықтардағы сандардың разрядтылығын құралдар
панеліндегі
батырмалар көмегімен үлкейтуге немесе кішірейтуге
болады. F бағанындағы сандарды форматтауды осы батырмаларды
қолдану арқылы жүргізіңіз. Бұл үшін F4:F12 ұяшықтар блогын
белгілеңіз жəне разрядтылықты көбейту - кішірейту батырмаларын
қолдана отырып, сандардың разрядтылығын орнатыңыз – үтірден кейін
екі белгі.
G бағанының сандары бойынша
Ақшалай формат
батырмасының көмегімен форматтау жасаңыз да, бұл бағанның
сандарын белгілеуді ұмытпаңыз.
Форматтау барысында бағандардың енін өзгерту қажет болуы мүмкін.
Біз баған шекарасын, яғни, баған атауын қажетті еніне дейін тышқанмен
жылжыту арқылы, бағанның енін өзгертудің бір тəсілін қарастырғанбыз.
Кестені жиектеу. Кестені жиектеу үшін оны толық (A3:G12 ұяшықтар
блогы) белгілейміз жəне Формат/Ұяшықтар командасын қолданамы
з.
261
ызық
11.20 – сурет. Кесте шекараларын орнату
Ашылған терезенің Шекара ішкі терезесінен сызықтың типін
таңдаймыз да, тышқанның көмегімен ол белгіленген диапазонның
қай бөлігіне – сыртқы немесе ішкі шекараларға жататынын
көрсетеміз (11.20- сурет). ОК батырмасын басқан соң, кестенің
айналысында с тар пайда болады, сол сияқты, шекара
батырмасының
көмегімен белгіленген ұяшықтар үшін өзіңіз
таңдаған жиектеуді орындауға болады (11.21- сурет).
Түсті өзгерту.
Батырмалар көмегімен белгіленген
ұяшықтардың берілгендерінің фон жəне шрифт түстерін өзгертуге
болады. Түс батырмасының оң жағында орналасқан Тізім
батырмасы безендіруді орындау үшін, кез келген түстер жиынтығын
ашады. Кесте бағандарының атауының фонына көгілдір түс
орнатайық.
Соңында қорытынды бағанды жартылай жуан жəне курсив
шрифтерімен белгілейміз.
Сізге қашанда ұяшықтарды форматтау мүмкіндіктері туралы
анықтаманы Excel –дің анықтама жүйесінен алуыңызға болатынын
ескертеміз. Көмек жүйесін анықтама мəзірінен немесе [F1] пернесін
басу арқылы ашуға болады. Бұл жағдайда қажетті ақпаратты іздеу
үшін, іздеу сөзін енгізіп, Табу батырмасын басу
керегін ұмытпаңыз.
11.21 – сурет. Кестелерді жиектеу нұсқалары
262
Форматтау барысында жиі кездесетін сұрақтар
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. Толық бағанды, толық жолды қалай белгілеп алуға
болады?
Жауап. Толық бағанды белгілеу үшін [Ctr]l + [Бос орын]
пернелер комбинациясын қолдануға болады, бірақ, бұл жағдайда
курсорды А бағанының кез келген ұяшығына орнатуды ұмытпаңыз.
Сол сияқты, баған нөміріне басқанда, баған толық белгіленеді.
Егер, жолды толық белгілеу керек болса, тышқанмен жұмыс
терезесінің сол жақ бөлігіндегі жол нөміріне шертіңіз немесе [Shift]
+ [Бос орын] пернелер комбинациясын қолданыңыз.
Сұрақ 2. Ұяшыққа енгізілген мəтін немесе сан қалай орналасады?
Жауап. Excel бағдарламасында үнсіз келісім бойынша барлық
сандық көрсеткіштерді ұяшыққа енгізгенде, олар ұяшықтың оң жақ
шетіне, ал мəтін сол жақ шетіне орналасады.
Сұрақ 3. Сөздер бойынша тасымалды қашан қолдануға болады?
Жауап. Егер ұзын мəтінді бір ұяшықтың ішіне, бірнеше жолдарға
орнату қажет болса, сөздер бойынша тасымал қолданылады.
Сұрақ 4. Жалпы форматта сандар қалай көрсетіледі?
Жауап. Excel-де үнсіз келісім бойынша сандық көрсеткіштерге
Жалпы форматы орнатылады.
Жалпы форматтағы мəндер пернетақтадан енгізілген немесе
есептеулер нəтижесінде алынған түрде көрсетіледі.
Сұрақ 5. Баған енін өзгертудің қандай тəсілдері бар?
Жауап. Баған енін өзгертудің ең көп қолданатын тəсілінің бірі -
баған шекарасын, яғни, баған атауын қажетті еніне дейін тышқанмен
жылжыту болып табылады.
Бағанның оңтайлы енін таңдау үшін, баған атауында бағанның
сол жақ шекарасына екі рет шерту керек.
Бағанның енін Формат/Баған/Ені командаларымен өзгертуге
болады.
11.6.
Диаграммаларды құру
Ақпаратты өңдеу жəне талдау барысында оның графикалық
көрсетілуі үлкен рөл атқарады. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі,
графиктер мен диаграммалар бағандағы сандарға қарағанда, біршама
оңай қабылданады. Excel қолданушыға диаграммалар құрудың
күшті құралын ұсынады, олардың ең негізгілерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |